Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, КМҚЖ №118 бөбекжай-балабақшасында “Жас аналар мектебімен жұмыс,қазақ қыздарының шаш үлгісі” тақырыбында аудандық семинар өтті.
Шаш өру қазақ қызына тән әдептілік, шаштың көркі, шаш күтімі оны тарау, өсіру, өруді өзі үлкен бір тәрбие мектебі десе де болады.
Іс-шараның басты мақсаты: қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу.Салт-дәстүрімізді білу.«Тазалық-денсаулық пен сұлулық кепілі» екендігін түсіндіру.
Семинарды балабақша меңгерушісі Алмабаева Райхан Капашевна өзінің алғы сөзімен бастады. Ары қарай балабақша тәрбиешісі Алимбаева Дана Абдинабиевна шаш туралы, шашқа тағылатын әшекейлер, шаш өрудің түрлері туралы жалпы мағлұмат беріп өтті. Келген қонақтарға бұрыннан сақталып келе жатқан, шашқа байланысты көне заттың атауын жасырды. “Шашқап” деп дұрыс тапқаны үшін қонаққа сыйға тартты. Кейін ортада әже -Корганова Гульжамиля Мирзакаримовна өзінің келіндерімен, немерелерімен шығып көрініс қойды. Шаш туралы әжеміз кеңінен ой тарқатып, біз біле білмейтін көп мағлұмат беріп, өзінің тәрбиесімен бөлісті. Әженің бірінші келіні “Шашбау” туралы ақпаратпен бөліссе, екінші келіні “Шашбау” түрлерін атап өтті. Үшінші , төртінші келіні “Шолпы” туралы түсіндіріп өтті. Келген қонақтар әжеміз бен келіндерінің мәліметтерін тыңдап, қоржындарына іле кеткені сөзсіз. Әжеміз көріністің соңын бата берумен аяқтады. Келіндер қыздарының шашын өріп, ортаға шығарып, қонақтарға көрсетті.
Кейін ортада сән көрсетілді. Балабақша бүлдіршіндері бірі асық болып киінсе, қалғаны домбыра, қобыз, торсық, киіз үй, батыр, сандық болып киініп бәрімізді таңқалдырды. Кейін қыздарымыз мың бұрала би биледі. Осындай керемет сән үлгілерін ойластырып, әдемі би билеткен ән-күй жетекшісі- Сыздыкова Гүлжан Мәлікқызының еңбегін түртіп айтып кетпесек болмас. Іс-шараның соңында қонақтармен тренинг өткізілді. Ортаға киіз үй қойылып, ілінген сұрақтарға сұрақтарға жауап берілді. Тренинг “Ақтілек” ойынымен аяқталды. Ол ойында мозайкадағы әріптерді құрау арқылы бір сөзді шығару керек болды. Қонақтар өз сөздерін құрап, артынша семинар туралы пікір алмасты.
Осындай керемет іс-шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған балабақша әдіскері Оспанова Гульнара Сагидоллаевнаның еңбегінде айтып өтпеске болмас. Іс- шара жоғары деңгейде өтті. Ұлттық құндылықты дәріптеп, бүлдіршіндерге ұлттық тәрбие беріп отырған №118 барша балабақша ұжымына және меңгеруші Алмабаева Райхан Капашевнаға мың алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз!
Алматы қаласы
BILIM AINASY
Елназ Тұрсынғалиқызы