Home » статьи » Менингококк инфекциясының алдын алу шаралары

Менингококк инфекциясының алдын алу шаралары

2024 жылдың басынан бері Алматы қаласында зертханалық нақтыланған менингококк инфекциясының 8 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3 жағдай және ересектер арасында 5 жағдай. 2023 жылдың осы кезеңінде менингококктық инфекциясының 7 жағдайы тіркелген, оның  ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2 жағдай.

Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша менингококк инфекциясының ошақтарында науқаспен байланыста болған 269 адам тексерілді, олардың ішінде бактерия тасмалдаушысылар анықталмады.

Алдын алу мақсатында менингококк инфекциясына 11194 адам тексерілді, оның ішінде жабық мекемелерге қабылдау кезінде 5553 адам және «қауіп тобындағы» 5641 адам, олардың арасында инфекция тасымалдаушылар анықталған жоқ.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті төмендегі ақпаратты еске салады. Менингококк инфекция – Neisseria meningitides бактериясы тудыратын жіті инфекциялық ауру. Менингококкинфекцияның инкубациялық кезеңі 2 күннен 10 күнтізбелік күнге дейін созылады, жиірек 2-4 күн болады.

Менингококк инфекциясының ауырлық дәрежесін азофарингиттен басталып ауыр түрдегі сепсиске дейін ауытқып, бірнеше сағат ішінде өлімге әкелетін ауыр инфекция. Ауру ауа тамшылары арқылы беріледі (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде). Менингиттің алғашқы белгілері спецификалық емес, жалпы суықтың белгілеріне ұқсас (температураның көтерілуі, бас ауруы).

Негізгі клиникалық көріністерге мыналар жатады: дене температурасының 39,0 С° және одан жоғары күрт көтерілуі, төзімсіз бас ауруы, жеңілдік әкелмейтін алдын ала жүрек айнуынсыз құсу, геморрагиялық бөртпе, мойын бұлшықеттерінің кернеуі, тыныс алудың бұзылуы, тежелу, сананың шатасуы.

Инфекция көзі ауру немесе белгілері жоқ тасымалдаушылар болып табылады.

Менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық маусымдылықпен сипатталады, көбінесе аурушаңдық күзгі-қысқы кезеңде тіркеледі, тіркеу наурыз-сәуір айларында жалғасады. Өйткені, бұл уақытта адамның иммундық жүйесі жылдың осы уақытында белсендірілетін көптеген вирустармен — ЖРВИ, тұмау және т.б. әсерінен әлсіреген. Иммунитеті толық қалыптаспағандықтан көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ қоғамдық орындарда клубтарда, адамдар көп жиналатын жерлерде, шылым шегу, ортақ сусын ішу сияқты көптеген қауіп факторларының жиынтығымен ерекшеленетін жасөспірімдер мен жас адамдар ауырады.

Менингококк инфекциясының алдын алу мақсатында оңтүстік мегаполистің эпидемиологтары келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

  1. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде, асқынып кетуді болдырмас үшін, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды.
  2. Адам көп жиналатын жерлерге бармау керек.
  3. Ауырып қалмау үшін және айналадағы адамадарға ауру жұқтырмау үшін, мұрын-жұтқыншақтарының жіті және созылмалы ауруларды(фарингит, назофарингит, тонзилит, ларингит) уақтылы емдеу керек.
  4. Таза ауада серуендеу керек.
  5. Витаминдермен, микроэлементттермен байытылған толыққанды және үйлесімді тамақтану, спортпен шұғылдану, ағзаны шынықтыру иммунитттің жоғарлауына әсер етеді.
  6. Бөлмені күніне 2 реттен кем емес жиі желдету.
  7. Жөтелген, түшкірген кезде бір реттік орамал пайдалану керек.
  8. Қолды сабынмен мұқият жуу.
  9. Кішкентай балаларға күтім жасау кезінде, тек оларға арналған жеке ыдыс-аяқ пайдаланып, баланың ыдыстарын мұқият жуу және зарарсыздандыру қажет.
  10. Ересек адамның шырышты қабатының микрофлорасымен ластанбауы үшін ересектерге балалардың емізіктерін жалауға болмайды.
  11. Қандай да бір катаральды белгілер пайда болған кезде, балалар мен жақын адамдарыңызды сүюден аулақ болыныз.

Өкінішке орай, көп ата-аналар аурудың қаншалықты қауіпті екендігін білмегендіктен, білікті медициналық көмектен бас тартады, немесе дер кезінде медициналық көмекке жүгінбей дәрігерге кеш қаралады.

Менингококк инфекциясының кенеттен басталуын және ауыртпалығын ескере отырып, оның алғашқы белгілері пайда болған кезде мүмкіндігінше ертерек дәрігерге жүгіну қажет, себебі кез келген жастағынауқастың өмірін сақтап қалуы осыған байланысты болады. Менингит қауіпті инфекциялардың ондық қатарына кіреді, сондықтан сақ болыңыз.

 Қасымхан Алпысбайұлы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*