Home » статьи » Сұлулық салондарында парентеральды инфекциялардың алдын алу.

Сұлулық салондарында парентеральды инфекциялардың алдын алу.

Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы  
Толқынбеков  Мақсат Мырзабекович.

Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының СГБ ж/е ҚТРБ бөлімінің
жетекші маман: Сариева Умит Сериковна

Бүгінгі таңда адамдар косметологиялық салондар мен шаштараздарға (маникюр, педикюр, татуировка, пирсинг, қырыну) жиі барады. Сұлулық салондарында парентеральды инфекциялардың таралу қаупі бар екенін бірі білсе, бірі біле бермейтіні анық. Парентеральды вирустық инфекциялар қан және биологиялық сұйықтықтар  (сілекей, сарысу, шәует ж.т.б.) арқылы берілетін инфекциялар. Олардың ішіндегі эпидемиологиялық қауіптісі адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ), В және С вирусты гепатиттері болып табылады.
Медициналық ұйымдарда, косметологиялық салондарда, шаштараздарда қауіпсіздік техникасы, дезинфекциялық-зарарсыздандыру режимі сақтамаған жағдайда қызмет алушының да, қызмет көрсетуші тараптың да осы инфекцияларды жұқтыру қаупі өте жоғары.
Қызметкерлер инфекция жұқтырған пациенттерге  қарапайым манипуляциялар жүргізу кезінде  (стоматологиялық операциялар,қан алу, инъекциялар, тамырларды катетеризациялау, биопсия, органдарды трансплантациялау және т.б.), косметологиялық салондар мен шаштараздарда (маникюр, педикюр, татуировка, пирсинг, қырыну)  процедураларын жүргізу кезінде жарақат алған жағдайда жұқтыруы мүмкін. Сонымен қатар шаштараздарда, косметологиялық салондарда, халыққа пирсинг пен татуажды жүзеге асыратын  жұмысшылары  жұқтыру қаупіне бейім келеді.
Қызмет көрсету барысында тек қызмет алушы тұрғындардың  инфекциялық қауіпсіздігін ғана емес, қызмет көрсетуші адам өздерінің де қауіпсіздігін қадағалаулары керек.
Сондықтан, парентеральдық жолмен таралатын  инфекциялардың алдын алу үшін келесі ережелерді қатаң сақтаулары қажет:
— медициналық ұйымдарда, косметологиялық салондарда, шаштараздарда бір рет қолданылатын құрал-саймандарды қолдану, оларға уақытылы дезинфекция және стерильдеу жүргізу;
— бір рет қолданылатын шприцтерді қолданғаннан кейін иненің қақпағын қайта кигізуді болдырмау;
— күмәнді орындарда косметологиялық процедуралар (маникюр, педикюр, татуировка, пирсинг, қырыну) жүргізбеу;
— қолдың қанмен, сарысумен немесе басқа биологиялық сұйықтықтармен ластануы мүмкін барлық манипуляцияларды  орындағанда тері жабынын, көзді, ауызды және сілемейқабықты, қолды биологиялық сұйықтықтармен жанасудан қорғайтын жеке қорғаныш құралдарын қолдану;

Татуировка салонына, сұлулық салонына немесе сұлулық орталығына бару әртүрлі аурулардың, атап айтқанда В немесе С гепатитінің дамуына себеп болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында халыққа косметикалық және шаштараз қызметтерін көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын талаптар регламенттелген. Терінің немесе шырышты қабықтың ықтимал зақымдануымен манипуляциялау үшін қолданылатын құралдар (маникюр, педикюр, косметикалық қызметтер) нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес дезинфекцияланады, зарарсыздандыру алдындағы тазартылады және зарарсыздандырылады. Құралдарды зарарсыздандыру үшін пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жабдық, аппаратура және материалдар пайдаланылады. № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сәйкес тері жамылғысының тұтастығын бұза отырып айла-шарғы жасайтын объектілердің қызметкерлері жұмысқа түскен кезде және жыл сайын В және С вирустық гепатиттерінің маркерлеріне тексеріледі.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*