Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы Сисенов Дархан Алдонгарович.
Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының СГБ ж/е ҚТРБ бөлімінің
бас маман: Имангалиева Эльмира Аскатбековна
Жасөспірімдер арасында темекі шегу.
Жасөспірімдердің темекі шегуі қазіргі уақытта маңызды медициналық, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық проблемалардың бірі болып табылады. Біздің елімізде және шетелде жүргізілген көптеген медициналық зерттеулер темекі шегудің адам ағзасының барлық жүйелеріне зиян келтіретінін және физиологиялық, психологиялық тәуелділікті тудыратынын дәлелдеді.
Темекінің негізгі белсенді әсері – никотин. Никотин – негізінен жүйке жүйесіне, ас қорытуға, сондай-ақ тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелеріне әсер ететін өте күшті улану. Тұрақты темекі шегу, әдетте, бронхитпен қатар жүреді, ол кейін жөтел арқылы сұр, лас қоңыр қақырықты шығарады. Көптеген аурулар бірден пайда болмайды, белгілі бір жылдар өткесін (өкпе және басқа ағзалардың обыры, миокард инфарктісі, аяқтың т.б шіруі) байқала бастайды.
Кейінгі кезде вейптер мен электронды темекінің танымалдылығының артуы денсаулыққа нақты қауіп төндіруде. Мектеп оқушылары арасында электронды темекі шегу сәнге айналуда. Вейптер мен электронды темекі кәмелетке толмағандардың денсаулығына қауіпті. Көптеген қоспалар, темекі өнімдері сияқты, никотинді қамтиды, сондықтан кез келген темекі өнімдері сияқты ағзаға зиян. Сонымен қатар, вейперлер денсаулыққа зияны жоқ дегенге сенімді, олар классикалық темекі шегуден гөрі жиі тартып, никотинді көп мөлшерде қабылдауда.
Баланы одан қалай қорғауға болады?
— Ата-аналармен, ересектермен сенімді қарым-қатынас тәуелділіктен құтылудың басты шарты болып табылады.
— Балаларға никотинге тәуелділік, оның зияны мен болашақтағы өмірге әсері туралы үнемі айтып, ескерту керек.
— Баланың сүйікті ісі, қызығушылығы болуы керек. Ерте жастан бастап балаларды спортқа баулып, түрлі хоббилерінің болуын қамтамасыз ету қажет.
— Жасөспірімдермен әңгімелесу кезінде қатаң тыйым салудан гөрі, вейп пен электронды темекісіз өмірдің артықшылықтарына назар аударған жөн.