Алматы қаласындағы ЖРВИ, тұмау аурулары бойынша эпидемиологиялық жағдай
Алматы қаласы бойынша қазіргі уақытта жедел респираторлық инфекциялардың (бұдан әрі — ЖРВИ) бақылау деңгейінен аспайтын маусымдық өсуі байқалады.
Өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 17173 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шыққандағы көрсеткіші — 749,09-і құрайды, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе (41064 жағдай) төмен және бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 18,7% пайызға (21140 жағдай) төмен. Бұл аурудың 63,1% балаларды қамтиды.
Ағымдағы жылдың эпидемиологиялық маусымның қараша айының ортасынан бері тұмаудың зертханалық расталған 22 жағдайы тіркелді, оның 21-і А типі А/H1N1 және В типі-1, науқастарға ем тағайындалған, жағдайлары қанағаттанарлық. Қалада жіті респираторлық вирустық инфекциялардың басқада вирустары: риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирустар айналымда жүр.
Қала халқы ЖРВИ, тұмаудың эпидемиологиялық маусымында аурудың өсуі кезеңінде аурудың алдын алу бойынша төмендегі бірқатар шараларды естен шығармау керек:
— дәрігердің тағайындауымен иммундау жүйесін көтеру: С дәруменін, оксолин сықпасын қолдану;
— жаппай іс-шаралар өтетін орындарға баруды қысқарту, бөлмелерде ылғалды жинау жүргізіп, желдету, ЖРВИ-мен науқастанған адамдармен қарым-қатынаста болмауға тырысу, қарым-қатынаста болған жағдайда бетперде кию;
— ауырған жағдайда, өз бетімен ем-дом қолданбай, үйден шықпастан, медицина қызметкерін шақыруы қажет, түшкіргенде және жөтелгенде ауызды қолмен, майлықпен жауып, қолды жиі жуу қажет;
— ауырған балаларды мектепке, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мәдени-жалпылама іс-шаралары жүргізілетін орындарға жібермеу.
Осы аталған қарапайым нұсқауларды сақтау, сіздерді ЖРВИ мен тұмау ауруынан қорғайды.
Спикер Қасымхан Алпысбайұлы