Home » Новости »  Өнерлі қыз-өнегелі ана

 Өнерлі қыз-өнегелі ана

Алматы қаласы, Алмалы ауданы №30 КМҚК бөбекжай — балабақшасында меңгеруші  Кыдырбаева Анаргүл Шалхарованың ұйымдастыруымен Ересек топтар, «Қарлығаш, Балдырған, Көгершін» тәрбиешілері Молдашова З,Даурбай Ж,Умирзакова К. атсалысып ұлттық дәстүрді ұлықтаған Аналар” атты  ата-аналармен бірлесіп өткізілген үлкен  іс-шара өткізді.
      

Балабақша мен отбасының ынтымақтастығы  – жас ұрпақ  тәрбиесінде үлкен маңызға ие.

Тәрбие – тал бесіктен басталады. Отбасы бала үшін өнеге алатын алғашқы мектеп.Отбасында бала тәрбиесі ұрпақтар сабақтастығы арқылы атадан балаға беріліп отыратынын ескерсек, отбасындаға үлкендердің өнегесі мен үлгісінің қаншалықты маңызды, өзекті екендігін ұғынуға болады

Отбасындағы аналар мектебі, олардың өнегелі үлгі болмақ.
     

Отбасы – тәрбиенің қайнар көзі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын ешкім толтырмайды «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – демекші, Елбасының  «Болашаққа бағдар, Рухани жаңғыру» тұғырнамасын қолдай отырып,  бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялатып адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеуді бойына қалыптастыру— балабақшадан басталады. Бүгінгі бағдарламамызда «Өнерлі қыз-өнегелі ана» атты тәрбиелік мәні бар жарыс өткіздік. Бұл жарыста әр топ анасы жүн түтіп, жүн сабап, күмбірлеген күйді домбырада шертіп, шаш өріп жарысты. Қоғамда Ана мен баланың орыны қандай, олардың қарым-қатынасы қалай жақындап,жақсарады деген сұрақтарға жауап табатын тамаша іс-шара болды.

Алматы қаласы
Молдашова Закира Нурлановна

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*