Home » статьи » Наурызнаманың он күндгі бойынша атқарылған жұмыс

Наурызнаманың он күндгі бойынша атқарылған жұмыс

Алматы қаласы  Алмалы ауданы
“№8 бөбекжай-балабақшасы” Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны
мекеме ұйымдастырушы
меңгеруші Бахитова Бибигуль Кеңесбаевна
және балабақша ұжымдастары

Наурызнаманың он күндгі бойынша атқарылған жұмыс

Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір ізгі қасиет.  Олай дейтініміз ізгіліктің өзі – адамның адамға деген таза ниеті мен бір- біріне деген сүйіспеншілік көмегі. Жақсылық  жасау- имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Қайырымдылық жасасаң , қайырын өзің көресің,- дейді дана халқымыз.Осыған орай қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен игілікті істер ,акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар саны артуда.
    

Әрбір жасалған істе ізгілік, мейірімділік,  адамгершілік, қасиеттердің көрініс табары сөзсіз. Жаныңда жүрген жандарға қуаныш сыйлап, жүрек жылуын бере білгеннің өзі — қазақ халқына тән , ұлттық қасиетіңіз бен көрегендігіңіздің жемісі деп біліңіз. Осының айғағы ретінде наурыз айының  15 – жұлдызы қайырымдылық күніне орай « Шаңырақ» әлеуметтік қызмет орталығында болдық. Арнайы ұйымдастырушы Алматы қаласы Алмалы ауданы  “№8 бөбекжай-балабақшасы” Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны  мекеме ұйымдастырушы меңгеруші Бахитова Бибигуль Кеңесбаевна  және балабақша ұжымдастары.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани — адамгершілік тәрбие — екі жақты процесс.

Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие — адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы.  Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан – жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын  орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор.

     
Әрбір жасалған істің  артында қайыры бар демекші , жақсылық жасайтын жандар әрқашан арамыздан табылып жатқаны қуантарлық жағдай. Жылы сөз бен мейірімге мұқтаж жандардың   жанына шуақ шашып,  көңілдеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлап жатсақ нұр үстіне нұр болар еді. Әрбір адам  кішіпейіл де әділ, қайырымды болуы тиіс. Айналамызға ізгілік нұрын шашып, сый-сияпат көрсету – адамгершіліктің ең үлкен құнды қасиеті екенін ұрпақтан –ұрпаққа үлгі ете отырып, ел алғысына бөленуден артық сый жоқ екендігін жеткізе алсақ үлкен игілікті істің шыңына жету деп түсінемін.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*