Алматы қаласы, Медеу ауданы, КМҚК №125 бөбекжай-балабақшасында Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз – жаңару мейрамы» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тәрбиеленушілерге қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін таныту, Наурыз мерекесінің мән-маңызын түсіндіру, ұлттық мәдениетті дәріптеу және жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру болды.
Мерекелік шараға арнайы қонақтар қатысты. Атап айтқанда, Әділханов Мұрат Әділханұлы «Көктем групп ЛТД» ЖШС басқарма төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты, Медеу “Ұстаз” кәсіподақ ұйымының төрайымы Гульнара Бектасыновна, ардагер ұстаздар Сеилова Людмила Торешовна, Кунимай Шахмараловна, сондай-ақ Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы Нуралиева Акнур Оразхановна мерекенің құрметті қонақтары болды. Сонымен қатар ата-аналар мен Медеу ауданының 112, 141, 116 балабақша меңгерушілері де қатысты.

Іс-шараның ашылуында мен, балабақша меңгерушісі Ималова Роза Майдановна, қонақтарды, ата-аналарды, бүлдіршіндерді және балабақша қызметкерлерін Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтап, жүрекжарды лебізімді білдірдім. Мен өз сөзімде Наурыз мейрамының береке-бірлік пен жаңарудың, татулық пен ізгіліктің мерекесі екенін ерекше атап өттім.
Кейін мерекелік шара ақ батамен жалғасты. Батаны
Ортаңғы “Ботақан” тобының ата-анасы Калтаев Усербай беріп, көпшілікке ізгі тілегін арнады.
Мерекелік бағдарлама музыка жетекшісі Арайлым Сағадинқызының әнімен жалғасын тапты.
Концерттік бағдарламада тәрбиеленушілер өз өнерлерін паш етті. Атап айтқанда:
Мектепалды “Күншуақ” тобы – Садык Томирис, “Мереке” әні
Ересек “Құлыншақ” тобы – Жұмағали Мариям, “Әжетайым”
Ересек “Балдырған” тобы – Мұратқасым Айлин мен Қахарман Томирис, “Беу құрбым-ай”
Мектепалды “Бәйтерек” тобы – Жеңіс Алуа, “Гүлмін” әні
Мерекелік бағдарламаның тәрбиелік мәні зор бөлігі – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі “Тұсаукесер” рәсімі болды. Бұл рәсімнің маңызын Мұрат Адильханович терең түсіндіріп өтіп, тұсау кесу рәсімін өзі орындады.
Ары қарай Ұлттық ойындарды дене тәрбиесінің жаттықтырушылары Ыдырысова Гаухар мен Копжанов Мұрат жоғары деңгейде ұйымдастырып, балалардың қызығушылығын арттырды.

Көрермендердің ерекше ықыласына бөленген өнер нөмірлерінің бірі – мектепалды тобының айтысы болды. Айтысқа Түркия Есболсын Табысұлы мен Арманқызы Асылым қатысып, өз өнерлерімен көпшіліктің көңілінен шықты. Айтыстың сөзін қазақ тілі оқытушысы Ізбасар Калима Құрманәлі қызы дайындап, ұлттық өнердің маңызын терең жеткізе білді.
Айтыс өнеріне тәнті болған Мұрат Әділханұлы балалардың өнерін жоғары бағалап, Есболсын мен балаларға ақшалай сыйлық табыстады.
Сонымен қатар мерекелік кештің көркемдік мазмұнын байытуға кәсіподақ төрайымы Чендешкенова Қарлығаш та өз үлесін қосты.
Музыкалық нөмірлер мен ән-би бағдарламаларын көркемдеп, жоғары деңгейде ұйымдастырған музыка жетекшілері Арайлым Сағадинқызы мен Назгүл Мұратқызының еңбегі ерекше болды.
Би нөмірлері де көрермен көңілінен шықты. Атап айтқанда:
Мектепалды қыздар тобы – “Торсық” биі
Мектепалды топтар бүлдіршіндері – “Қара жорға” биі
Сондай-ақ байқау жеңімпазы, хореограф Тұрғанбек Аружан мен тәрбиеші Советова Айнур дайындаған “Аққу биі” көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Қолөнер көрмесінде логопед Аппакова Назира Шахмаевнаның қолөнер туындылары, әсіресе домбыра бұйымы ерекше аталып өтті. Сонымен қатар ата-аналар мен тәрбиешілердің шығармашылық еңбектері де көрмеге қойылып, жоғары бағаланды.
Одан кейін мерекелік кештің шырайын кіргізген «Асыл әжелер» ансамблінің әні мен шашуы терассада, киіз үйге кірер тұста орындалып, шашу шашылды. Бұл көрініс Наурыз мерекесінің сәнін арттырып, ерекше көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Терассада арнайы киіз үй құрылып, қонақтарға ұлттық нақыштағы дастархан жайылды. Дастарханның сәнін кіргізген ұлттық тағамдар мен дәмді Наурыз көжені дайындап ұсынуда аспазшылар Кенжегулова Марфуға, Ермадиева Майра, Досанова Кульбагира, сондай-ақ шаруашылық меңгерушісі Накысбекова Гульдарханның еңбегі ерекше аталып өтті.
Балабақшаны және топтарды ұлттық нақышта безендіруге атсалысқан барша тәрбиешілер мен техникалық қызметкерлердің еңбегі ерекше. Әсіресе тәрбиешілерді ұйымдастырып, идея ұсынып, ұжымды біріктіре білген Ыбраймова Закура, Жидебаева Гүлбану, тігінші Калниязова Жамила еңбегі зор құрметке лайық.
Сондай-ақ балабақша аумағының ішкі-сыртқы тазалығы мен көгалдандырылуына үлес қосқан Далмаханов Алмас, Сыздыков Марлен, Кокумбеков Жандос, Ахметбаева Гүлнар, Тарындық апайлардың еңбегі ерекше.
Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған әдіскерлер Абжанова Жанар Растумовна, Төлеген Сымбат, Сапарбай Нұрбала, ал мерекелік кешті жүргізген Аманбек Бекназар мен Сақытбай Арайлым өз шеберліктерін көрсетті.
Осылайша, ынтымағы жарасқан ұжымның бірлігі мен еңбегінің арқасында «Наурыз – жаңару мейрамы» тағылымы мол, мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор мереке ретінде жоғары деңгейде өтті.
Алматы қаласы, Медеу ауданы,
КМҚК №125 бөбекжай-балабақшасы
балабақша меңгерушісі
Ималова Роза Майдановна
