Ахберлинова Маржан Маратовна
№179 жалпы білім беретін мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Менің кәсіби дамуымның өсу нүктелері
Эссе
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» — деген екен. Ұстаздық жолын таңдаған жандар өмірде өнердің сан түріне сан қырынан бейім келеді. Себебі ұстаздар болашақ маман иесін тәрбиелеуші жандар. Мен де өз өмірімде арман еткен ұстаздық мамандықты меңгеріп білім саласында қызмет етудемін. Ұстаз – өз уақытын аямайтын, біреудің баласын аялайтын жан. Ал бұл әркімнің қолынан келе бермейтін ерекше талантты қажет ететін, қиялы ұшқыр ұстаздарға тән қасиет. Сол себепті мұғалім мамандығы мәртебелі.
Екіншіден, мұғалімдер мамандықтарына адал берілген жандар. Себебі олар жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбие беруші тұлға.
Кәсіби даму дегеніміз не? Мен мамандық жолында өзімнің алдыма қойған мақсаттарыма жете алам ба? – деген сауалдарға тоқтала кетейік:
Білім беру субьектілерінің кәсіби құзіреттілігіне қол жеткізу, жүзеге асырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Кәсібилік ұстаздың психолог – педагогикалық , ғылыми пәндік, білім-біліктіліктің, мәдени адамгершілік ұстанымдарымен үйлесудің жоғарғы деңгейі. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі білім беру нәтижесін қамтамасыз ететін шешуші фактор, тіпті қоғамның жағдайының сапалы өзгеруіне әсер етеді.
Өзін-өзі білімдендіру кәсіби өзін-өзі жетілдіру мен өзін –өзі тәрбиелеудің жетекші компоненті болып табылады. Өзін-өзі білімдендіру дегеніміз – педагогтің педагогикалық үрдісті жетілдіру үшін қажетті жалпы адамзаттық тәжірибені, әдістемелік байланысты мақсатты жүзеге асырылатын танымдық әрекеті. Сол үшін біз күндіз-түні адал еңбек етіп келеміз. Оның дәлелі қазіргі таңда елімізде бәсекеге қабілетті, білімді, ойы ұшқыр, ғылымға бет бұрған шәкірттер саны жыл сайын артуда. Бұл қуантарлық жағдай. Осы жолда адал еңбекпен шәкірттеріне ерекше жауапкершілікпен қараған ұстаз ғана аса құрметке ие.
Ойымда қорыта айтқанда, шәкірті үшін ізденген, өзін дамытып отырған ұстаздың еңбегі еш кетпейді.