Жанпеисова Динара Жумашевна
Астана қаласы әкімдігінің
«Кемел Ақышев атындағы
№ 69 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК
биология пәні мұғалімі
Оқушылардың биология сабағында функционалдық сауаттылығын арттыру
Аннотация
Мақалада биология сабағында оқушылардың биология ғылымы бойынша функционалдық сауаттылығын арттыру, бұл арқылы олардың зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми әдістерді қолдану, биологиялық мәселелерді сыни тұрғыдан қарау қабілетін дамыту. Сонымен қатар, оқушылардың қоршаған ортаға, денсаулыққа қатысты білімдерін нығайтып, ғылымның қазіргі жетістіктеріне қатысты терең түсінік қалыптастырына ықпал етеді.
Кіріспе.Оқушыларға биология пәнінің негізгі бағыттары мен адам ағзасының құрылымы мен қызметі туралы жалпы түсінік беріледі. Курстың мақсаты — оқушылардың ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастырып, денсаулық сақтау, экология мәселелерін дұрыс түсіну және өмірде қолдана білу болып табылады. Бұл мақалада оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырумен қатар, олардың жеке тұлғалық дамуына ықпал етеді. Оқушыларды тек біліммен қаруландыру ғана емес, сонымен қатар оларды экологиялық, әлеуметтік, және психологиялық тұрғыдан сауатты болуға, өз шешімдерін жауапкершілікпен қабылдауға үйретеді.
Экологиялық мәселелерді шешуде, биологиялық ресурстарды тиімді пайдалануда оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Олар табиғаттың барлық аспектілерімен өзара байланысқан биологиялық құбылыстарды терең түсіне алады. Оқушыларға зерттеу жүргізу, ғылыми гипотезалар мен тұжырымдарды тексеру, алынған нәтижелерді салыстыру сияқты ғылыми зерттеулердің негізгі әдістерін үйрету болып табылады.
Күтілетін нәтиже
Бағдарламаның нәтижесінде оқушылар:
- Биология пәні бойынша терең, жан-жақты білім алады.
- Өздерінің ғылыми зерттеулерін жүргізу дағдыларын меңгереді.
- Биологиялық білімдерді күнделікті өмірде қолдану дағдыларын қалыптастырады.
- Экологиялық, әлеуметтік мәселелерге қатысты шешімдер қабылдай алатын болады.
- Оқушылар сыни ойлау, проблемаларды шешу, ғылыми негізделген зерттеулер жүргізу дағдыларын меңгереді.
Бағдарлама оқушыларды биология бойынша терең біліммен ғана емес, сонымен қатар жауапты азаматтар ретінде тәрбиелеп, оларды ғылым мен қоғамға пайда тигізуге үйретеді.
Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі: жаңашылдық немесе қолданыстағы бағдарламалармен салыстырғанда осы бағдарламаға енгізілген жаңа түсініктемені қалпына келтіру, сол жаңа нәрсені түсіндіру болып табылады.
Бұл бағдарламада жаңашылдық – биология пәнінің оқу үрдісінде PISA тапсырмаларына негізделген әдіснаманың қолданылуы. PISA тесті оқушылардың білімін тексеру үшін ғана емес, сонымен қатар олардың сыни ойлау, зерттеу дағдыларын, шешім қабылдау қабілеттерін тексеруге бағытталған. Бұл бағдарламада оқушылар тек дайын білімді меңгермей, сонымен қатар өздерінің күнделікті өмірде кездесетін биологиялық мәселелерге қатысты шешімдер қабылдай алатын қабілеттерді дамытуға баса назар аударылады.
Ұсынымдар: Күнделікті сабақ тақырыбына сай оқушылардың білімін тереңдету үшін әрбір тапсырма мен зерттеу жұмысы алдын ала жоспарланып, нақты нәтижелерге бағытталған. Сонымен қатар, әрбір әрекеттің ғылыми негізі мен әдіснамасы дәлелденген және жүйелі түрде құрылған.Әрбір оқушының білімін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді, оның ішінде теориялық білім, практикалық дағдылар, зерттеу және сыни ойлау қабілеттері ескеріледі.
Қорытынды. Биология сабағында инновациялық технологиялар , арқылы оқу дағдыларын дамытуда қолданған әдіс- тәсілдер білім сапасының жақсы жетістіктерін көрсетеді. Себебі оқушылар тыңдалым мен айтылым дағдыларымен оқу материалын меңгере отырып, топтық, жұптық жұмыстар барысында бәсекелестік қабілеттерін , интеллектуалдық дағдыларын дамытып, биологияға деген қызығушылығын арттырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Биологиялық энциклопедиялық сөздік, М, Ұлы энциклопедия, 1995 ж
- Богданова Т.Л .. Биология. Мәскеу, «ARTS-PRESS SCHOOL», 2005 ж.
- Калинина А.А .. Биологиядан сабақтың дамуы, 8 сынып, Мәскеу, «ВАКО», 2005 ж.
- Молис С.С., Молис С.А .. Биологияны оқытудың белсенді формалары мен әдістері. Мәскеу, «Білім», 1988 ж.
- Никишов А.И., Косорукова Л.А., Петросова Р.А., Рохлов В.С .. Биологиядан тексеру тапсырмалары. Мәскеу, 2000 ж.
6. Л.В. Сорокина Биологиядан тақыр