Home » статьи » Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ «Белсенді ұзақ орталығы» КММ Шелек ауылдық округі филиалы

Кеңесші: Жақсыбаев Нұржан Муратұлы.
Би нұсқаушысы
Кашкеева Дильназ Бахтияровна.

Түркістан қаласында сәуір айында 2024 жылы өткен Nuray fest би байқауынан гранд при ұтып, жолдама БАӘ не Дубай қаласына жолдама ұтып алды.

23.11.2025 жылы БАӘ де Дубай қаласында өткен би байқауында супер гранпри ұтып Батуми(Грузия мемлекетіне) қаласына жолдама ұтып алды.
    

Жетпістен асқан әжелерімізге күнделікті жаттығуды жасату үшін әр әжеге жеке бағдарлама жасап,баппен қарап, көңіл-күйлерінің көтерінкі болуына ықпал етіп, қанша жасқа келсе де  жаттығу жасау арқылы  өздерін жақсы сезінуге әрекет жасау керектігін Нұржан Муратұлы үнемі айтып отырады. Жас та болса өз ісінің маманы Нұржан Маратұлы әр әженің көңілін тауып, жаттығудан қалмауын қадағалап отырады.  Алғашқы кездері ММ «Белсенді ұзақ орталығына» әжелерді жинау үшін көшеге шығып, базарға барып, тойда көрген әжелерімізді орталыққа шақырды. Сол адал еңбектің натижесін бүгінгі күні көріп отыр. Мың алғыс сіздей азаматтарымыз көп болсын.

23.11.2025 жылы БАӘ де Дубай қаласына жолдама ұтып алуға себепке болған би нұсқаушысы  Кашкеева Дильназ Бахтияровна. Өзіне сай мінезімен, табандылығымен үлкенге құрмет көрсете отырып әжелерімізге би үйретіп қана қоймай, осынша жасқа келгенде шет елге шығуына бірден-бір себепкер болды. Әр биді қою барысында әжелеріміз белсенділік пен, шыдамдылық танытып би нұсқаушысы Дильназ ханымға ризашылығын білдіріп жатады.

1,5  жарым жыл бұрын ашылған орталықта 122 қызмет алушы бар
Гүлдер тобы қазіргі таңда  5 түрлі қызмет түрін көрсетуде.
Бұлар: Би, хор, вокал, Едш, Цигун

Қысқа уақыттың ішінде ашылған ММ «Белсенді ұзақ орталығы» осындай жетістікке жету керемет нәтиже. Әжелерімізге мотивация сыйлап,бағыт-бағдар көрсетіп, жетпіс жаста да қыр асуға болатынын дәлелдеп берді. Өмірдің жас пен өлшенбейтінін шет елге қанша жасқа келсең де бара алатынын көрсетті.

 

 № 203 ЖББМ тарих пәні мұғалімі
Құдайберген  Майгүл  Қуатқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*