Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ағымдағы жылдың 27 сәуірден бастап 3 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде Алматы қаласында Еуропалық иммундау апталығы өткізілетінін хабарлайды.
Жүргізіліп жатқан иммундау апталығының міндеті халықты вакцинациямен қамту деңгейін арттыру, халыққа әрбір баланың вакцинациямен алдын алатын аурулардан қорғалуы қажет екенін түсіндіру болып табылады.
Иммундау апталығын өткізу кезеңінде медицина қызметкерлерінің күш-жігері қандай да бір себептермен профилактикалық егулерді уақтылы алмаған, сондай-ақ қол жеткізу қиын аумақтарда тұратын халықтың белгілі бір топтарын вакцинациялауға бағытталатын болады.
Вакцинопрофилактика медицинаның ең үлкен жетістігі және Қазақстан Республикасында ғана емес, бүкіл әлемде қоғамдық денсаулық сақтаудың экономикалық тиімді шарасы болып табылады. Вакцинация – халықты жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуынан қорғаудың ең тиімді құралдарының, сонымен қатар ең қауіпсіз медициналық араласулардың бірі.
Қалада декреттелген жастағы халыққа және тәуекел тобындағы адамдарға 12 инфекцияға қарсы профилактикалық егулер (туберкулез, А және В вирустық гепатиті, дифтерия, сіреспе, паротит, қызылша, қызамық, паротит, В типті гемофильді инфекция, пневмококкты инфекция) қаулымен бекітілген профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес тегін жүргізіледі. Алматы қаласы мектептерінің медициналық кабинеттерінде 2024 жылдың 30 қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы (бұдан әрі – АПВ) жоспарлы вакцинациялау, сондай-ақ 12, 13 жастағы қыздарға вакцинация жалғасуда.
Иммунопрофилактиканың қазіргі заманғы дамуының арқасында бүгінде «Пентаксим», «Гексакси» (сіреспеге, дифтерияға, көкжөтелге, гемофилді жұқпаға, В вирустық гепатиті мен полиомиелитке қарсы), сондай-ақ ҚҚП (қызылша, қызамық, эпидпаротитке қарсы) вакциналардың екіден алтыға дейінгі компоненттерін бір дозада біріктіруге мүмкіндік беретін, инъекцалардың санын азайтатын вакциналар бар. АПВ — ға қарсы вакцинация Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында (бұдан әрі — ДДСҰ) сертификатталған, 6 ай аралығымен 2 дозадан тұратын, Қазақстан Республикасында тіркелген АҚШ — тың 4 валентті «Гардасил» вакцинасын қолданады. Бұл вакцина АПВ 6,11,16 және 18 түрлерінен қорғайды.Біздің елімізде қолданылатын барлық вакциналарды ДДҰ пайдалануға ұсынған және Қазақстан Республикасында тіркелген. Республика аумағында қолданылатын вакциналар қауіпсіз және жоғары тиімді.
Вакцинацияның сөзсіз жетістігі – адамзат арасында шешек ауруын жою. Жаппай иммундауды жүзеге асырудың арқасында Қазақстан Республикасында соңғы жылдары күл, полиомиелит, дифтерияның токсигендік штаммдарын алып жүру сияқты жұқпалы аурулар тіркелген жоқ. Қызамық, паротит, көкжөтел және басқа инфекциялармен сырқаттанушылық бірең-сараң жағдайларға дейін азайды.
Көптеген ата-аналар профилактикалық егулерге теріс көзқараспен қарайды, сондықтан балаларына егуден бас тартады. Бұл ретте әртүрлі әлеуметтік желілер сайттарында орналастырылған бұрмаланған, дұрыс емес ақпарат маңызды рөл атқарады. Балаларға вакцинациядан бас тартқан ата-аналар тек өздеріне ғана емес, басқа балаларға да жұқтыру қаупін тудырады.
Алматы қаласында Еуропалық иммундау апталығын өткізу кезеңінде вакцинация тұрғылықты жері бойынша емханаларда тегін жүргізілетін болады. Қаланың емханалары вакцинация мәселелері бойынша халыққа консультациялық көмек көрсетуге, вакцинация туралы деректерсіз басқа өңірлерден келген немесе екпе алмаған балаларды егуге дайын.
Вакцинация туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіздегі емханаларға хабарласыңыз.
Вакцинация бірқатар жұқпалы аурулардың алдын алу, халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін өте маңызды екенін білу маңызды.
В городе Алматы планируется проведение Европейской недели иммунизации
Департамент санитарно-эпидемиологического контроля города Алматы информирует, что в период с 27 апреля по 3 мая текущего года на территории Республики Казахстан, в том числе в городе Алматы будет проводиться Европейская неделя иммунизации.
Задачей проводимой недели иммунизации является повышение уровня охвата населения вакцинацией, разъяснения населению того, что каждый ребенок нуждается в защите от болезней, предупреждаемых вакцинацией.
В период проведения недели иммунизации, усилия медицинских работников будут направлены на проведение вакцинации определенных групп населения, своевременно не получивших по каким-либо причинам профилактические прививки, а также проживающих в труднодоступных территориях.
Вакцинопрофилактика является величайшем достижением медицины и экономически выгодной мерой общественного здравоохранения не только в Республике Казахстан, но и во всем мире. Вакцинация – одно из самых эффективных средств защиты населения от возникновения и распространения инфекционных заболеваний, а также одно из наиболее безопасных медицинских вмешательств.
В городе населению декретированных возрастов и лицам группы риска профилактические прививки против 12 инфекции (туберкулез, вирусный гепатит А и В, дифтерия, столбняк, паротит, корь, краснуха, паротит, гемофильная инфекция типа b, пневмококковая инфекция) проводятся бесплатно согласно Национального календаря профилактических прививок. В медицинских кабинетах школ города Алматы с 30 сентября 2024 года продолжается плановая вакцинация против вируса папилломы человека (далее – ВПЧ) девочек в возрасте 11 лет, а также вакцинация девочек в возрасте 12, 13 лет в рамках наверстывающей иммунизации.
Благодаря современному развитию иммунопрофилактики сегодня существует большое количество комбинированных вакцин, таких как «Пентаксим», «Гексаксим» (против коклюша, дифтерии, столбняка, гемофильной инфекции, вирусного гепатита В и полиомиелита), а также вакцины ККП (против кори, краснухи, эпидпаротита), позволяющие в одной дозе совместить от двух до шести компонентов вакцин, что сокращает количество инъекций. Вакцинация против ВПЧ состоит из 2 — х доз с интервалом 6 месяцев, с применением 4 – х валентной вакциной «Гардасил», производства США, которая сертифицирована Всемирной организацией здравоохранения (далее — ВОЗ), зарегистрирована в Республике Казахстан. Это вакцина защищает от 6,11, 16 и 18 типа ВПЧ. Все вакцины, применяемые в нашей стране, рекомендованы ВОЗ к использованию и зарегистрированы в Республике Казахстан. Вакцины, используемые на территории Республики безопасны и высоко эффективны.
Несомненным успехом вакцинации является ликвидация натуральной оспы среди человечества. Благодаря осуществлению массовой иммунизации, в Республике Казахстан за последние годы не регистрировались такие инфекционные заболевания, как дифтерия, полиомиелит, носительства токсигенных штаммов дифтерии. Заболеваемость краснухой, эпидемическим паротитом и другими инфекциями сведена до единичных случаев.
Многие родители имеют негативное отношение к профилактическим прививкам и поэтому отказываются от проведения прививок своим детям. Важную роль в этом играет искаженная, недостоверная информация, полученная от некомпетентных лиц, в том числе размещенной на различных сайтах социальных сетей интернета. Родители, которые отказываются от проведения прививок детям, подвергают опасности заражения не только своих, но и других детей.
Вакцинация в период проведения Европейской недели иммунизации в городе Алматы будет проводиться в поликлиниках по месту жительства бесплатно. Поликлиники города готовы оказать консультативную помощь населению по вопросам вакцинации, привить детей, прибывших из других регионов без данных о прививках или не имеющих прививки.
За получением информации о проведении вакцинации обращайтесь в поликлиники по месту жительства.
Важно знать, что вакцинация имеет жизненно важное значение для предупреждения ряда инфекционных заболеваний, защиты жизни и здоровья населения.
Спикер: Калыкова Асель Такановна.
Зам.рук ДСЭК