Алатау ауданында заманауи сазды әуен залы ашылды
Жуырда Алматы қаласы білім басқармасына қарасты Алатау ауданында орналасқан № 183 бөбекжай-балабақшасында заманауи сазды әуен залын аштық. Зал танымал әнші Димаш Құдайбергеннің атымен аталады. Ашылу салтанаты мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған «Шығармашылықтың жаңа көкжиегі» атты қалалық семинар аясында өтті.
Қатысушылар балабақша жұмысымен танысып, өзара тәжірибе алмасты. Іс-шараға білім басқармасы мен аудандық білім бөлімінің өкілдері қатысты. Олар салтанатты жиында өзінің жүрекжарды тілегін айтты.
Инновациялық музыкалық әуенді зал Қазақстан бойынша бірінші болып ашылып жатыр, оның жобасы басқа балабақшаларда жоқтың қасы. Ұлттық құндылыққа тән дүниенің бәрі осында жинақталған. Семинар барысында педагогтарға арналған экскурсия ұйымдастырылды. Олар «Қиял әлемі су астында», «Шығармашылықтағы табиғи түстер», «Дәстүрлі мерекелер мен салт-дәстүрлер», «Қыш әлемі» атты орталықтардың жұмысымен танысты. Сонымен қатар шеберлік сыныптар өткізіліп, жобалық қызмет бойынша тәжірибе алмасу өтті. Балабақшамызда ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылады және ерекше білімді қажет ететін балалар үшін қолайлы орта жасалған. Осы орайда Қытай, Малайзия сапарында көрген жаңашылдық пен тәжірибені бүгінгі күні өз мекемемізде енгізіп, кеңінен қолданып келеміз. Бала кез келген жұмысты өзі жасай білу керек, еркіндікке баулу керек деп жан-жақты тәрбие беріп келеміз.
«Жол картасы» аясында Алматы қаласы білім басқармасының Мектепке дейінгі ұйым педагогтары мен басшыларының біліктілігін арттыру курсын аяқтап, Малайзия мен Қытай елдерінде халықаралық тағлымдамадан өттім. Нәтижесінде «Шығармашылықтың жаңа көкжиегі» жобасы іске асырылуда. Жоба мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілерінің шығармашылық дағдылары мен ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға бағытталған.
Малайзия, Қытай елдерінде мерекелерге ерекше мән береді. Балабақша міндетті түрде есеп беру концерттерін өткізеді — біздіңше ертеңгіліктер. Жыл соңында ата-аналарға музыкалық тақырыптағы ең жақсы қойылымдар көрсетіледі. Іс-тәжірбие алмасу нәтижесінде мен өзімнің балабақшамда балалардың шығармашылығын дамыту, өнерге баулу, ұлттық саз бен әуенге қызығушылығын ояту мақсатында заманауи сазды әуен залын ұйымдастыруды жөн көрдім. Сонымен қатар балабақшамызда «Біздің ұжым» концепциясын танытатын стенд қойылған. Стендтің сыртқы көрінісі, білім — тамыры терең ағаш іспеттес. Шәкірттерін осы білім нәрімен сусындататын, ынтымағы жарасқан, үлкен ұжымның бейнесін ашып керсетеді. Сондай-ақ «Балабақша айнасы» атты стенд те бар. Бұл стендте ұлы ақын Абай мен қазіргі дүниежүзіндегі ең танымал әнші Димаш Құдайберген сынды тарихи тұлғалардың даналық өсиеттерін балалар тындап, бойларына сіңіріп, енбекқор ара тәрізді, өз еңбектерінің жемісін осы арнайы ұяшықтарға жинақтайды.
Малайзия мен Қытайда тәрбиешілер балалардың табиғи қызығушылығын сақтауға және олардың қоршаған әлемді зерттеуге деген сүйіспеншілігін оятуға тырысады. Оқу барысында балалар бастауыш мектепте пайдалы болатын жеке әлеуметтік және эмоционалдық дағдыларды дамытады. Осы мақсатта біздің де балабақшамызда зерттеу жұмыстары жақсы жолға қойылған.
Куала-Лумпур – ересектер мен балаларға арналған өмір мен ойын-сауыққа толы қала. Оқу орындарынан бастап ойын-сауық саябақтары мен интерактивті ойын-сауыққа дейін — қалада шытырман оқиғаларға толы орын көп. Куала-Лумпурда конференц-орталығының астында орналасқан океанариум бар. Мұнда келушілерге акулаларды, сәулелерді және басқа да теңіз жануарларын жақыннан көруге мүмкіндік беретін 90 метрлік су асты туннелі бар. Балалар интерактивті тамақтандыру сеанстарын тамашалай алады және теңіз жұлдыздары мен теңіз өсімдіктерін өз көзімен көре алады. Океанариум халықты ерте жастан су асты өмірге деген құрметті оятуға бағытталған, теңіз ортасын сақтауды үйретеді. Kidzania — бұл балалар мен ересектерге арналған іс-шараларды қызықты және танымдық етіп ұйымдастыратын инновациялық тақырыптық саябақ.
Пердан ботаникалық бағы отбасыларға қаланың күйбең тірлігінен тыныштықта демалуға мүмкіндік береді. Бұл пикниктерге, көлде қайықпен серуендеуге немесе жай ғана жасыл желектен ләззат алуға өте ыңғайлы. Саябақта балалар бұғыларды тамақтандыра алады, ойын алаңы мен арнайы бұғы саябағы бар. Экологиялық білім беру және табиғатты қорғау бақтар миссиясының маңызды аспектілері болып табылады. Олар өсімдіктер өмірі мен экожүйені түсінуді қалыптастыру үшін жиі семинарлар өткізіп, табиғат аясында серуендейді.
Қытай мемлекетінің Ханчжоу және Сучжоу қалаларының мектепке дейінгі ұйымдарында іс-тәжірбие алмасып, білімімізді толықтырдық.
Ханчжоу қаласының Ханчжоу Енобл балабақшасында балаларға қауіпсіз, әрі қолайлы орта қалыптасқан. Бала бойына ұлттық құндылықты, мәдениетті дарыта отырып,өзіне-өзі қызмет ету, қызығушылығын ескере отырып шешім қабылдауды басты жолға қояды. Қытай балабақшаларындағы оқыту кешені мен дамыту ойындарын, баланы оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық әдістерді қолдануды көрсетті. Кез-келген өмірлік жағдайда баланы өмірге бейімдеу басты жолға қойылған.
Сучжоу қаласында Сучжоу этнохаус балабақшасында тәжірбие алмастық. Балабақшада ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланады, ерекше білімді қажет ететін балаларға инклюзивті орта қалыптасқан. Мектепке дейінгі ұйымды басқару мен көшбасшылықтың тиімді әдістерімен таныстырды. Ұжыммен, ата-аналармен жұмыстың қыр-сыры үйретілді. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдарда шетелдік озық тәжірибелерді қолданудың тиімділігі өте үлкен.
Алматы қаласы
№ 183 балабақша меңгерушісі
Ғалия Шаметова