Әуезов ауданының санитариялық — эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы Исембаева А.Б.
Әуезов ауданының санитариялық — эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау,техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау
бөлімінің жетекші маманы Уметали Ж.Е.
«Құрбан айт» мейрамын тойлау кезінде санитарлық ережелерді сақтау
Құрбан айт – ислам дәстүріндегі ең қасиетті мейрамдардың бірі. Бұл күндері құрбандық шалып, ет мұқтаж жандарға таратылады. Алайда соңғы жылдары діни рәсімдерді қоғамдық гигиена мен санитарлық қауіпсіздік талаптарымен үйлестіру мәселесі өзекті болып отыр.
Қазіргі жағдайда діни шараларды өткізуге жауапкершілікпен қарау аса маңызды. Егер құрбандық шалу белгіленген тәртіпке сай жүргізілмесе, ол түрлі жұқпалы аурулардың таралуына, қоршаған ортаның ластануына және адамдардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан санитарлық-эпидемиологиялық талаптар діни еркіндікті шектеу үшін емес, қоғамның амандығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін қабылданған. Ең алдымен, малды тек арнайы белгіленген, сумен, кәріз жүйесімен және қалдықтарды жою мүмкіндігімен жабдықталған орындарда сою қажет. Бұл, әсіресе халық тығыз орналасқан елді мекендерде тазалықты қамтамасыз етуге көмектеседі. Аулада, көшеде немесе рұқсат етілмеген жерлерде мал сою заң бұзушылық болып саналады және қоғамда діни дәстүрге деген теріс көзқарас қалыптастыруы мүмкін. Сондай-ақ, құрбандыққа шалынатын малды алдын ала ветеринар мамандар тексеруі керек. Бұл – әрі рәсімге қатысушылардың, әрі кейін етті тұтынатын адамдардың денсаулығын қорғаудың қарапайым, бірақ маңызды жолы. Мал союмен айналысатын адамдардың жеке тазалыққа мән беруі де аса маңызды. Олар арнайы киім, қолғап, бетперде киюге тиіс, ал құрал-саймандар дезинфекцияланып, қолданғаннан кейін мұқият жуылуы қажет. Етті сақтау тәртібі де қатаң сақталуы тиіс, ал қалдықтарды (қан, ішек-қарыны, сүйек және т.б.) қоршаған ортаға зиян келтірмейтін тәсілмен жою керек.
Сонымен қатар, Алматы қаласының Әуезов ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы келесі санитарлық талаптарды ұстануды сұрайды:
-асхананы ұстап-күтуге қойылатын санитариялық талаптарды сақтау;
-ыдыс жуу ережесін сақтау, ыдыс жуу және дезинфекциялаушы құралдардың қорын болу;
-тағамды дайындау кезінде сақтау және өңдеу технологиясын бұзбау;
-тез бұзылатын өнімдерді (ет, сүт, кремдік және аспаздық өнімдер, қымыз т.б.) қатаң сақтау;
-үй жағдайында дайындалған кондитер өнімдерін қабылдамау;
-тағам дайындалатын орындарда тек қана рұқсат етілген, қауіпсіздігі расталған азық-түліктерді пайдалану;
-азық-түліктің сапасын құжаттармен растау;
-жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді пайдаланбау;
-дайын тағамдарды қажетті температурада сақтау;
-дастарханды таза үстелге жайып, қажет болса тағамды әзірлеп қойып, үстін жауып қою;
-үй-жайларды жиі желдету;
-асхана қызметкерлерінің медициналық тексерістен өткені және медициналық кітапшасы болуы;
-қызметкерлер мен қонақтардың жеке гигиена ережелерін сақтауын (антисептик, сабын, бір реттік сүлгілермен қамтамасыз ету) қадағалау.
Құрбан айт — бұл тек діни міндет қана емес, сонымен бірге адамгершілік пен жауапкершіліктің көрінісі. Осы мерекеде әрбір азамат өз іс-әрекеті арқылы қоғамның әл-ауқатына үлес қосуы тиіс. Санитарлық талаптарды сақтау — ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, айналамыздағы адамдарға құрмет көрсетудің нақты жолы.
Әуезов ауданының санитариялық — эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау,техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің жетекші