Home » Новости » «КҮЗГІ БАУ-БАҚШАҒА САЯХАТ»

«КҮЗГІ БАУ-БАҚШАҒА САЯХАТ»

Алматы қаласы Білім басқармасы Әуезов ауданы КМҚК №47 бөбекжай-балабақшасында “Күзгі бау-бақшаға саяхат” тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинардың ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін алған КМҚК №47 бөбекжай–балабақшасының меңгерушісі
Заманбекова Ляйла Маутбековна келген қонақтарды семинардың өтілу барысымен таныстырды.

     

Қонақтардың көңіл-күйін көтеріп, алғашқы әдемі әсер қалыптастыру үшін балабақшаның психологі “Амандасу” тренингін өткізіп, “Додекаэдр” әдістемесін оқыды.
Педагог-дефектолог — Зукураева Дина Мейіржанқызы “Балалардың ұсақ және ірі моторикасын дамытудағы әдіс-тәсілдер” тақырыбында баяндама оқыды. Баланың ақыл-ой жүйесі мен дамуына айтарлықтай үлес қосатын әдіс тәсілдермен бөліскен дефектологқа келген қонақтардың да риза болғаны анық. Педагог-логопед Айнабекова Дариха Смаиловна балалармен бірлесе отырып ерекше балалармен бірге моторикалық, дамытушы ойындар жүйесі арқылы бірнеше әдіс-тәсілді жаттығулар барысын көрсетті.

Тәрбиеленушілердің әсем әні мен бұрымды қыздардың мың бұрала билеген биі қонақтардың көңілін бір серпілтіп тастады.

Семинардың қорытынды бөлімінде қонақтар, жүрекжарды тілектерін айтып, жиынға жоғары баға берді. Мамандардың біліктіліне семинар қатысушылары риза болып, өздеріне түртіп алар жерлері көп болғанын да жасырмады.
Қорытынды бөлімнен біздің шығарар қорытындымыз №47 бөбекжай-балабақшасының ұжымы жұдырықтай жұмылып, бес саусақтай бірлесе отырып мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жолында аянбай еңбек етіп жатыр.

“Егемен елдің ертеңіне үлесімізді қосқымыз келсе, балабақшадан бастау алып, бала бойына танымдық қабілет дарыту міндетіміз” , — деп
№47 бөбекжай–балабақшасының меңгерушісі Заманбекова Ляйла Маутбековна семинарды қорытындылады.

Балабақшаларымыз жайлы, балаларымыз бақытты болсын.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*