Home » статьи » Аналар мектебі

Аналар мектебі

Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №49 бөбекжай-балабақшасында “Аналар мектебін” ұйымдастыру бойынша аудандық семинар өтті. Шараның мақсаты-қыз балалардың бойындағы Ұлттық дәстүрлерге сай әдептілік, ептілік, инабаттылык, кішіпейілділікті жан-жақты
дамыту. Қазақ халқының әдет-ғұрыпы, салт-дәстүрі арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіруде ананың алатын орынын керсету.

Балабақша меңгерушісі Валиева Жазира Иосифовна мен әдіскер Сагиева Саулегул Заманбековна семинардың ашылу рәсімін жасады. Кейін ортаға асыл әжеміз Имангалиева Гульмира Ермеккалиевна шығып, тәрбие бағытында әңгіме өткізді. Сонымен қатар семинарға ата-аналар Ашық Гулим Рустумбаевна, Айнур Меркежанқызы, Ананченко Дмитрий, Сорокина Анна  Николаевнамен “Қарлығаш”, “Жұлдыз”, “Балапан”, “Бозторғай”, “Көбелек” топтарының тәрбиеленушілері қатысты.

Қазақ халқы өте қонақжай халық
болғандықтан, әрі қарай аналарымыз ұлттық
тағамдарды пайдалана отырып, қыздарға олардың қандай еңбекпен жасалатынын түсіндіріп, бірге “Жент”, “Құрт”, “Бауырсақ” тағамдарын бірге жасады.
            

Көрермендер тәрбиеленушілердің әндерін тыңдап, би билеп, қойған қойылымдарын тамашалады.

Келген қонақтарға жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында музыка жетекшісі-Рахимжанова Динара Зулхажденовна мен хореограф Ыбырайым Жанель сергіту сәтін ұйымдастырды.
     

Іс-шараның қорытынды бөлімінде қонақтармен кері байланыс жасалып, ҚББЖТҒӘО мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің аудандық әдіскері Ногайсарина Г.Ж. өз сөзімен қорытындылады.

Семинар жоғары деңгейде өтті. Осындай керемет
іс-шараны ұйымдастырып, ұлттық құндылықты дәріптеп жүрген , №49 бөбекжай-балабақшасының ұжымына мың алғыс айта отырып, шығармашылық табыс тілейміз!

BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Елназ Тұрсынғалиқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*