Махатова Акбопе Турсынкожаевна,
Алматы қаласы, Алатау ауданы
«№164 бөбекжай – балабақшасы»
МКҚК меңгерушісі
Қыс қызығы тамаша!
Табиғаттың құпиясы адам үшін ұмытылмас сәттер сыйлайды…
Бала күнімізде шанамызды арқалап таулы қыраттарға бет алатын, дала төсінде сырғанақтар жасаған балалық шақ ешқашан санамыздан өшпейтін өлмейтін әңгіме екен…
Мамандығым балалармен жұмыс жасау болғаны сол қызықты еселей түскендей… Балалардың арасында жүріп балабақшада өтетін әр сәт ерекшелігімен болса дейміз. Табиғаттың әр маусымы өзінше ерекше. Балғындар қызықтайтын балабақша ауласындағы аппақ қардан бірлесе жасаған түрлі жануарлар бейнесі, ата ана, бала, тәрбиеші болып бірлесе «Қыс қызығы» далада атауымен ойын түрінде өткізген шарамыз есте қалған күн болды.
Тапқырлығында шек жоқ тәрбиешілеріміз ертегі кейіпкерлерінің киімін киіп балаларды қызықтыра білгені бала қуанышына шаттанған ата ананың жадыраған жүзі шараның шырайын кіргізді.
Алматы қаласы, Алатау ауданы «№164 бөбекжай – балабақшасы» МКҚК ұжымының әр күні бала үшін қызыққа толы, педагогикалық ұжым үшін ізденіске толы. Оған дәлел тәрбиешісіне алғысын айта келген ата аналардың ыстық лебізі, балабақшадан жадырап қайтар шәкірттеріміз.
Сабақты түрлі форматта, ойын түрінде бала үшін есте қалардай және әр шарадан ой түйердей өткізу басты міндетіміз. Бұл күнгі «Қыс қызығы» да табиғат көріністерін сипаттау, жануарлардың тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру, қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы түсіндіру сабақтың мақсаты болды.
Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру арқылы балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Балалар үшін қармен ойнау, аққала жасау, шанамен сырғанау, түрлі шығармашылық жұмыстар жасау (қардан сурет салу, аппликациялар жасау) көңілді әрі бала білуі тиіс мәліметтерді түсіндірудің тиімді жолы.
Балабақшада қыстың қызығы ерекше болғаны соншалық баламен балаша қуанған педагогтар мен ана аналардың алған шабыты есте қаларлықтай. Балабақшада баланы еңбексүйгіштікке баулу, адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дамытуға назар аударылады. Балабақшаның білімді, ізденімпаз педагогтері балалардың шығармашылық қабілеттерін белсенді дамытуда, танымдық қызығушылықтарын арттыруда жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныбында оқуға қажетті дағдыларын қалыптастыруда үлкен үлес қосып келеді. Осы ретте өзімнің әріптестеріме алғысымды білдіргім келеді. Балабақшамызда өтіп отыратын спорттық, қайырымдылық, шығармашылық шаралар арқылы ата анамен бірлесе отырып, баланы тәрбиеге баулу жолында жасаған жұмыстарымызды әлі де жалғастыра береміз. Қолдау көрсетіп жүрген ата аналарды ерекше атап өткенім жөн. Балалар үшін көңілді, қауіпсіз, пайдалы іс шараларымыз жалғаса берсін.