Home » статьи » Ұстаз еңбегі — ұлт мерейі

Ұстаз еңбегі — ұлт мерейі


Алматы қаласы, Наурызбай ауданы
№200 мектеп-гимназиясының директоры
Айнұр Нұрымқызы

Сіздер — ұлттың ұлы құндылықтарын бойына сіңіріп, болашаққа жол нұсқайтын ұлы мамандық иелерісыздар. Шәкірттің әрбір жетістігі — ұстаздың шыдамдылығы мен жүрек жылуының жемісі. Сол себепті де, ұстаз болу — асыл арман, айрықша мәртебе, ұлт алдындағы ұлы жауапкершілік.

Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы №200 мектеп-гимназиясы — білімі мен тәрбиесі қатар өркендеген ұлағат ордасы. Біздің мектебіміздің ұстаздары — шәкірт бойына тек ғылым-білімді ғана емес, адалдық пен ізгілікті де дарытып келе жатқан мақтанышымыз.

Ұстаздардың еңбегі арқылы мектептің мәртебесі асқақтап, шәкірттің жүрегіне үміт шамы жағылады. Сіздер әр күн сайын бала жүрегіне сенім ұялатып, болашақтың жарқын келбетіне жол ашып келесіздер.

Осы ретте ерекше атап өтетініміз — мектебімізде табысты жүзеге асып келе жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы. Бұл бағдарлама шәкірттердің бойына отансүйгіштік, әділеттілік, мейірім мен жауапкершілік секілді қасиеттерді орнықтыруды мақсат етеді. Аталған бағдарлама арқылы мектеп ұжымы жас буынды адалдыққа баулып, елге қызмет етудің биік мұратын насихаттап келеді. Мұнда әрбір ұстаздың қолтаңбасы, жанқиярлық еңбегі бар.

 

Құрметті әріптестер!
Ұстаздар күні мерекесінде баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Шәкірт жүрегіне білім мен өнегенің дәнін еккен еңбегіңіз баянды болсын. Ұжымдағы ынтымақ пен бірліктің арқасында мектебіміздің мерейі биіктей берсін.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға шаттық, кәсіби еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Ұрпақтың санасына сәуле сыйлаған ұстаздарымыздың мерейі әрдайым үстем болғай!

Ізгі тілекпен,

One comment

  1. Құрметті Айнұр Нұрымқызы,
    Білім ошағын даналықпен басқарып, ұжымға әрдайым бағыт-бағдар беріп келе жатырсыз.
    Сіздін мейірімділігіңізбен қарапайымдылығыңыз ұжым алдындағы биік мәртебеңіз!
    Сізге мықты денсаулық, жемісті еңбек, толағай табыс тілеймін! Еңбегіңіз әрдайым бағаланып,абройыңыз арта берсін!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*