«Болашаққа бағытталған жолдау – білімдегі жаңғырудың негізі»
«Жасанды интеллект технологиясын дамыту – еліміздің болашағы үшін аса маңызды. Қазақстан осы үдерістен шет қалмауы тиіс»
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Қ.ТОҚАЕВ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте жариялаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жаңа бағыттарды айқындап берді. Осы маңызды құжатты талқылау мақсатында Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №207 мектеп-лицейде педагогикалық ұжыммен іс-шара өткізілді.
Іс-шараға мектеп-лицей директоры Елеманова Алия Сейдекаримовна, мектеп-лицей әкімшілігі, ұстаздар құрамы қатысты. Іс-шарада Жолдауда айтылған білім беру саласына қатысты бастамаларға ерекше назар аударылды. Президенттің «Жасанды интеллект технологияларын білім беру жүйесіне кеңінен енгізу – болашақтың кепілі» деген сөзі ұстаздарға зор серпіліс берді.
Мектеп-лицей директоры Елеманова Алия Сейдекаримовна Жолдаудағы негізгі басымдықтарға тоқталып, білім сапасын арттыру, цифрлық дағдыларды дамыту, жаңа технологияларды меңгеру бағытында атқарылар жұмыстар жайында баяндады. Ұстаздар қауымы өз ойларымен бөлісіп, жас ұрпақты тәрбиелеуде жаңа мүмкіндіктер ашылатынын атап өтті.
Сонымен қатар, тарих пәнінің мұғалімдері Жолдаудың мазмұнын талқылап, жасанды интеллекттің болашағы мен оның күнделікті өмірдегі рөліне қатысты өз пікірлерін ортаға салды. Мектепте өткен бұл іс-шара Президент Жолдауының мән-маңызын түсіндіруге, оны жүзеге асырудағы әрбір азаматтың рөлін айқындауға ықпал етті. Іс-шара соңында ұстаздар білім саласындағы жаңа бастамаларды қолдайтынын және Жолдауды жүзеге асыруға өз үлестерін қосуға дайын екендерін жеткізді.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы
«№207 мектеп-лицей» КММ әкімшілігі
