Home » Новости (page 13)

Новости

ЕЛОРДАДА АШЫЛҒАН ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНЕ 25 ЖЫЛ

Тәуелсіздік алған жылдардан кейін Астанамыз бой көтеріп талай тарихи сәттерге қол жеткіздік. Бас қаламыз Астана атанғаннан күннен бастап жаңа қаланың дамуы басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып жатыр. Осы аптада елордада ашылған тұңғыш қазақ мектебі Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейі 25 жылдығын атап өтті. Астанадағы қазақ мектептерінің көшін бастаған оқу орны тарихтан өзіндік орын алды. Мектеп-лицейдің алғашқы директоры Қасымбек Жамал ...

Толығырақ »

Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның 100 жылдық мерейтойы

Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның 100 жылдық мерейтойы Еліміздің болашағы жас ұрпақ дейтін болсақ, сол ұрпақты тәрбиелеп, білім беруде білім мекемелерінің алатын орыны зор. Сондай білім ордасының бірі әрі бірегейі биыл 100 жыл толып отырған Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия. 1924 жылғы 22 қазандағы Қазақ КСР Халық Комиссарлар кеңесінің қаулысы бойынша Қазақтың өлкелік  үлгілі тәжірибе мектебі болып ...

Толығырақ »

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ҰЛЫҚТАҒАН БАЛАБАҚША

Болашақта ел тұтқасын ұстар бүгінгі балдырғандардың өнегелі тәрбиесі – күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі. Ал тәрбиелеудің бірден бір жолы – олардың рухани-адамгершілік байлығын арттыру. Болашағына жол сілтейтін осы мәселе кезек күттірмес дүние екенін ескере білген Алматы Білім басқармасына қарасты Алатау ауданында орналасқан №165 бөбекжай-балабақшасы тәрбие негізін ата-анамен бірлесе, үйлестіре жүргізіп келеді. Жуырда балабақшада өткен «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген ...

Толығырақ »

Берекелі, мерекелі алтын күз!

Алматы қаласы, Әуезов ауданы №158 бөбекжай-балабақшасырда «Берекелі, мерекелі алтын күз!» атты күз мерекесі өтті.      Күз мерекесіне “Бүлдіршін”, “Балауса” және “Балдәурен” топтары қатысты. Іс-шарада балалар өлең жолдарын нақышына келтіріп орындап, күзге қатысты ән айтты, күзгі вальс пен би биледі және сахналанған көрініс те қойды. Аталмыш шараны бүлдіршіндердің өзі де асыға күткені көрініп тұр. Балабақша іші түрлі-түсті жапырақтармен безендіріліп, жылдың ...

Толығырақ »

  «Күлдір-күлдір  кісінетіп…» Тәуелсіздігіміздің арғымағы асулы белдерде

Даналық ойдың бастауы, шешен сөз бен көсем сөздің тұнығы  – жыраулар поэзиясы екені бәрімізге аян.  Асан қайғыдан басталып, Абылайдың «тілі мен көмейі»болған Бұхар жыраумен жалғасқан жыраулар мектебінің белді өкілдерінің бірі — Ақтанберді Сарыұлы. Жалпы,  Ақтанберді жырау поэзиясын бірнеше тақырыптарға бөлетін болсақ, соның әрқайсысында  ел тағдыры,  батырлық ойлар айқын көрініс тапқан. 1730 жылдардың бел ортасында  қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан ...

Толығырақ »

Ұлылармен кездескендей болдым 2

    Кеше Астана қаласы білім басқармасына қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінде, Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясында, Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясында, Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясында болдым. Ұлылырдың есімін ұлықтаған оқу орындарына барғанда рухтарымен кездескендей боласың. Адымдап басуың былай тұрсын, есікті қатты жабудың өзі ұят сияқты көрінді маған. Именшіктеп кіріп, иіліп жүреді екенсің.      Мұстафа Шоқай мұражайына ...

Толығырақ »

Ұлылармен кездескендей күй кештім…

Таң қылаң бере Астанадағы Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінің алдына тоқтадым. Сағатыма қарасам әлі сегіз де болмаған екен. Таң атпай ешкімді мазаламайын уақыт өткізіп, әлем желіні шарлап шығайын дедім.       Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен кездесіпті. Біздің президентіміз бойшаң сияқты еді, Александр мырзаң тіптен ұзын екен. Әскерін бір жіпке тізгендей қаздитып қойып Қасым-Жомарт Тоқаевты күтіп алыпты. Мәселе ...

Толығырақ »

БАСШЫЛАРДЫҢ ДЕБАТЫ ӨТТІ

ЕЛОРДАДАНЫҢ МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫ АРАСЫНДА “БІЛІМДІ ҰРПАҚ- ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАҒДАР” ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТТАН ТУРНИР ӨТТІ Астана қаласы Білім басқармас қолдап, Әдістемелік орталық №104 орта мектебінде “Білімді ұрпақ-жарқын болашаққа бағдар” тақырыбында дебаттан ұйымдастырды. Пікірсайыс турнирінің мақсаты менеджменттің жаңа үлгісін қалыптастырып, басшы қызметкерлер арасында дебаттық турнирлерді дамыту. Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған пікір сайысқа №11, № 17, № 43, № 49,№ 53, № 58, ...

Толығырақ »

Заманауи жағдайлар — ECERS — 3

Алматы қаласы Білім басқармасының «Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған № 54 бөбекжай-балабақшасында» КММ-де «ECERS – 3 тәуелсіз құралын пайдалана отырып, ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен білім сапасын өлшеу» тақырыбында семинар өтті. Заманауи жағдайлар мектепке дейінгі ұйымның көрсетілетін білім беру қызметінің түбегейлі жаңа моделін құру қажеттілігін туындатады. Қазіргі заманғы сапаны бағалаудың негізгі екі мәселесі бойынша анықталады: бірінші, білім игерудің ...

Толығырақ »

Дана әже-жас ана

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №194 бөбекжай-балабақшасында «Қазақ қызының әшекей бұйымдар тағу мәдениеті» тақырыбы бойынша іс-шара өтті. «Әшекейі жоқ әйел, жапырағы жоқ ағашпен тең» демекші ертедегі қыз, келіншектер, апа әжелеріміз ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдарын шашбауларын сылдырлатып, қолдарына жүзік сақиналарын тағып жүрген. Қазақтың халық өнерінің  жете дамыған түрлерінің бірі  қазақтың әшекей бұйымдары арқылы  халық педагогикасының  зергерлік өнері жайлы насихаттау және оны дамыту ...

Толығырақ »