Home » Новости (page 7)

Новости

Алматы қаласындағы ЖРВИ, тұмау аурулары бойынша эпидемиологиялық  жағдай

Алматы қаласы бойынша қазіргі уақытта  жедел респираторлық инфекциялардың (бұдан әрі — ЖРВИ) бақылау деңгейінен аспайтын маусымдық өсуі байқалады. Өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 19091 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шыққандағы көрсеткіші — 832,75 — і құрайды, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,9 пайызға (19525 жағдай) төмен және бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 7,8 пайызға (17578 жағдай) жоғары . Бұл аурудың 62,6% ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ МЫСЫРДА ӨТКЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕКІ АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ

2025 жылғы 1-6 ақпан аралығында Мысыр Республикасының Каир қаласында өткен пауэрлифтингтен ашық әлем чемпионатына Астана қаласының Райымбек батыр атындағы № 50 “Қазғарыш” мектеп — лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Ержанова Айгүл Тұрғанбайқызы екі алтын медаль алып, көк байрағымызды желбіретті. Жиырмаға жуық мемлекеттен келген әйелдер ішінен елу төрт жастағы ұстаз жасының үлкендігіне қарамастан ел намысын қорғап 100 кг ауыр зілтемірді көтеріп рекордтық ...

Толығырақ »

Оюлар сыр шертеді

Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №53 бөбекжай-балабақшасында Біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында ата-аналардың қатысуымен “Оюлар сыр шертеді” тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті. Шара №53 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Айгерим Абызовнаның алғы сөзімен басталды. —«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мақсаты ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын, адал, еңбекқор, ұлтын сүйетін жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Жас өргеннің болашаққа іргетасы балабақша қабырғасында қаланатынды. Абай атамызша айтқанда әр тәрбиеленушінің “дүниеге бір кірпіш” болып ...

Толығырақ »

ӘЛЕМ ХАЛҚЫ АҚТАУҒА НАЗАР АУДАРМАҚ

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен «ТҮРКСОЙ» ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевтың кездесуінен кейін бұл жоба нақтылана түсті. Өткен жылы халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлері кеңесінің 41-отырысы өтіп, сол жиында аталған көшпелі міндетті ТҮРКСОЙ ұйымы шешімімен Түрікменстанның Анау қаласынан Қазақстанның Ақтау қаласы қабылдап алған еді. Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған-ды. Енді Ақтау шаһары ...

Толығырақ »

«Ұлттық құндылықтар — ел қазынасы»

Алматы қаласы білім басқармасына қарасты № 106 бөбекжай балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдардағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қойылатын заманауи талаптар» мектепалды топ тәрбиешілеріне арналған іс-тәжірибе тарату семинары, сонымен қатар біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ұлттық құндылықтар — ел қазынасы» тақырыбында семинар өтті. Жиынға Медеу ауданының білім бөлімінің бас маманы Омарова Әлия Рысбековна қатысты.        Сондай-ақ Медеу ауданындағы өзге балабақша тәрбиешілері ашық ...

Толығырақ »

Балабақшадағы тәрбие – болашақтың іргетасы

2024 жылдың қараша айының соңында «Алматы қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың денсаулығын басқару» жобасын іске асыру басталды. Жоба аясында Алматы қаласы, Медеу ауданы №109 бөбекжай-балабақшасында «ОО Қазақ тағамтану академиясы» ЖШС қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, қатысушыларды жобаның негізгі міндеттері мен мақсаттарымен таныстырды. Балабақшада мектепке дейінгі жастағы балалар мен олардың ата-аналарының дұрыс тамақтану және денсаулықты нығайту мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған ...

Толығырақ »

Қазақшаң қалай балақай?

Алматы каласы, Әуезов ауданы, № 33 бөбекжай- балабақшасында “Қазақшаң қалай балақай?” тақырыбында іс-шара өтті. Балабақша меңгерушісі Аида Майбековна іс-шараны өзінің алғы сөзімен бастады. Іс-шараға мектепалды орыс тілінде оқытылатын топтардың тәрбиеленушілері мен ата-аналары қатысты. Қоржын ішіндегі асықтарды таңдау арқылы “Қарлығаш”, “Достық”, “Жұлдыз”, “Қыран” , “Барыс”, “Болашақ” деп алты топқа бөлінді. Қатысушылармен танысу және ойынға деген ынталандыру мақсатында іс-шара шаттық шеңберімен басталды. ...

Толығырақ »

Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі – Мұқағали Мақатаев!

Осы атаумен Алматы қаласы, Медеу ауданы, Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай аудандық дене шынықтыру мұғалімдері арасында волейбол турнирін өткіздік. Биыл ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толып отыр. Ол 1931 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағали сыршыл ыстық лирикасымен өз оқушыларының жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың ләззатына қандырып, өзінің ...

Толығырақ »

Мұқағали Музаға…

Мұқағали Музаға… Алматы қаласы, Жетісу ауданы, №108 мектеп-гимназиясында Республикалық жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасындағы Мұқағали Мақатаев оқуларының аудандық кезеңі өтті. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Байқаудың ашылу салтанатында қонақтар Мұқағали атамыздың өз дауысын тыңдап, өмірбаянымен танысып, әңдерін тыңдап, рухани демалды. Кеш қонақтарының қатарында ...

Толығырақ »

Дәстүрімнің балқаймағы — әжелер

Бар жылы-жұмсағын тауысып, ыстық-суығын ажыратып, бойындағы бар жылуын өз жанының бөлшегіне бөліп беруге даяр ата мен әже – кемел келешекке ақыл үлестіруші кемеңгерлеріміздің қатысумен Алматы қаласы, Әуезов ауданы қарасты №129 бөбекжай-балабақшасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Әжелер мектебі» жобасы аясында «Дәстүрімнің балқаймағы — әжелер» сайысы өтті. Әженің ақ жаулығына барлық иба, инабат пен мейірім түгел сіңіп, немересіне елжіреген сәт тамырын бойлап, балаға ...

Толығырақ »