Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.
Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.
Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.
(Өлең аяқталып болған соң екі жүргізуші келіп тұрады).
1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар!
Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл — бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
Ведущий 2
8-го Марта — отмечает наша планета — женский день. Мы привыкли к нему, как к доброму и веселому празднику. В этот день принято дарить цветы. Но не всегда было так. Когда- то, очень давно женщины считались слабым полом. Они не имели свободы, не имели никаких прав. Женщин это возмущало, и они решили бороться за независимость и равноправие, уважение своего достоинства и за мир на земле. Прошло более 60 лет до того момента, когда Клара Цеткин – женщина, возглавившая борьбу за равноправие на труд и достойную оплату, предложила праздновать 8-е марта как женский день на международном уровне. Настойчивые требования женщин были услышаны, и было решено отмечать ежегодно Международный женский день. В настоящее время 8 Марта стал праздником весны и мира, праздником хорошего настроения и красоты.
Дорогие гости,, примите от нас в праздник необычный весенний букет, который состоит из песен, танцев и слов поздравлений!
8 Марта – День торжественный,
День радости и красоты!
По всей земле он дарит женщинам
Свои улыбки и цветы.
1-Жүргізуші
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды — дей келе ортаға сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.
Ән: Орындайтын Аққай А. 9 а сынып ұлдары Анаға сәлем
1-Жүргізуші
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің ұстаздар! – дей келе құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Д.К. Балмухановаға береміз.
(директор сөз сөйлейді)
1-Жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Бахытжан мұғаліімнің орындауында тамаша әнді арнаймыз
1-Жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, — дей отырып келесі кезекті 5 А сыныбының орындауындағы « » биіне береміз.
1-Жүргізуші
Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген — рәмізі сұлулықтың
Ана деген — бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Ән:
Жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар.
1-Жүргізуші
Ару — Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, — ән шырқалар бақытымен, бағымен –
Меркель Е.орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.
2-Ведущий: Дорогие мамочки, бабушки, девочки! Сегодня мы собрались здесь, чтобы высказать вам, свою глубокую любовь, уважение и великую благодарность. Дети – самое дорогое для матери. Ее любовь самая святая и бескорыстная. Мать – первый учитель и самый близкий друг ребенка. На свете нет человека роднее и ближе мамы.
В этот мартовский денек мы гостей созвали
Мам и бабушек своих усадили в зале
Воспитателей, учителей, женщин всех на свете
С этим праздником большим поздравляют дети!
Мы и песни вам споем и стихи расскажем
С женским днем, с женским днем
Вместе:
Мы Вас поздравляем!!!
Жүргізуші: Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен
Ән айтпақшы ұлдарыңыз сіздерге
Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен,- дей келе ортаға 4а сынып оқушысын
шақырамыз
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Жырларын ата анаға бағыштайды.
Олай болса шәкірттеріңіздің өлең шумақтарын тыңдайық.
(9 а-сынып оқушыларының жыр шашуы) Алма ,Нұрсейіт « Қос бәйтерек» әні
1-Жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту — арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
2- Ведущий
Желаем дней счастливых, ясных.
Побольше света и добра,
Здоровья, радости, успехов,
Покоя, счастья и тепла!
Ведущая: Наш праздник заканчивается. Еще раз поздравляем всех с началом весны, пусть в ваших семьях всегда светит солнце!
Құрметті қонақтар, біздің «Ана — өмірдің шуағы» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп — көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын!
Сагындыкова Салтанат Санекеевна,
учитель казахского языка и литературы,
КГУ «СОШ№59»,
г. Караганда