
Калимова Алия Темиржановна
Астана қаласы «№12 орта мектеп» КММ-нің
информатика пәні мұғалімі
«Topiq.kz» оқушыға және мұғалімге жақсы мүмкіндіктер платформасы
Қазақ тілінде, ашық әлемге,
Topiq.kz арқылы жет білімге!
Батыл бол, ұстаз, жолың жарық,
Бұл платформа – білімге шырақ!
Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Ақыл – байлық, Білім – қыран қанат» деген екен. Сондықтан да «Topiq.kz» платформасын оқушыларды білімге қанаттандырып, олардың жоғары мақсаттарға ұшып жетуіне жол салатын көпір деуге болады.
Оған мысал «Topiq.kz» платформасының интерфейсі қиындық тудырмайды, пайдаланушыға жеңіл. Пән бойынша теориялық материалдар, презентациялар, бейнесабақтар ұсынылған. Оқушы платформаны өзі қалаған жерде, уақытта, жылдамдықта пайдалану мүмкіндігіне ие. Оқушылар үшін пән бойынша сұрақтар тақырыптар бойынша жіктелген, ол әлсіз тұстармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әртүрлі қиындық деңгейіндегі тесттер жасақталған. Тест аяқталғаннан кейін оқушы дереу нәтижесін, яғни дұрыс жауаптарын және қателерін көре алады. Бұл өзін-өзі бақылау және түзету үшін өте маңызды.
Мұғалім тесттер арқылы оқушылардың нақты тақырыптарды игеру деңгейін объективті бағалай алады, уақыт үнемдейді.
«Topiq.kz» интернет кеңістігіндегі оқушы мен мұғалімге тегін және қолжетімді білім алуға шексіз мүмкіндіктер порталы. Оқушылардың өздігінен оқып-білуі үшін қызығушылығын оятатын, оқуға деген құштарлығын арттыратын, ал мұғалімге оқу сапасын арттыруға арналған сапалы материалдар мен оларды игеруге ыңғайлы орта. Бұл платформаның тегін ұсынылуы Абай Құнанбаевтың: «Оқу білім бұлағы, Білім өмір шырағы» деп айтқан сөздерін ескерііп отырғандай, ұрпақтың болашағына салынған тиімді инвестиция деп ойлаймын.
«Topiq.kz» платформасын үнемі пайдалану оқу жетістіктерін арттыруға және мұғалімнің кәсіби қызметін жеңілдетуге септігін тигізетін серіктес дер едім.
