Ата-баба дәстүрі – асыл мұра

Алматы қаласы Түрксіп ауданы
ЖШС «Балбөбек- тәрбие танымдық орталығы»
Әдіскер және Мектеп алды «Қарлығаш» тобының тәрбиешісі    
 Қарсыбекова Ботагөз Ахметжанқызы  

Мектепке дейінгі тәрбие мамандығы бойынша жұмыс істегеніме 20ж уақыт болды осы уақыт арасында баламен«Ата-баба дәстүрі – асыл мұра»  тақырыбында  жұмыс істедім .
Қазақ халқы – салт-дәстүрге бай, ұлттық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп жеткізген дана халық. «Ата-баба дәстүрі – асыл мұра» деген сөздің мәні тереңде жатыр. Өйткені салт-дәстүр – халқымыздың тарихын, мәдениетін, тәрбиесін, дүниетанымын танытатын рухани қазына.
Балабақша – баланың тұлға болып қалыптасатын алғашқы баспалдақтарының бірі. Сондықтан бүлдіршіндерге кішкентай кезінен ұлттық құндылықтарды таныстырудың маңызы зор. Балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын ойын, ән, әңгіме, көрініс және түрлі тәрбиелік іс-шаралар арқылы үйретуге болады.
Қазақ халқы ежелден үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, қонақты құрметтеуді, үлкеннің батасын алуды ерекше бағалаған. «Бата», «шашу», «бесікке салу», «тұсаукесер», «сәлем беру» сияқты дәстүрлер арқылы балаларға әдептілік, мейірімділік, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыруға болады.   «Асық ату», «Арқан тарту», «Ақсерек – көксерек», «Тақия тастамақ» сияқты  балабақшадағы ұлттық тәрбие барысында балаларға ұлттық ойындарды үйретудің де орны ерекше.
Сол сияқты  балабақшада дәстүрге айналған  «Қыз сыны»,  «Жігіт сұлтаны» атты сайыстар өткізіледі, осы сайысты сіздермен бөлісейін

Жігіт сұлтаны 
«Ата- баба дәстүрі асыл мұра »
Бағдарламада

  1. Шығуы
  2. Өзін -өзі таныстыру
  3. Өз өнерін көрсету(би,ән,өлең оқу, қол өнері) біреуін таңдап дайындалу.
  4. Сұрақ жауап
  5. Қол өнері  дайындалған зат  әкесімен жасаған. (әкелу)
  6. Қамшы өру

 Әкелер мен Аталар бұрышы өз қол өнерлерін қойып көрме жасау
Әкелеріне қатысуға болады

       СҰРАҚТАРЫ:
Асылхан   Сұрағы  Төрт түлік малды ата және иесін айт?
Әділ   Сұрағы     Киіз үйді қалай құрастырамыз  не үшін керек пайдасы қандай?
Жангир Сұрағы    Ұлттық  ер адам киімі  қалай аталады түрлері?
Данял Сұрағы    Малдың жілік атаулары қалай аталады?
Сұлтанмұрат. Сұрағы     Жеті ата қалай аталады? Ер жігіттің үш жұрты  қалай аталады?
Алан.  Сұрағы  Ат әбзелдерінің атауы қалай аталады? Жеті қазынаны  білесіңбе?
Әділхан. Сұрағы     Салт дәстүрлерді ата?
Асыл.     Сұрағы         Ұлттық ойындарды ата ?
Мансұр .  Сұрағы          Жыл қайыру  айтып бер?
Әли.   Сұрағы           Үш арсызды     атаңыз?

  Амир
 Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
 Байқау барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады
 Құрметті   балалар,ата аналар, балабақша ұжымы Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» қош келдіңіздер!

1 – жүргізуші  Айару
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыскерлерімізді шақырайық!

Қарсы алыңыздар!

             1-2 ші нөмірлі:
            Үлкендерді сыйлайтын,
            Айтқаныңнан шықпайтын
            Сұлтанмұрат, Данял  жігіттерімізді  ортаға шақырамыз.

             3-4ші нөмірлі
             Спорт пен білім жағын бір қосқан,
             Кем қалмаған талантпен табысқан
             Әділхан,Асылхан қырандарымызды ортаға шақырамыз.

  5-6 ші нөмірлі
  Жүрегі ақ, тілегі пәк
  Асыл, Әли ұлдарымызды ортаға шақырамыз.

   7-8 ші нөмірлі
  Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,
  Тобымызда өнерімен болған сыйлы
   Әділ,   Жангір ұлдарымызды ортаға шақырамыз.

  9-10ші нөмірлі:
  Еңбек сүйгіш таудай талант бойында,
  Барлық істі тыңдау бар ойында
  Мансұр,Алан ұлдарымызды ортаға шақырамыз.

жүргізуші:
«Жігіт сұлтаны» байқауындағы әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1
2

3  

Жүргізуші
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, — дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын 
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!

Бүгін міне дәстүріңді дәріптеп  қойғалы отырған  жігіттің сұлтандары   сендерге   сәттілік , ақ жол .

  «ӘНҰРАН»
«Бәрекелді!»  «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» олай болса сайысымызды бастайық .
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен  жігіттер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.

І бөлім «Тегімді менің сұрасаң…» өзін таныстыру.

1.Данял
Танысу
Мен Даниял алтыдамын
Шуақ шашқан баламын
Әдемі сурет саламын
Албан атты текті елдің
Рухынан жаралғанмын
Балабақшамда білім аламын
Армандарға қанат қағамын
Елін сүйген азамат боп
Биік шыңға шығамын
2.Сұлтанмұрат
Таныстыру
3. Асылхан
4. Әділхан
Таныстыру

          5.Асыл

Таныстыру

6.Әли
Таныстыру
7.Әділ
Таныстыру
8.Жангир
Таныстыру
9. Мансұр
Таныстыру
Аламанға бақ сынап менде келдім
Маржан сөзді жүректен менде тердім
Ассалаумағалейкум баршаңызға
Мансұр деген атымнан сәлем бердім
10.Алан
Таныстыру
11.Амир
Таныстыру
«Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай –

3.    Өз өнерін көрсету(би,ән,өлең оқу, қол өнері) біреуін таңдап дайындалу.
 1.    Данял: Сурет салу «Күз»
2.    Сұлтан:   есеп шығарады   
3.   Асылхан:  Би
4.  Әділхан : Жолда жүру ережесі мен белгісін айтты
5.   Асыл :Ермек сазбен жұмыс
6.   Әли :Ермек сазбен жұмыс
7.   Әділ:  легомен жұмыс
8.  Жангир: «Айчыкты» Қырғыз әні
9.   Мансұр  : Сән үлгісі   «Пісте батыр» кимімен
10.  Алан   Сурет салу   «Табиғат» 
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Көркіне ақылы сай» деп аталатын сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. 
Сұрақ-жауап сайысы 

СҰРАҚТАРЫ:
Данял Сұрағы    Малдың жілік атаулары қалай аталады?
Сұлтанмұрат. Сұрағы     Жеті ата қалай аталады? Ер жігіттің үш жұрты  қалай аталады?
Асылхан   Сұрағы  Төрт түлік малды ата және иесін айт?
Әділхан. Сұрағы     Салт дәстүрлерді ата?
Асыл.     Сұрағы         Ұлттық ойындарды ата ?
Әли.   Сұрағы           Үш арсызды     атаңыз?
Әділ   Сұрағы     Киіз үйді қалай құрастырамыз  не үшін керек пайдасы қандай?
Жангир Сұрағы    Ұлттық  ер адам киімі  қалай аталады түрлері?

Мансұр .  Сұрағы          Жыл қайыру  айтып бер?
Алан.  Сұрағы  Ат әбзелдерінің атауы қалай аталады? Жеті қазынаны  білесіңбе?

  1. Қол өнері  дайындалған зат  әкесімен жасаған. (әкелу)

Аитып беру
(әкелерімен жасаған заттары көрмеге қойылады)
Қамшы өру   (неше бала сонша орындыққа жіп байланады соны өреді)
Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша, «Қаражорға» биін билейік.

1 – жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп тобымызда  жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.

 Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады.
Марапаттау:
1. Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны»
2. «Дарынды жігіт»
3. «Сегіз қырлы, бір сырлы».
4. «Өнерпаз жігіт»
5. «Парасатты жігіт»
6. «Алғыр жігіт».
7. «Шымыр жігіт».
8. «Шешен жігіт»
 9.«Батыр жігіт»
10. «Биші жігіт»
11. «Әнші жігіт»
1– жүргізуші:
Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!

 . «ҚЫЗ ӨССЕ ЕЛДІҢ КӨРКІ , ГҮЛ ӨССЕ ЖЕРДІҢ КӨРКІ»

                      Қыз сыны  байқауының  бағдарламасы.   

  1.  Шығуы      (киінуі жүріп тұруы)
  2.  Өзін-өзі таныстыруы
  3.  Өз өнерлерін көрсету
  4. Сұрақ жауап   (көрнекілік пайдалану)
  5. Жемістерден көк өністерден салат әзірлеу немесе  әшекейлеу

( фартук,орамал дайын заттарды жасау, ыдысқа салады столға қалай қояды соны әзірлеу)

  • Марапаттау
  • Аналар бұрышы өз қол өнерлерін жасап көрмеге қою.

Сұрақтары:

  1. Қыз баланың,аналардың Қандай ұлтық әшекейлерін білесің?      Айгерім        
  2. Әйел адамдарға, қыз балаға арналған қандай ұлттық киімді білесің?      Шырын
  3. Ұлттық ыдыстар атауын білесіңбе?     Дария     
  4. Ұлттық  тағамдарды  ата?     Көзайым    
  5. Бесік туралы не білесің?      Айкөркем А       
  6. Түскиіз ,сырмақ деген не, қалай жасалады?        Мариям   
  7. Ұлттық аспаптарды ата?        Айзере      
  8. Жұт  деген не?      Садат        
  9. Бес арысты ата?         Айсана        
  10. Ұлттық ою-өрнектерді ата?    Айару       
  11. Салт дәстүрді ата?     Даяна       
  12.  Қыздарға байланысты бес  мақал айт ?      Айша     
  13. Рәміздерді білесіңбе?      Каусар          
  14. Төрт- түлік малды ата пайдасы?         Айкөркем Ү   
  15. Ұлттық ойындарды  білесіңбе?        

АНАЛАРЫ БІРГЕ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ  КӨРІНІС ҚОЮҒА ,ӘН АЙТУҒА   ……..     өздеріңіздің еріктеріңізбен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *