Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың тілін дамыту, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету және қазақ тілінің дыбыстық жүйесін меңгерту – логопед жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта балалармен жеке жұмыс жүргізуге арналған арнайы дәптер әзірленді.
Аталған жеке жұмыс дәптерінде қазақ әліпбиіндегі 42 әріп пен оған сәйкес дыбыстарды меңгертуге арналған түрлі тапсырмалар қамтылған. Дәптер мектепке дейінгі жастағы балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған. Тапсырмалар қарапайымнан күрделіге қарай беріліп, баланың дыбысты есту, тану, ажырату, дұрыс айту, буындау және сөз ішінде қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Дәптердің мақсаты:
Балаларға қазақ тіліндегі 42 әріпті таныстыру, олардың дыбысталуын меңгерту, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру және дыбысты сөз ішінде қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері
- қазақ тілінің 42 әрпімен таныстыру;
- әріп пен дыбыстың айырмашылығын түсіндіру;
- дыбысты дұрыс және анық айтуға жаттықтыру;
- дыбыстарды есту арқылы ажырату қабілетін дамыту;
- әріпті тану және есте сақтау қабілетін қалыптастыру;
- дыбыстың сөздің басында, ортасында, соңында орналасуын анықтауға үйрету;
- буын және сөз құрауға үйрету;
- баланың сөздік қорын молайту;
- ұсақ қол моторикасын дамыту;
- зейінін, есте сақтауын және ойлау қабілетін жетілдіру.
42 әріпті меңгертудегі тапсырмалар жүйесі
Дәптердегі әр әріпке арналған тапсырмалар бірізділікпен құрастырылған. Баланың әріпті тек жаттап қана қоймай, оны дыбыспен байланыстырып, сөз ішінде қолдануына ерекше көңіл бөлінеді.
Әріппен танысу
Алдымен бала берілген әріптің баспа және жазба үлгісімен танысады. Әріптің атауын айтып, дыбысталуын тыңдайды.
Алдымен бала берілген әріптің баспа және жазба үлгісімен танысады. Әріптің атауын айтып, дыбысталуын тыңдайды.
Мысалы: Бала қандай дыбыс шығарып тұр?
А-А-А
Айнадағы өзіңнің жүзіңе қарап тұр да, «А» дыбысын айт.
Айтшы, мына сурттердің атаулары қандай дыбыстан басталады?
Суреттегі бейнелердің қай әріпке басталатынын атап,
суреттерді боя.
Әрбір суреттің атауынан «Р» дыбысын тап және оның сөздің қай бөлігінде тұрғанын анықта:
Бөрік
Домбыра
Рояль
Робот
Суреттерге қара да, олардың аттары қандай дыбыстан басталатынын
айтып бер?
Орақ
Орман
Ойыншық
Орындық
Мен дыбыстарды атап айтып тұрамын, ал сен, олардың ішінен «О» дыбысын естіген кезіңде, қол шапалақта:
А О И Ы О А О У О Е Ө О
Мен дыбыстарды әндетіп айтып тұрамын, ал сен, сөз ішінен «О» дыбысын естіген кезіңде, маған қосылып әндет:
У-У-У-А-А-А-О-О-О-И-И-И-О-О-О-Ө-Ө-Ө-О-О-О
Әрбір суреттің атауынан «Л» дыбысын тап және оның сөздің қай бөлігінде тұрғанын анықта:
Лақ
Лимон
Балық
«Л» дыбысы сөздің қай бөлігінде тұрғанына байланысты, әрбір сөзді сандыққа сал:
Л… …Л… …Л
Балта, дала, ғалым, жал, жалқау, жол, қалам, осал.
Әрбір суреттің атауынан «С» дыбысын тап және оның сөздің қай бөлігінде тұрғанын анықта:
| Тасбақа |
| Мысық | Сағат | ||||
Өлеңді жаттап ал.
Сағат пенен сөмкені,
Салтанатқа сыйласын.
Ерте тұрып ерінбей,
Сабағынан қалмасын.
Жаңылтпашы қайтала.
Кім сызығышсыз?
Біз сызығышсызбыз.
Сызығышсыз сызғыз.
Сөзді аяқта ойыны:
БА(С) ЫДЫ(С) СА(НА) СО(НА)
ТА(С) КҮМІ(С) СА(ҒАТ) СО(РПА)
ҚА(С) ҚАМЫ(С) СА(БЫН) СО(ҚА)
ЖА(С) ҚҰ(С) СА(БАҚ) СӨ(МКЕ)
Мына суретке қарап, қандай дыбыстан басталатынын айт. Уық
Мұқият тыңда!
Мен дыбыстарды атап айтып тұрамын, ал сен, олардың ішінен «У» дыбысын естіген кезіңде, қол шапалақта:
А О У И Ы А У О И У Ө Е У
Мен дыбыстарды әндетіп айтып тұрамын, ал сен, сөз ішінен «У» дыбысын естіген кезіңде, маған қосылып әндет:
О-О-О-И-И-И-У-У-У-А-А-А-У-У-У-Е-Е-Е-У-У-У
Мен сөздерді дауыстап айтамын, ал сен, сөз ішінен «У» дыбысын естіген сайын, алақаныңды шапалақта:
Ту, қу, уақыт, ыдыс, ботақан, жылы, дала, торай, өзен, доп, туысқан, су, суық, бу.
Әрбір суреттің атауынан «Ы» дыбысын тап және оның сөздің қай бөлігінде тұрғанын анықта:
Ыдыс
Шырша
Қыс
Әрбір суреттің атауынан «Д» дыбысын тап және оның сөздің қай бөлігінде тұрғанын анықта:
Доп
Адам
Дала
Мұқият тыңда! Мына өлең жолдарында қандай дыбыс көп кездеседі?
Даланың шөбін жапырып,
Дарияның суын сапырып.
Дауыл соғар долданып,
Дабылдатып ақырып.
Суретті қосып, сөйлемді оқы.
Ба-ла-лар ой-на-ды. су-да жү-зе-ді.
«Д» дыбысы сөздің қай бөлігінде тұрғанына қарап, әрбір сөзді қажет сандыққа сал:
Д… …Д…
Дос домбыра Жандос адам балмұздақ дәмді дойбы
Әрбір суреттің атауынан «Т» дыбысын тап та, ол сөздің қай бөлігінде тұр-соны анықта:
Етік
Автобус
Үтік
Мұқият тыңда! Мына өлең жолдарында қандай дыбыс көп кездеседі?
Мойнына моншақ іліп ап,
Мысық жатыр пырылдап.
Маңына маса келіп қап,
Мазасын алды ызылдап.
Әрбір суреттің атауынан «М» дыбысын тап және оның сөздің қай бөлігінде тұрғанын анықта:
Мысық
Тамшы Жүзім
«Н» дыбысы сөздің қай бөлігінде тұрғанына байланысты, әрбір сөзді сандыққа сал:
Н… …Н… …Н
Найза, орман, қонақ, итмұрын, ине, ерін, қант, өзен, өнер.
Әрбір суреттің атауынан «Н» дыбысын тап және оның сөздің қай бөлігінде тұрғанын анықта:
Әрбір суреттің атауынан «Ң» дыбысын тап және оның сөздің қай бөлігінде тұрғанын анықта:
Қоңыз
Қоңырау
Шаңғы
Қайсы әріп,
Қасарып,
Көнбейтін болуға бас әріп? (Ң)
Өлеңді қайтала
Қаңбақ, жаңғақ, аң, шың, жең
Жаңбыр, қайың, таң, тың, сең-
«Ң» — нан сөз жоқ басталған –
«Ң» — үлестен бос қалған.
Мен сөзді бастаймын, ал сен «Ң» дыбысын қосып аяқта
А(Ң) О(Ң) ТА(Ң) ТО(Ң)
Жоғалған дыбысты тауып, жаз.
Ма…дай ше…бер же… қа…бақ
Мынаны айтшы: қай дыбыс осы суреттердің атауларының ішінде кездеседі?
Ғарышкер
Сағат
Жаға
«Ғ» дыбысы бар сөздерді есіңе сақтап қал да, қайталап айтып бер:
Қаз аға қала қарға торғай
Әрбір суреттің атауынан «Ж» дыбысын тап және оның сөздің қай бөлігінде тұрғанын анықта:
Қонжық
Жастық Жылан
Әрбір суреттің атауынан «І» дыбысын тап және оның сөздің қай бөлігінде тұрғанын анықта:
Ірімшік
Ілгіш
Көгершін
Жіп
Дәптердегі тапсырмалардың ерекшелігі
Жеке жұмыс дәптерінің басты ерекшелігі – әр балаға жеке бағытта қолданылуында. Логопед баланың қай дыбысты меңгеруде қиындық көретініне қарай тапсырмаларды таңдап, қайталау жұмыстарын ұйымдастырады.
Мысалы, бала белгілі бір дыбысты дұрыс айта алмаса, алдымен артикуляциялық жаттығулар орындалады. Кейін дыбысты есту, ажырату, буында айту, сөз ішінде қолдану тапсырмалары беріледі. Ал дыбыс дұрыс қалыптасқаннан кейін сөйлемде және байланыстырып сөйлеуде бекітіледі.
Осылайша дәптердегі жұмыс тек әріпті танып, оны жазумен шектелмейді. Әріп – дыбыс – буын – сөз – сөйлем жүйесі арқылы баланың сөйлеу және сауат ашуға дайындық дағдылары кешенді түрде дамытылады.
Қорытынды
Логопедтің балалармен жұмыс жасауға арналған жеке дәптері – мектепке дейінгі жастағы баланың дыбыстық және тілдік дамуын қолдауға бағытталған тиімді әдістемелік құрал. Дәптерге енгізілген қазақ тілінің 42 әрпіне арналған жүйелі тапсырмалар баланың әріпті тануына, дыбысты дұрыс айтуына, естіп ажыратуына, сөз құрамынан табуына және қарапайым сөздер құрауына мүмкіндік береді.
Тапсырмалардың суреттермен, ойын элементтерімен және шығармашылық жаттығулармен берілуі баланың қызығушылығын арттырады. Ал жеке дәптер арқылы логопед әр баланың оқу қарқынын, жетістігін және қосымша жұмысты қажет ететін тұстарын бақылап отыра алады.
Бұл дәптерді логопедтің жеке сабағында ғана емес, тәрбиешімен бірлескен жұмыста және ата-анамен үй жағдайындағы қайталау жұмыстарында да тиімді пайдалануға болады.
Имашева Айжан
Астана қаласы
№54 «Нұр-ай» балабақшасының
логопед-мұғалімі
