Кизайбекова Арайлым Нурлановна
Алматы қаласы Білім басқармасы
№ 70 «арнайы бөбекжай-балабақша» КММ
Ортаңғы «Қарлығаш» тобы
тәрбиеші
«Сиқырлы қоржын Орман достары»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті

Мақсаты: Балаларды жабайы жануарлармен (қоян, аю, түлкі) таныстыруды жалғастыру.
- Сөздік қорларын байыту (үлкен-кіші, жұмсақ, ұзын құлақ).
- Ұсақ моториканы және зейінді дамыту.
Ұйымдастырылған ашық іс-әрекетің барысы
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе Арайлым Нұрланқызы!
1. Шаттық шеңбері (Қызығушылықты ояту)
Тәрбиеші балаларды шеңберге жинайды:
«Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Қайырлы күн, достарым,
Қайырлы күн, қонақтар!»

2. Тосын сый сәті
Тәрбиеші топқа әдемі, жылтыр «Сиқырлы қоржынды» алып келеді.
- Тәрбиеші: «Балалар, қараңдаршы, бізге орманнан біреу сыйлық жіберіпті! Ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?»
- Ойын: Балалар кезекпен қолдарын қоржынға салып, ішіндегі ойыншықты сипап сезу арқылы табуы керек.

3. Негізгі бөлім: Танысу
Қоржыннан ойыншықтар кезекпен шығады:

- Қоян: «Құлағы қандай? (Ұзын). Өзі қандай? (Жұмсақ, қорқақ)».
- Тапсырма: Қоянға сәбіз тауып берейікші. (Суреттердің ішінен сәбізді таңдау).

- Аю: «Аю қалай ақырады? (А-А-А). Ол үлкен бе, кіші ме? (Үлкен)».
- Қимылды ойын: «Қорбаңдаған аю» (Балалар аюдың жүрісін салады).

- Түлкі: «Түлкінің түсі қандай? (Қызғылт сары). Құйрығы қандай? (Ұзын, үлпілдек)».
4. Сергіту сәті (Музыкалық сүйемелдеумен)
«Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.»
(Балалар қоян сияқты секіреді).

5. Шығармашылық жұмыс: «Қоянға мақтадан тон берейік»
- Мақсаты: Ұсақ моторика.
- Барысы: Дайын қоянның суретіне балалар желім жағып, үстіне кішкентай мақта түйіршіктерін жапсырады.
- Нәтиже: Қоян «жұмсақ әрі жылы» болады.
6. Қорытынды (Рефлексия)
Тәрбиеші:
- Бүгін бізге қонаққа кімдер келді?
- Қай жануар сендерге көбірек ұнады?
- Жануарларға көмектескеніміз үшін олар бізге «рахмет» айтып жатыр!
