Home » статьи » «Республика ерікті ел Қазақстан»

«Республика ерікті ел Қазақстан»

Исмагамбетова Ризагуль Сайлаубекқызы
Ақтөбе облысы,  Хромтау қаласы
№7 “Еркетай” бөбекжай-балабақшасы
модератор


 Сахна сыртынан оқылады

1 жүргізуші:Біз, қазақ халқы оны ұзақ уақыт аңсадық, арман тілегімізді ғасырлар бойы жырға қосып, тасқа қашадық. Күннен күн келді, аңсаған таң атты, тілегіміз қабыл болып, егеменді болдық.

2 Жүргізуші:Жүрегімізбен жар салып, жер жаhаннан сүйінші сұрадық. Алдағы күннен сенім арттық.  Бүкіл ел болып әр жетістігіне балаша қуандық, алар асуымыз алда. Сен мықтылардың қатарындасын

Бірге:. Шарықта, самға,
Тәуелсіз Республикам менің!!! Тек алға!!!
1 жүргізуші
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі  әлемге танылды анық. Шырқадым әнұранды бар
дауыспен,
Арманым–Ата  заңым қабылданды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік  «Ән ұран» шырқалсын.
Фанфар қосылып ортаға екі жүргізуші шығады
1 жүргізуші:Ақжайық, Алтай арасы,
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай,
Қырманы асқар таулардай
Республикама қарашы!
2 жүргізуші:Шолсаң да биік аспаннан
Қарқырар кеңі тастардан
Республикама қарашы!
Шырқаған сайын тірегі
Республикама қарашы!

Армысыздар, құрметті ата-аналар, қонақтар. бүгінгі  Республика күніне арналған «Республика ерікті ел Қазақстан» атты мерекелік салтанатты кешке қош келдіңіздер!!!

Би:»Шашу»

Мектепалды «Самұрық» тобының оындауында тақпақтар
1 жүргізуші:
Егемен елім десем, сенім кіріп,
Бойымды билеп кетер сенімділік.
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.

2 жүргізуші
Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Республика күнімен құттықтаймын,
Өйткені ол — Ұлт күні, Қазақ күні!

1 жүргізуші:Республика күнінің тарихна тоқтала кетсек, Республика күні 1990 жылы қазан айының 25-і Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің  шешімімен «Қазақ КСР-нің  мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды.

Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады.  Әлем картасында  жаңа мемлекет Қазақстан Республикасының негізі қаланды.

2 жүргізуші:Қабылданған декларатция Қазақстанның  болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналады.  Бұл декларацияның  қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік өкіметтің дербестігі мен толықтылығы, мемлекеттік  бюджеті, халықаралық қатынсатардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұран, сондай-ақ ұлттық валютасы бекітілді.

1 жүргізуші:1993 жылдың 25 қазан күні ҚазССР-нің мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, 2001 жылы Республика күні деп жалпақ жұртқа жария еткен болатын. 8 жыл өткен соң мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталып, арада 13 жыл өткен соң мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бұл мейрам ұлттық мереке ретінде қайта тойланатын болды.

2 жүргізуші:Ендеше,ортаға мектепалды «Балапан» тобының орындауында  «Қазақстан,отаным» әнін қабыл алыңыздар!
1 жүргізуші:Алданыш сен домбыра тарта аласың ба?
2 жүргізуші:Әрине Айгерім,домбыра шерте алматын қазақ бар ма?!
Айгерім мен саған қарама-қарсы сұрақ қояйын,сенің үйіңде домбыра барма?

1 жүргізуші:Домбыра – қазақтың қасиетті аспабы, құнды байлығы, таптырмас қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым. Күні кешеге дейін əр үйдің төрінде ілулі тұратын ұлттық аспабымыздың күмбірлеген үні бүгінде алыстап бара жатқандай. Ұлы ақын Қадыр Мырза Əлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөзінің зор мəні бар.

2 Жүргізуші:Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Күмбірлеген домбыраның үні батыр-ларымызға рух, ақындарымызға шабыт берген. Баршамызға ортақ құндылық – домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Домбыра – қайталанбас асыл дүние.

Ортаға қара домбыраның қоңыр үнін күмбірлетуге

Ән: «Домбыра»
Орындайтын балабақша тәрдиешілері Самратова Айгеріммен Камал Темірбекқызын қарсы алыңздар!
1 жүргізуші:Бөгелмейін, жырлаймын,
Өнерімді шыңдаймын.
Домбыраны қолға алдым,
Айтысуға кім дайын?
2 жүргізуші:Айтысам деп талпындың,
Жарқырасын алтын күн.
Талабыңа нұр жауып,
Ақыны бол халқымның.

1 Жүргізуші:  Бүгінгі кеш, өзге кештерден өзгеше , өйткені қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де кемеңгерлігі мен көсемдігін , сөзге сыйғызған.

Бітпес даудың, бәтуасыз шудың кесімі де,шешімі де сөз болған. Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден өткен құдрет жоқ. Даралық сөз суырып салма ақындықпен туыстас. Бүгін сіздерге бала ақындардың айтысын ұсынғалы тұрмыз. Айтыскер балаларды шақырмас бұрын айтысқа аз-кем тоқтала кетейін.

2 жүргізуші:Айтыс- бұл ұлттық өнер. Айтыс халық өнерін бейнелейтін көркем әдебиет саласының бірі. Онда халықтың қуанышы да ,қайғысы да, мәдени дәрежесі де адамдардың қарым- қатынасы да суреттеледі. Айтысқа суырып салма, сөзге шешен, қиыннан қиыстырар, білімді, бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы бір сырлы адам қатыса алады. Міне сол ақындарға ,,болмасаңда ұқсап бақ,, -деп Абай данамыз айтқандай осы бір ұлттық өнерге бізде талпыныс жасап көрейікші.

1 Жүргізуші:Армысыздар алты алаштың ағайындары,бүгінгі тәуелсіздігімді паш етіп,туған жерімізді мадақтайтын,айтулы мерекеге қош келдіңіздер!Қазақтың қанын жүгіртіп,арқасын қоздыратын,суырып салма айтыс өнері.

2 Жүргізуші:Туған жер топырағын өрбіген,ақын ұл қыздарымыздың арқасында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табуда.Бүгінгі айтыс бұрынғыдан өзгерек.Өйткені,айтыскер ақындарымыз балабақшаның суырып салма ақындары.Бүгінгі айтыс қызбен ұл айтысы.

1Жүргізуші:Сонымен таныс болыңыздар

Оң жақтан шығатын балабақшаның сылқым ақындары,бас жүлдені ешкімге бермей жүрген жұлдызды қыздарымызды қарсы алыңыздар!

1.

2.

3.

4.

2Жүргізуші:Сол жақтан шығатын айтыскерлеріміз балабақшаның азулы ақындары,намысты қолдан бермейтін қайтатты,намысты жігіттеріміз:

1.

2.

3.

4.

(Екі жақта тұрған киіз үйге қыздар ,ұлдар болып екіге бөлініп отырады.Алма кезек ортаға шығып,айтысады)

Ортада мектепалды «Самұрық» тобының орындауында «Отан» әнімен ортаға қарсы алыңыздар!

1 жүргізуші:Қазақстан – туған жерім, мақтанышым,

Өзің жайлы қанша жырды жаттадым

Ертеңдерге шақырады еріксіз,

Әр күн күліп атқан таң тақым.

 Мектепалды «Балапан» тобын өлең  жырларымен қарсы алыңыздар!

Тақпақтар

Жүргізуші:Қазақ халқы ежелден мал өсіріп, көшпелі өмір сүрген халық. Көшпелілер ұғымында ыдыс – аяқ түрлері материалдық игіліктің бірі ретінде молшылық – тоқшылық, ырыс – берекенің көзі деп есептеген. «Шешесін көріп – қызын ал, ыдысын көріп асын іш» — деген қазақ мақалының мән мағынасына назар аударсақ мұндағы пәлсапалық, әлеуметтік терең ой жатқанын аңғарамыз. Демек ұлт тұрмысында ас сақталатын ыдыс – аяқ мәселесін шет қалдырмаған.

1  Жүргізуші:Торсық – ерте замандардан келе жатқан ыдыс. Оның жасалу үлгісі көшпенділік өмір салтымен байланысты. Алғашқыда түркі халықтары ыдыс-аяқты тек тері мен ағаштан жасаған. Торсықты қазақтардан бөлек, қырғыз, түркімен, қарақалпақтар да пайдаланған. Ол – ыстыққа да, суыққа да шыдамды, қымыз, шұбат құю үшін ғана емес, сусынды бірнеше күн сақтауға арналған ыдыс. Алыс сапарға шыққанда оған құйылған қымыз әбден шайқалып, бабына келеді.

2  Жүргізуші:Торсық – жылқының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Ол үшін әуелі теріні илеп, сосын қалыпқа салып, қайыс жіппен тігіп шығарған. Біз білетін торсықтың екі түрі бар. Біріншісі дөңгелене келіп, ағашпен жиектеліп, терімен қапталады. Қылқа мойынды ұзынша тығын салатын ауызы болады. Екіншісі, айбалта тәріздес. Үлкен иіннен жоғары шыққан қошқар мүйізді қос қапталы бар, ол да ұзын мойынды. Екі түрі де ердің басына іле салуға қолайлы етіліп жасалады. Торсықты кейде «мес» деп те атайды.

Ортаға «Еркетай» би тобын «Торсық» биімен қарсы алыңыздар!

1 Жүргізуші:

Сенің туың — ең айбарлы ту, білсең!

Сол айбарлы ту астында тудың сен.

Сатпа, туды!

Сақта, туды арыңдай,

Ар дегенің болады, ұлым, тым кіршең.

2 Жүргізуші:

Мейлі, ақын бол ардакөңіл, ақжүрек,

Мейлі, батыр, балуан бол сомбілек.

Ұлым бар деп ұлтың мақтан қылмайды,

Ту астында тұра алмасаң елжіреп.

1 Жүргізуші:

Сақта, туды!

Сақта суық сөздерден,

Сақта, туды сұғы тиер көздерден.

Туды тұтас ел сүйеді,

Ал, ұстау —

Бұйырмас бақ тірі адамға кез-келген.

2 Жүргізуші:

Ту ұстайсың  — таза ұстасаң ойыңды,

Ту ұстайсың — таза ұстасаң бойыңды.

Оңды-солды ойнақшыта беретін,

Ол — жәй ғана жалау емес оюлы.

Бірге:

Ол — Көкжиек!

Ол — Күн-Қыран қалқыған!

Ол — Аспанның гүлі азаттық аңқыған!

Ол — Тәуелсіз Отаныңның көктегі

Бақ ғұмыры,

Шаттық үні шалқыған!

(Өлең оқылып жатқан кезде балалар сапқа өз оындарына тұрады)

Би:»Ту»

(Би аяқталған соң екі жүргзуші балалардың арасына тұрады)

1 Жүргізуші:Кіндік қаным тамған өлке, тамған маң,

Жырым осы жүрегімнен арнаған.

Асқар тауым Қазақстан мекенім,

Мәңгілік ел тілейтінім Алладан!

2Жүргізуші:Жүрегімнен келіп жатыр шабытым!

Биік болсын барша елден байрағың,

Қора толы мал ырысты жайлауың.

Елім менің қасиетті қазағым,

Бүгінгі Республика күнінен арналған салтанатты мерекемізді жабық деп жариялаймыз!Келесі кездескенше жұртымыз тыныш,халқымыз аман болсын!

 

 

«Шашу» биі

«Самұрық» тақпақ

«Балапан» әні «Қазақстан, отаным»

Күй

Домбыра әні

Айтыс

«Отан» әні Самұрық тобы

«Тақпақ» Балапан тобы

«Торсық» биі

Тумен би

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*