Бакитова Малика Бакитовна
Астана қаласы әкімдігі
№54 «Нұр-ай» балабақшасының
меңгерушісі
Мектепке дейінгі ұйымдағы ата-аналармен жұмыс жүргізу және көмек көрсету жүйесі
Ғабидден Мұстафин айтқандай «ата – ана қадірін білген бала халық қадірін білер, халық қадірін білген бала ата – ананың да қадірін біледі. Ол үшін өз халқының дәстүрін мәдениетін, өнерін, тілін қадірлеуді ата – ана және ұстаз боп үйрету керек».
Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділ қарым-қатынастардың куәсі болуы керек. Ол ата-анасының өзіне қандай қамқоршы, сүйеніш екенін сезінуі керек.
Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін ерте жастан-ақ бастаған. Баланың да өзіндік ойы, қызығатын ортасы, туа бітетін мінезі бар. Баланың жан-жақты, көпшіл, мейірімді өсуін тек отбасылық тәрбие арқылы қалыптастыру мүмкін емес. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымы бірлескен өзара тығыз байланыста болуы қажет. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады.
Сонымен қатар баланың қиыс кетуіне жол бермейтін жақсы орта қалыптастыра білген жөн. Бұл бағытта ең алдымен психологты таңдаудың маңызы зор. Психологқа барғанның пайдасы көп болатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Сөзіміз дәлелді болуы үшін соның біразын санамалап берейік:
- Психологпен жұмыс жасаған балалардың өзімен қатарлас балалармен араласып, тіл табысуы оңай;
- Бала өзімшілдіктен арылады. Ата-анасының айтқанын орындап, еркелікпен өзім білемдікке салынып жүрген балаға психологты тыңдау, көңілінен шығу көп нәрсеге үйретеді. Психологтың тәрбиесіне төселген бала мектепке барғанда мұғаліммен тез тіл табысатын болады.
3.Үйден шықпаған бала тым ерке, өзімшіл болып келеді. Ата-анасы да көзінің ағы мен қарасы болған ұл-қызының тілегін орындауға бейім. Отбасының еркесі болған бала психологқа барып, топ баланың арасына түскенде, өзін көптің бірі екенін түсінеді.
Мектеп жасына дейінгі баланы толыққанды тәрбиелеу отбасы мен психологтың тығыз ынтымақтастығы кезінде ғана мүмкін болады. Сондықтан ата-ана мен психолог арасындағы ынтымақтастықты дамыту өзекті мәселе болып отыр. Отбасы мен психологтың мақсат – мүддесі біреу – ол саналы, білімді, көзі ашық болашақ ұрпақ тәрбиелеу.
Ата-аналармен психолог бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолдары:
- Топішілік ата —аналар жиналысы
- Кіші топ ата – аналар жиналысы
- Ата – аналармен жеке кездесу
- Ата – аналар үшін ашық есік күні
- Мерекелік кештерге шақыру
- Ата – аналарды тренинг ойындарға қатыстыру
- Отбасылық жарыстарға қатыстыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында ата – аналарды мектепке педагогикалық үрдіске тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс – әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады. Мектеп жасына дейінгі мекеменің отбасымен өзара қарым – қатынас барлық нысандары мен түрлерінің негізгі мақсаты – балалар, ата-аналар, педагогтар арасында сенімділік қатынасты орнату, оларды бір командаға біріктіру, өздерінің проблемаларымен бөлісу және бірлесіп шешу қажеттілігіне тәрбиелеу, ата-ана құзіреттілігін арттыру. Осы бағытта атқарылатын жұмыстар төмендегідей жүзеге асырылады:
І. Педагогикалық — психологиялық сауаттылыққа жетілдіру. Ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерін түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруына ықпал етеміз.
Ата-аналарға педагогикалық сауаттылықтарын жетілдіру мақсатында
«Білгім келеді» ұйымдастырылған іс әрекеттін өткізуге болады.
«Бала тілі — бал» тақырыбында арнайы топ газетін шығарып балалардың қызықты сәттері мен өз қиялдарынан шыққан тәтті сөздерін жазып іліп қою.
«Жылжымалы папка» ата-анамен байланыс дәптеріне ата-аналар өз пікірлерін жазып, кеңестермен танысуға болады.
«Балам өсіп келеді…» тақырыбында ата-аналарға эссе байқауын өткізіп пікір — сайыс ұйымдастыру
ІІ. Іс — әрекеттің түрлі формалары
Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатыстырудың маңызды нәтижесі ата-аналар өз балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-қатынасын зерттей алады.
ІІІ. Отбасына балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дұрыс бағытта дамыту үшін олардың жас ерекшеліктері мен нақты дара ерекшеліктерін ескере отырып қалыптастыру қажет. Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу өнерімен жалпы топтық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінен тыс уақыттарда шұғылдана алады.
IV.Қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.
Ата-аналармен мейілінше кең тараған жұмыстардың бірі — ол ашық есік күні. Мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбиелеу — оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, оларды қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді.
- Әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даралығын дамытуға отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің дәстүрлі емес өзара іс-әрекеті бірлігінің педагогикалық принципі негізінде жүзеге асыруда байқауға болады.
Балабақшада отбасымен жүргізілетін жұмыс жоспарының мақсаты – отбасымен қарым-қатынастың тиімді, оңтайлы түрлері арқылы отбасын балабақша жұмысына белсенді араластыру, бала тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.
Осыған байланысты жылдық жоспарда мынадай жұмыс түрлері жоспарланады:
Психологпен таныстыру жұмысы – жылына 1 рет оқу жылының басында жүргізіледі
Ата-аналарға арналған ұйымдастырылған ашық іс — әрекеттер – отбасына баланың белсенділігін, даму деңгейін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар топ ішінде ұйымдастырылған ашық іс — әрекеттер ерекшеліктерімен таныстырады.
Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер – оқу жылында 1 рет болуы мүмкін. Бұл кеңесті оқу жылының басында өткізген ыңғайлы. Көбіне бұл бала тәрбиесінде кездесетін өзекті мәселелерге арналады.
Әңгімелесу – отбасына баланы таңертең әкелгенде және кешке әкеткенде психологтың ата-анамен әңгімелесуінен бастау алады, тәрбиеші оларға бала тәрбиесіне қатысты бағдар көрсетеді, өз ойын айтып, ата-ана ойын тыңдайды.
Тақырыптық кеңестер – белгілі бір тақырыпқа байланысты болуы мүмкін. Бұл кеңестерді тәрбиеші, дәрігер, шектеулі мамандар бере алады. Тақырыптар жиі кездесетін сұрақтар төңірегінде таңдалады.
Жиналыстар – оқу жылында бірнеше рет ұйымдастырылады. Баланың жетістіктері жайында ата-аналарға ақпараттар беріліп, топтың түрлі мәселелері шешіледі.
Дөңгелек үстелдер – еркін түрде ұйымдастырылып, еркін ашық әңгімелесуге бағытталған. Бұл ата-аналардың ашылып әңгімелесулеріне мүмкіндік береді. Тақырыптар психологтың қалауымен немесе ата-аналардың сұранысымен таңдалуы мүмкін.
Конференция – түрлі жағдаяттарды модельдеу арқылы ата-аналарға балабақшаның тыныс-тіршілігін таныстыруға мүмкіндік туады.
Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын арттыру – бұл ата-аналарға бала дамуындағы ерекшеліктер туралы кәсіби кеңестер беру.
Көрнекі-насихаттық жұмыстар — бәрімізге таныс хабарландыру, дәрігер бұрышы, мәзір т.с.с. ұқсас, күнделікті бағыттармен ғана шектелмеуі керек. Көрнекі ақпараттар ата-аналарға өте жақсы әсер етеді.
Ал, еліміздің нағыз болашақ жастары тәрбиеленетін алғашқы ұя, ол отбасы, ата-ана құшағы. Жас сәбидің алғашқы еститіні анасының жылы сөзі; анасының аялы алақаны. Ендеше «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші отбасы мен балабақша бірлесе отырып, оқу — тәрбие жұмысын мақсатты жүргізсе, елдің, халқының дәстүрін сыйлайтын ұлтжанды жеткіншек өсіру мақсатымызға жетеміз. Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кез – келген білім ордасы үшін отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы — баланың түпкі тамыры болмысын қалайтын орта. Сондықтан да, психологтың оқу – тәрбие жұмысында, ата – аналармен жүргізілетін жұмысқа да ерекше мән беріледі. Көздеген мақсатымыз: психологпен отбасындағы ынтымақтастықты біріктіре отырып оқу және тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырып, әр баланы жеке тұлға ретінде қазіргі заман талабына сай рухани жан дүниесін байытып, бойындағы құндылықтарды дамыту.
Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсынұлының «Біз әуелі елді түзетуді — бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек» дегеніндей ізденіс үстіндегі, өркениетке ұмтылған тәуелсіз елдің болашақ ұрпағын дұрыс тәрбиелеу- мектепке дейінгі ұйымда – тәрбиешілерге, ал отбасында ата-анаға жүктеледі.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.ҚР «Білім туралы»Заңы (27 шілде 2007)
2.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ҚР Үкіметінің 13.05.2016жылғы №292қаулысы
3.Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Балабақшада ата-аналармен жұмыс: Этнопедагогикалық тәсіл — М.: ТЦ Сфера, 2005. – 144 б. — («МДҰ басқару» журналына қосымша).
- Ү.Тұрғынтаева,«Халық даналығы-адамгерішілік тәрбие құралы. Отбасы және балабақша» (2001ж)
- М.Т.Баймұқанова,«Отбасымен әлеуметтік педагогикалық жұмыс» (Астана 2005ж)
- Зверева О.Л. МДҰ ата-аналар жиналысы: әдістемелік құрал /О.Л. Зверева, Т.В. Кротова. — М.: Айрис — пресс, 2006. – 128 б. — (Мектепке дейінгі тәрбие мен дамыту)
- Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы № 3 2012 жыл
- Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы № 11 2014 жыл.
- М.М.Мұқанов,«Жас және педагогикалық психология» ( Алматы 1982ж)