Баратова Гульнара Рукашевна
Астана қаласы әкімдігінің
№54 “Нұр-Ай” балабақшасы.
педагог-модератор
Сюжетті-рөлді ойын — мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ең қызықты ойын түрі. Бүгінгі таңда балалардың сюжеттік ойындарын белгілеу үшін әртүрлі терминдер қолданылады: «шығармашылық», «сюжеттік-рөлдік» және «әуесқой». Сюжеттік-рөлдік ойын сюжет, мазмұн, рөл құрылымдық компоненттеріне ие. Бала тек ойнауға ғана емес, белгілі бір рөлді орындауға да ұмтылады. Әрекетті, рөлдерді, бейнені өзгерту қабілеті, қиялдың күшімен балалар ойын жасайды. Ойында нақты жағдай, кеңістік жоқ. Ойын уақыты ұзақта, қысқа да болуы мүмкін. Сюжеттік-рөлдік ойынның басты ерекшелігі -импровизация. Рөлдік ойын барысында балалар нақты ұйымдастырушылық қатынастарға түседі: балалар ойынның сюжеті туралы келіседі, рөлдерді бөледі. Сюжеттік-рөлдік ойын – баланың интеллектуалды дамуының құралы. Ойын процесінде, айналасындағы әлем, ересектер мен құрдастардың өмірі мен қызметі, отбасында алған білім, идеялар, дағдылар ойында тікелей көрініс табады және практикада қолданылады.Сюжеттік-рөлдік ойын – эмоционалды-ерік және танымдық саланың, сөйлеудің, ұсақ моториканың бұзылуын түзетудің тиімді құралы.Сюжеттік-рөлдік ойын – балалардың қиялын және шығармашылық қабілеттерін дамыту тәсілі.Бұл ойын барысында қажетті құралдарын іздеуде, ойынға арналған атрибуттар мен заттарды таңдауда, ойын сюжетін дамытуда көрінеді.Сюжеттік-рөлдік ойын – баланы ересек өмірге дайындайтын тәсіл. Балалардың көпшілігі ойын барысында ересектердің еңбегін көрсетеді: балалар тәрбиешіге, дәрігерге, жүргізушіге, ұшқышқа еліктейді. Ойын балалардың әртүрлі мамандықтарға деген қызығушылығын нығайтады және тереңдетеді, еңбекке деген құрмет тәрбиеленеді.Сюжеттік-рөлдік ойын – бұл баланың өзін-өзі тануы. Мұнда ол байқамай, өзін-өзі өзгерту үшін көп жұмыс істейді: көңілді ойнап, өмірдің жаңа қабаттарын игереді; есте сақтауды, ойлауды, қиялды үйренеді; жаңа білім алады, балалар әлеуметтік тәжірибені, адами қатынастар әлемін игереді. Сюжеттік-рөлдік ойын-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу мектебі. Ойындардың арқасында балалар өз істеріне баға бере білуге, өзінің сезімін, әдет-дағдысын бақылай және басқара білуге, сонымен қатар жанындағы адамдардың табиғи болмысын қабылдап, ізгі-ниет, ықылас таныта білуге үйренеді.Ойын баланың тек тәртібін ғана емес, сонымен қатар оның ішкі өмірін реттеп, өзін қоршаған әлемге қатынасын түсінуге мүмкіндік береді. Сюжеттік-рөлдік ойындардың түрлері: тұрмыстық сюжеттерге арналған ойындар:«Шанырақ», «Туған күн», өндірістік және қоғамдық тақырыпта:«Сауда үйі», «Сән салоны», «Емхана», «Құрылысшылар». Рөлдік ойын процесінде баланың ақыл-ой қабілеттерін ғана емес, зейінін, есте сақтауын, қиялын қамтитын білімді игерудің маңызды және күрделі процесі жүреді. Оның тартымдылығы — ойнай отырып, бала субъективті еркіндікті сезінеді, тәжірибелік туынды іс-әрекеттегі қарсылықтарға тап болып, қиынға түсетіндердің барлығы — заттардың, әрекеттер және қарым-қатынастардың оған тәуелді екенін сезінеді. Аталған ойын бүлдіршіндердің өзін-өзі тануына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, өзін-өзі басқаруына жетелейді. «Бөбек» орталығының «Өзін-өзі тану» балабақшасында аптасына үш рет балақайлармен сюжетті-рөлді ойындарды ойнатып отырамын. Мұндағы мақсатым «ойнай жүріп үйрету» идеясы. «Ойынды үйретуде» бір уақытта балалардың қоршаған шындыққа деген білімі мен жағымды қарым-қатынас тәрбиесін жинақтайтындай болуы керек екендігі маңызды. Балалардың қызығушылығын, еліктеуі, жаңа білім мен идеяларға деген ұмтылысын ояту үшін ойын мазмұны жақын да қызықты болуы керек. Балалар ойынында ең бастысы ересек адамдардың іс-ірекеттерін қайталайды, өмірде көргендерін көрсетеді. Мысалы: аналары сияқты тамақ әзірлейді, тамақтандырады, ыдыс жуады; әкелері сияқты көлік жүргізеді, диванда жатады; шаштараз сияқты шаш жасайды, дәрігер сияқты адам емдейді. Тәрбиешінің міндеті: қоршаған ортадан бақылағандары, әдеби шығармалар бойынша ойындардың туындауына жағдай жасау; балалармен бірлескен ойындарда рөлді таңдауға және ойында бірнеше өзара байланысты әрекеттерді орындауға, бірлескен ойында құрдастарымен бірге рөлді орындауға үйрету;жеке ойындарда ойыншық- серіктестерімен рөлді өзі және ойыншық үшін орындауға үйрету; балалардың ойынға өздігінен атрибуттарды таңдауға талпынысын көтермелеу, ойын жағдайын жетіспейтін заттармен және ойыншықтармен толықтыру.