Алмалы ауданы
«№9 бөбекжай – балабақшасы» КМҚК
меңгерушісі Койшыбаева А.А.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы «Әжелер мектебі» жобасы аясында Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Алмалы ауданы КМҚК «№9 бөбекжай – балабақшасында» «Сұңқар» ортаңғы тобында «Әжелер даналығы» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балабақшада «Әжелер даналығы» ұрпақ тәрбиесі және құндылықтар жүйесі тақырыбында іс-шара ұйымдастыру- балалардың ұлттық құндылықтарды бойына сіңірту. Ата-анамен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Отбасындағы бала тәрбиесінде Әженің рөлін айқындау. Бала тәрбиелеу сапасының жоғарлауына ықпал ету.
«Менің әжем жыр әжем
Шуағы мол нұр әжем
Асылайын мойныңа
Аман-есен жүр әжем»- деген тілекпен, тәрбиеші Гүлім Сарсенқызы
әжелерді ортаға шақырып таныстырды. Қонаққа келген әжелер құр қол келмей, ата-дәстүрімізді дәріптеп өз қол – өнерлерін алып келіп, кішкентай бүлдіршіндерге таныстырып, ұстап, жасап көруге мүмкіндік берді.
«Әжелерім асыл менің ақылды,
Ажыратар алыс пенен жақынды
Үйретеді салт дәстүрді Әжелер –деп, салт –дәстүрге кезек берілді.
Марат Асылымның әжесі Аружан апамыз кілем тоқу қол өнерімен, кілем тоқу — тік немесе көлденең құрылған өрмегінің көмегімен, бетіне түрлі түсті жіптерден өрнек салып, түкті немесе тықыр кілем тоқылатыны, жіптің жасалу жолын түсіндіріп берді. Түрлі – түсті жіптерді өрмектің жанына отырып, қыздар кілем тоқып көрді.
Ерболқызы Аянаның әжесі Алипатгүл апа алаша басу, ұлттық қол өнерді игере мақсатында, боялған жүндерден киіз басып, алаша басу түрлері мен оның жасалу жолдарын үйретті.
Құралбай Дулаттың әжесі Раушан апа ою — өрнектен әрленіп жасалған төсеніштерді, балаларға арнап ойын түрінді түстеріне, пішіндеріне қарай сәйкестендіріп төсеніш құрастыруды дайындап алып келді. Түстерді ажырату арқылы өз орнын тауып орналастыру бүлдіршіндер үшін өте қызықты болды.
Әжелердің арнайылап дайындап әкелген қол өнерлеріне тамсанып, тапсырмаларын орындап отырғанда сүйіншілеп балдырған жүгіріп келді. Өмірге сәби келгенін қуана жеткізген балаға сүйіншісі беріліп, өмірге келген сәбиге ат қою рәсімін Женісбек Аңсардың әжесі Айтбала апамыз жасады.
Қорыта келгенде, балаларды тәрбиелеу ісінде табысқа жетудің шешуші шарттарының бірі тәрбие ошақтарының отбасымен байланысы екенін тәжірибе дәлелдеп отыр. Балабақшамыздағы «Әжелер мектебі» әдет-ғұрыпты яғни, ұлтымыздың мінез-құлқының, тұрмыс тіршілігінің бұлжымас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғыны, парасаттылық пен әдептілікті, сыпайылық, көрегенділік, инабаттылық, кішіпейілділік және басқа да жақсы қылықтарды дәріптеп, бізге үйренуге мұрындық болады. Ұрпақтар сабақтастығын сақтау, біздің туған жер, Атамекен, Отан, халық алдындағы азаматтық парызымыз.
Балабақша ұжымы ұлттық құндылықты ұлықтап, ұлттық тәрбиенің көзі болған ата-әже тәрбиесін сақтауына ұйытқы болып және әжелермен тығыз жұмыс жасап, бүлдіршіндердің көңіл сандығында сақталар іс-шараға ат салысқан барлық балабақша ұжымына, соның ішінде іс-шара жүргізушілері: Гүлім Сарсеновна, Әсемгүл Абаевна, Динара Анышбековна және психолог Балжан Мирасқызының еңбектері елеуге тұрарлық.
Іс-шараның соңына қарай балабақша меңгерушісі Анар Альбатыровна белсенділік танытқан әжелерге естелік сыйлықтар табыстап жұмыла, бір ауыздан қатысқандары үшін алғыс білдірді.