Home » Новости » Ынтымақ пен бірліктің жарқын көрінісі

Ынтымақ пен бірліктің жарқын көрінісі

Қазақстан – сан түрлі ұлт пен ұлыстың қасиетті шаңырағы. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматы қаласындағы М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда ұлттар достығы мен татулықты ұлықтайтын тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.

«Ынтымағы жарасқан туған өлкем, Қазақстан!» тақырыбында өткен бұл мерекелік шараға 5–9-сынып оқушылары қатысты. Әр сынып түрлі ұлттардың ұлттық билерін билеп, өзара сыйластық пен достықтың шынайы көрінісін паш етті. Би арқылы әр халықтың болмысын, мәдени мұрасын танытып, елдегі ынтымақ пен бірліктің қаншалықты маңызға ие екенін жеткізді.

Гимназия директоры Тілеубай Сәния Өскенбайқызы құттықтау сөз сөйлеп, балалардың еңбегіне жоғары баға берді. Өз сөзінде: «Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Біздің ең басты құндылығымыз – татулығымыз бен бірлігіміз. Осы бірліктің арқасында еліміз дамып, көркейіп келеді. Оқушыларымыздың бүгінгі өнері болашақта да бірлігіміздің, ынтымағымыздың нығая түсетініне үлкен үміт береді»  — деп атап өтті.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шараға белсене қатысқан оқушылар мен олардың жетекшілері арнайы марапаттарға ие болды. Шараның жоғары деңгейде өтуіне ұстаздар мен сынып жетекшілері, сондай-ақ ата-аналар үлкен қолдау көрсетті.  Бұл – «Ата-ана, ұстаз, оқушы» үштігінің  ортақ еңбегінің, ауызбіршілігінің  нәтижесі. №140 гимназия ұжымы оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, ұлттар арасындағы достық пен ынтымақтың құндылығын санасына сіңіруде де үлкен іс тындырып отыр.

Бұл күн – бірлік пен бейбіт өмірдің қадірін түсіндіріп, әр ұлттың Қазақстан атты ортақ үйінде тең құқылы өмір сүріп жатқанын ұғындыратын ерекше мереке. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген ұлағатты сөздің мәні дәл осындай сәттерде айқын сезіледі.

№140 гимназияда өткен бұл мерекелік шара ел бірлігі мен достығын дәріптеген, оқушылардың жүрегіне бауырмалдық пен толеранттықтың дәнін еккен тағылымды күн ретінде есте қалды.

Әр ұлттың өнері арқылы бірлігімізді бекемдеп, татулықтың бесігінде тербеліп, осындай бастамалармен шабыттанып, еліміздің жарқын болашағы үшін еңбектене берейік! Ынтымақ пен бейбітшілікті ту етіп, әр қадамымызбен  бірлікке, әр ісімізбен  ізгілікке бастайық!

 Әбдіманап Дана,
Алматы қаласы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*