Home » Новости » IQ ALA JASTARY жобасының қатысушыларына арнайы «Тұлға эволюциясы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды

IQ ALA JASTARY жобасының қатысушыларына арнайы «Тұлға эволюциясы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды

IQ ALA JASTARY жобасының қатысушыларына арнайы «Тұлға эволюциясы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы «Жастар Рухы» ЖҚ, «Алаш Жастар Одағы» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен “IQ-ALA jastary” жоба аясында қатысушылар үшін «Тұлға эволюциясы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
     

Семинардың басты мақсаты – жастардың тұлғалық дамуына ықпал ету, көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру, және олардың заманауи қоғамдағы белсенділігін арттыру болды. Іс-шараға әртүрлі салада білім алып жатқан студенттер мен жас мамандар қатысып, өздерінің болашағына қажетті құнды ақпараттар алды.
    

Семинар барысында келесі тақырыптар қамтылды:
•Тұлға эволюциясының негізгі кезеңдері мен қағидалары;
•Жеке дамудың құпиялары: мақсат қою, мотивацияны арттыру және қиындықтарды жеңу;
•Уақытты тиімді басқару және табысты әдеттерді қалыптастыру жолдары;
•Көшбасшылық қасиеттерді дамыту және топпен жұмыс істеу дағдылары;

Семинар интерактивті форматта өтіп, жастар арасында пікірталас пен пікір алмасуға мүмкіндік туды.

Алматы қаласы
Сейтқали Айгерім

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*