Home » статьи » Қазақ тілі пәнінен оқушылардың шығармашылық жұмысын дамыту

Қазақ тілі пәнінен оқушылардың шығармашылық жұмысын дамыту


Хожа Динар

Ақмола облысы Целиноград ауданы
Қоянды №1ЖОББМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қазақ тілі пәнінен оқушылардың шығармашылық жұмысын дамыту

Қазақ тілі-ана тілін меңгерту мен ұлттық болмысымызды қалыптастырудың негізгі құралы екені анық. Білім беру процесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту-заман талабына сай жеке тұлға қалыптастырудың маңызды бөлігі. Шығармашылық жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп қана қоймай, олардың тіл байлығын  арттыруға, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. Шығармашылық жұмыс арқылы оқушылар өз бетінше жаңа идеяларды ұсынып, бұрынғы білімін жаңаша қолданып және жаңалық ашуға ұмтылады.

Қазақ тілі пәнінде шығармашылықты дамыту арқылы оқушы бойында  мынадай дағдылар қалыптасады.

1.Тілдік дағдыларды қалыптастыру (оқу, жазу, тыңдау,сөйлеу арқылы)
2.Өз ойын еркін жеткізуге
3.Эстетикалық талғамды жетілдіруге
4.Сыни ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.

Оқушылардың  шығармашылық жұмыстары мазмұнды мәтін құрау, шығарма жазу, эссе жазу, өлең шығару, сахналық қойылымдар жасау, жоба қорғау  т.б әртүрлі формада болуы мүмкін. Әр ұстаз өзінің кәсіби шеберлігіне байланысты сабақ барысында шығармашылықтың әр түрін тиімді қолданып, оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал ете алады. Осы орайда  5-сыныптың қазақ тілі пәнінен оқушылардың шығармашылық жұмысын дамытуда өз тәжірибеммен бөліскім келеді. 5-сыныптың қазақ тілі пәнінен  алған  теориялық білімін практикада қолдануын негіздей отырып, пән мазмұныныдағы әр бөлімді бастап оқыған кезде оқушылар белгілі бір тақырыпта жоба тақырыбын алады. Сол тақырып бойынша жұмыс жасап, пән бойынша білімді қорытындылау үшін әр тоқсан сайын кемінде бірнеше жоба  жұмысын  қорғайды. Жоба жұмысын қорғау  барысында жобалау, зерттеу дағдылары қалыптасады. Жоба жұмысын оқушылар жеке де, топпен де қорғай алады.  Оқушыларға бастапқы кезде үлгі ретінде жоба тақырыбын ұсынып, оны арықарай ізденіп, қорғау үшін  оқушы ойымен ұштастыра отырып бағыт-бағдар беріледі. Одан кейінгі бөлім басталғанда оқушылар  өз қызығушылықтарына сәйкес тақырыптар таңдайды. Бұл олардың мотивациясын арттырып, пәнге деген сүйіспеншілігін күшейтеді. Таңдалған жоба тақырыбының жоспарын  құрып,  ізденіп,  бөлім соңында жоба қорғауға төселе түседі. Жоба жұмысында әр бөлім бойынша  алған  теориялық білімін практикада қолдана алады. Мақсатыбілім беру үдерісінде оқушының жоба қорғауы, зерттеушілік икем дағдысын қалыптастырып,  оқушының алған білімін өмірмен байланыстыру мақсатында логикалық ой-өрісін дамытуға ықпал ету көзделді. Жұмыстың болжамына тоқталатын болсақ — қазақ тілі  мұғаліміне сабақта оқушыларды белсенді шығармашылық әрекетке баулуға, оқушылардың туған жерге, Отанына, салт-дәстүрді жаңғыртуға, сөйлеу мәдениетін дамытуға, сөздік қорын байытуға, өзіндік ой қорытып жұмыс жасай білуге, теорияны практикамен ұштастыра отырып жұмыс жасап оны жоба түрінде қорғай білуге машықтандыруға ықпал етілді. Ал, жұмыстың жаңалығы –оқушылардың ғылыми ой-өрісін, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру және дамытуды көздейтін болады. Оқушылардың бөлім бойынша қорғаған жобаларының бір-екеуіне  қысқаша тоқтала кетейін. 5-сыныптың қазақ тілі оқулығы Ібөлім «Мәдениет:Тіл және қарым-қатынас» бөлімінде «Менің тілім-қазақ тілі» тақырыбында оқушылар жоба жұмысын сұхбат түрінде  әзірледі. Жұппен шығып белгілі өздері алған тақырыпта еркін диалогқа түсіт.  ІІ бөлім «Киім.Сән.Талғам» бөлімі бойынша  оқушы бойында АРТ технологиясы және эко-этно дизайн стилінен мағлұмат бере отырып,  талғаммен киінуге, заманға сай ойлы, пайымды, мәдениетті, іскер,еңбекқор, ұқыпты, үнемшіл азамат тәрбиелеуге бағытталды. Оқушылар «Болашақта  менің қиялымдағы отбасымның киім стилін ұлттық нақышта моделдеу» тақырыбындағы жобасын макет, сызба түрінде қорғады. Шығармашылық жобаларды  топта орындау- оқушылардың бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Топпен ортақ жоспар құрып, пікірталастар өткізуі, бірлесіп дайындалуы оқушыларды ынталандырады. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық жұмысын дамыту мақсатында оқу сауаттылығын дамыту тапсырмаларын да қолданып келемін. Оқу сауаттылығын дамыту тапсырмалары арқылы да оқушылардың шығармашылық жұмысын жетілдіруге болады. Оқушыларға өтіліп жатқан тақырыпқа орай мәтін беріледі. Оқушылар мәтінді түсініп оқи отырып, мәтінмен жұмыс жасайды. Оқушылардың шығармашылық жұмысын бағалауда оқушылардың идеялары, өзіндік көзқарастары, тілдік қоры және мазмұны ескеріледі.

Қорыта айтар болсақ, оқушылардың шығармашылық жұмысын дамыту-олардың тұлға болып қалыптасуы мен тілдік құзыреттілігін жетілдірудің маңызды бөлігі болып табылады. Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылар ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, өз ойын еркін жеткізуді және  шешім қабылдауды үйренеді. Мұғалімнің басты міндеті-шығармашылыққа жағдай жасап, оқушылардың қызығушылығын ояту. Бұл болашақ ұрпақтың қазақ тіліне деген құрметін арттырып, ұлттық мәдениеттің сақталуына септігін тигізеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*