Жайықбаева Гүлім Нұрабайқызы
Сатимбекова Жулдыз Агзановна
Алматы қаласы Жетісу ауданы
КМҚК №169 бөбекжай – балабақша
«Ұлар”мектепалды тобы
«Қазақтың ұлттық құндылықтарын Жапон елінің элементтерімен ұштастыру»
Қазақтың ұлттық ұлттық құндылықтарын Жапон элементтерімен ұштастыру мақсатында 2025 жылдың 24 ші қаңтарында Алматы қаласы, Жетісу ауданы №169 бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Алиева Бағила Құралбайқызының қолдауымен, әдіскер Абыханова Женискул Кемаловна, «Ұлар» мектепалды тобының тәрбиешілері: Жайықбаева Гүлім Нұрабайқызы, Сатимбекова Жулдыз Агзановна және тәрбиеленушілерімен ұйымдастырылған іс әрекетіміз өтті.
Жапон элементтерін ұштастыра отырып, тәрбиеленушілерімізге ұлттық құндылықтарымызды бойларына сіңіру. Баланы жастайынан еңбекке баулу, мейірімділікке, адамгершілік құнды қасиеттерін сіңіріп, өз- өзіне сенімді етіп тәрбиелеу.Ұлттық ойындарымызды, қолөнерімізді өркендеу барысында, қол маторикаларын дамыту.
Ұлттық құндылықтарына тіліміз, дініміз, ұлттық киімдеріміз, ойындарымыз, қолөнеріміз, дәстүріміз жатады.Қазақ халқы салт дәстүрді ұстанған, қонақжай халық. Қазақтың ұлттық құндылықтары – халқымыздың бай тарихи, мәдени және рухани мұрасынан туындайтын, ұлттың өзіндік болмысын танытатын қасиеттер. Олар ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Қазақтың негізгі ұлттық құндылықтары:
Қазақтар үшін отбасы – қасиетті ұғым. Ұрпақ жалғастыру, ата-анаға құрмет, туыстық байланыстарды сақтау маңызды. Жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі – ерекше ерекшелігі.
Қазақ халқы қонақты ерекше сыйлайды. «Қонақ келсе, құт келеді» деп, оны төрге шығарып, бар дәмді тағамын ұсынып, қонақжайлылығын көрсетеді.
Қазақтың ұлттық киімдері (шапан, сәукеле, камзол) ұлттық нақыштарды сақтайды. Киіз үй, ою-өрнек, зергерлік бұйымдар – халқымыздың мәдениетінің ажырамас бөлігі.
Жапония елінің құндылықтары ғасырлар бойы қалыптасқан. Жапон елінің негізгі қағидалары тәртіп, тазалық, табиғатты қастерлеу екен. Жапондар өте еңбекқор ,әдепті, сыпайы, өмірдегі қиындықтарға сабырлы түрде қарауға төзімді болуды үйренген.
Жапон еліде Қазақ халқы сияқты осы қасиеттерді бірінші орынға қойған.
Әдептілік (礼儀 рэйги) – жапон мәдениетінің негізі. Адамдар бір-біріне сыпайы сөйлеп, қоғамдағы қарым-қатынас кезінде әрқашан құрмет көрсетеді.
Кимоно, юката сияқты ұлттық киімдер жапон мәдениетінің ажырамас бөлігі. Сондай-ақ, икебана (гүл композициясы), каллиграфия және шай рәсімі ұлттық құндылықтардың көрінісі.
Но және кабуки театрлары, жапондық каллиграфия, икебана, хайку поэзиясы – жапон мәдениетінің көркемдік қырлары.
Осы сынды қасиеттер Жапон елімен Қазақ халқы мәдениетін ұштастырады.
Ұйымдастырылған іс әрекет соңында келген қонақтармен, ұлттық ойындарымыздың бірі, қазыргі уақытта қайта жаңғырып, кеңінен таралып жатқан «Бестемше» ойыны ойналды.