Home » статьи » Қазақ тілі сабақтарында жұппен жұмысты сапалы ұйымдастырудың маңызы

Қазақ тілі сабақтарында жұппен жұмысты сапалы ұйымдастырудың маңызы


Айтбай Алина Қуатбекқызы,

Алматы қаласы
 № 117 жалпы білім беретін мектептің
 қазақ тілі мен  әдебиеті пәні мұғалімі

Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуда түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Соның ішінде топпен жұмыспен қатар, жұптаса жұмыс жасауды да сапалы жүргізу маңызды. Қазақ тілі сабақтарында жұппен жұмыс тек тіл үйретудің тиімді жолы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, топтық жұмысқа деген жауапкершілігін, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.   Қазақ тілін үйренуде, әсіресе ауызекі сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыруда жұппен жұмыс маңызды рөл атқарады.
   
Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, жауап беріп, ой бөліседі, нәтижесінде олар тілдің грамматикалық құрылымдарын,  сөз қорын тиімді пайдалана бастайды, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады. Қазақ тілі сабақтарында жұппен жұмыс жасау оқушыларға өз пікірін ашық білдіруге, басқа адамның пікірін тыңдауға және оны құрметтеуге үйретеді. Осы арқылы коммуникативтік дағдылары нығаяды. Жұппен жұмыс топтық жұмыстың негізін құрайды. Оқушылар жұппен жұмыс істей отырып, топтық жұмысқа қажетті дағдыларды игереді. Олар жауапкершілікті бөлісіп, жұптаса  бір мақсатқа жету жолында белсенді әрекет етеді. Оқушылардың тілдік деңгейі мен қызығушылықтарын ескере отырып,  жұп құру  әлдеқайда тиімдірек болады. Сондай-ақ, жұмыс кезінде әрбір жұпқа нақты және қызықты тапсырмалар берілуі керек. Тапсырма белгілі бір дағдыны дамытуға бағытталуы тиіс. Мысалы, бір жұпқа диалог құрастыру тапсырмасы берілсе, екінші жұпқа мәтін бойынша сұрақтар дайындау тапсырмасы берілуі мүмкін. Оқушылардың  жұппен жұмысын мұғалімнің үнемі бақылап, қолдау көрсетуі маңызды. Қателерді түзету және қажетті бағыттар бойынша кеңес беру оқушылардың өзін-өзі бағалау қабілетін арттырады. Сонымен қатар, жүктелген тапсырма  аяқталған соң жұптарға кері байланыс беру олардың нәтижелерін талқылауға мүмкіндік береді. Жұппен жұмыс жасағанда оқушылар өзара бағалау жүйесін қолдана алады. Олар бір-бірінің жұмысын саралап, пікір алмасып, жетістіктер мен кемшіліктерді талқылайды. Аталған жұмыс түрі оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытады және бірін-бірі құрметтеуге үйретеді. Бұл  — жұппен жұмыстың оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуда маңызды рөл атқаратынының айғағы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*