Омурбаева Фатима Абеновна
Алматы қаласы, Алатау ауданы
МКҚК «№164 бөбекжай балабақшасы
МДТ «Гүлдер» тобының тәрбиешісі
«Аналар – асыл қазына»
Анашым, мерекеңмен!
Мақсаты: Балаларға 8-наурыз халықаралық мейрамы екенін ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға әрқашан құрметтей білуге тірбиелеу.
Міндеті: Балаларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Құрметті аналар,апайлар,балалар! 8- Наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілікке жиналып отырмыз. Мектепалды даярлық тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!
Залға балалар кіреді,қолдарында гүлдер,ән айтып
Әлемнің жарығын силадың сен маған
Даланың әр гүлін сыйлаймын мен саған-
Аналарға гүлдерін сыйлайды
Тәрбиеші: Әріне,бұл біздің аналарымыз.Ана перзент тәрбиелеуші.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:
Айсауле: Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық,мол бақыт
Тілейді барша балалар
Дамир: Ана деген – жарық жұлдыз шырағың
Ана деген- қайнар ыстық бұлағың
Ана деген- өмірдегі қамқорың
Ана деген-сүйенерің, жан құрбым
Жанель: Анам-өмір шырағы
Анам-өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады
Тәрбиеші: Осы ардақты аналарымызға ән орындап берейік
Ән: «Кұттықтаймын сені туған күніңмен!»
Тәрбиеші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз! «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» — деп халқымыз текке айтпаған, балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек
Аден: Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы, ай әжем
ғажап күлкісі
Альфия: Немересін жанындай
Әжем жақсы көреді
Қонаққа барса ұмытпай
Кәмпіт әкеп береді
Ән: «Әжем менің айдай»
Тәрбиеші: «Мектепте қалай оқыдық» ойынын ойнайық Ойынға аналарда қатысады
Би: «Туған жер» Ұлдар
Тәрбиеші: Тамаша, өнерлі екенсіңдер. Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.
- Күні бойы ойнай беретін, ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін, дым істемейтін, жалқау бала бар ма сіздерде?
Аналары: Жоқ, жоқ!
- Ал, тәңертең ерте тұрып, мектепке өзі киінетін, үйде анасына көмектесетін әдепті, тәртіпті бала бар ма сіздерде?
Аналары : Бар, бар!
Ойын: «Кім жылдам» Ана мен бала тәңертең мектепке және жұмысқа жиналады
Тәрбиеші: Жарқырап тұр күніміз
Жайқалсын бәйшешек гүліміз
Бақта бұлбұл сайрасын
Сәнді көктем нұрымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Талшыбықтай бұралған
Қыздарымыз қарап тұрмасын
Би: «Түрік биі» Қыздар
Айзере: Қадірлі аналар көңілі
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытқа толып өмірі
Шаттыққа шаттық ұлассын
Бағжан: Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да,ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
Айым: Ақылшымыз,данашым
Ұзақ өмір сүріңіз
Айналайын анашым
Алдымызда жұріңіз
Ән: «Әнші балапан»
Би: «Қазақ биі» Қыздар
Аналармен ойын.
Тәрбиеші: Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем әнмен тәтті күй
Жүрекке жылы ой сала
Әнді сүйсең менше сүй деп, Абай атамыз жырлағандай кезекті бір топ қыздардың орындау ында бір жақсы өлең тыңдаңдар.
Ән «Үйретеді бұл мектепте үйретеді»
Тәрбиеші: О, анашым неткен жансың мейірімнен жаралған
Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман
Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң
Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілексұрамаң
Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық, ардақтайық, еш уақытта ренжітпейік.
Балалар хормен: Ана- біздің күніміз.
Ана- біздің гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Тәрбиеші: Сіздерді тағы да 8 –ші Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Би: «Вальс»
Құттықтау сөз ата- аналарға беріледі.