Home » статьи » «Балабақшада арнайы педагогтар мен мамандардың жұмысын үйлестіру»

«Балабақшада арнайы педагогтар мен мамандардың жұмысын үйлестіру»

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты КМҚК «№ 172 бөбекжай-балабақша» меңгерушісі Бияхметова Г.К,  әдіскер Хасенова М.Ж ұйымдастыруымен Наурызбай аудандық мобильді топтың жұмыс жоспарына сәйкес, Наурызбай ауданының логопед, психолог, музыка және спорт жетекшілеріне  арналған «Балабақшада арнайы педагогтар мен мамандардың жұмысын үйлестіру» тақырыбында аудандық семинар өтті.
               

Семинардың мақсаты: Балабақша қызметіндегі арнайы педагогтар мен мамандардың педагогикалық қызметіндегі барлық іс-әрекетінде балалардың мүддесін, құқығын,еркіндігін қорғау, балаларға білім беру сапасын арттыру, тәжірибемен  бөлісу.

Семинарда балабақша меңгерушісі Бияхметова Гулнара Кукентаевна балабақшаның арнайы педагогтары мен мамандарының жұмысын айтып берді
     

Балабақшамыздың арнайы педагогтары Психолог –Тохтабулатова Нуржамал Чимырбаевна, логопед –Байболатова Асел  Мырзағалиевна, музыка жетекшісі Тастанбекова Маржан Ережеповна, спорт жетекшілері Аукенбаев Әуелхан Жеңісұлы, Нақысбекова Шырын Сабырхановна және тәрбиешілер Кипа Армангүл Қизатқызы, Ражанова Айман Төлеутайқызы, Дошова Алмагүл Даутбаевна, Кеңесбекқызы Қарлығаш жұмыс барысын көрсетті. «Көңілді пішіндер» тақырыбы бойынша психолог ұйымдастырылған іс-әрекетін жұмбақ жасыру арқылы  бастады жеке жұмысы көрсетілді. «Пішіндерді құрастыру», «Пішіндерді түймелеу», «Қай пішін жоқ?» т.б ойындар арқылы жалпы моториканы және зейінді дамытуға,  есту-сөздік есте  сақтау қабілетіне бағытталған болды. «Мен жақсы сөйлеймін» тақырыбы бойынша логопедтің жеке жұмысы көрсетілді.  Логопед өз жұмысын «Логоертегі» мен бастады.  Педагог пен балалар үстел үстіндегі айнаға қарап отырып жаттығулар орындады.  Р-дыбысын айту үшін «Мотор» ойынын ойнады.  Тыныс алу жаттығуын стакан үрлеу арқылы жасатты. «Көп және аз», «Пішіндер әлемі», «Ойлан» т.б ойындар ойнау арқылы Р.Л дыбысын сөйлемде бекітті. Музыка жетекшісі «Болашақтың музыкасы жасанды интеллект арқылы музыка әлеміне саяхат жасау» тақырыбы бойынша балалар интербелсенді тақта арқылы ұяшықтарды таңдап «Көңілді ноталар» атты ән айтып, ұлттық аспаптарда ойнап,тәрелкелермен би билеп «Ғажайып сандықша» дидактикалық ойын ойнап, өз қолдарымен жасаған құрақ көрпелермен «Илигай» биін биледі. Спорт жетекшілері «Ұлттық ойын-ұлттық құндылық» тақырыбы бойынша спорт жетекшісі Аукенбаев Ә.Ж балаларға жаттығуды қазақтың ұлттық ою-өрнектері арқылы жасап бастады, негізгі жаттығуды педагогтар өз қолдарымен жасаған қамшымен орындады, спорт жетекшілері Аукенбаев Ә.,  Нақысбекова Ш,  Талқыбаева М. қазақтың ұлттық «Көкпар», «Асық ату», «Шаңырақ» т.б балалармен өз қолдарымен дәстүрден тыс жасалған ұлттық ойындар ойнады. Балабақша тәрбиешілері Кипа Армангүл Қизатқызы,Ражанова Айман Төлеутайқызы, Дошова Алмагүл Даутбаевна, Кеңесбекқызы Қарлығаш арнайы педагогтар мен мамандардың ұйымдастырылған іс-әрекетіне  белсене қатысты. Ұлттық аспаптарда ойнап келген қонақтардың көңіл- күйін көтерді. Әдіскер Хасенова М.Ж «Менің пікірім құнды» атты кері байланыс өткізді. Наурызбай ауданы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымының меңгерушілері, КМҚК № 194 бөбекжай- балабақшасы» меңгерушісі мобильді топ жетекшісі Абдикадырова Алия Слановна, мектепке дейінгі ұйымның арнайы педагогтары мен мамандары өз пікірлерін айтып семинар жоғары деңгейде өткенін айтып алғыс білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*