Home » статьи » Отбасы құндылықтарын жаңғыртып, жандандыратын кез келді

Отбасы құндылықтарын жаңғыртып, жандандыратын кез келді


Каренеева Венера Ерболовна,
Астана қаласы әкімдігі
73 «Аяулым» балабақшасының
меңгерушісі

Отбасы құндылықтарын жаңғыртып, жандандыратын кез келді

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мемлекет және қоғам үшін өте маңызды. Балабақша – барлық тәрбиенің ең алғашқы баспалдағы. Тәрбие мен білім егіз дүние десек қателеспейміз. Ал тәрбиешілер болса балаларға қаншама жан-жақты әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып , жаңашыл, ізденімпаз сауатты да салауатты тұлға етіп қалыптастырушы. Сонымен қатар жаңа технологиялар мен ақпараттарды меңгертіп, бала бойындағы дарыны мен талантын ашып оны зерттеп білім нәрімен сусындататын ұстаз. Тәрбиешілерге қолдау көрсетіп, дұрыс жол сілтеп әр іске ұйытқы болатын балабақша әдіскері.

Әр балаға жауапты бола отырып дұрыс бағыт-бағдар беру, бақылау жасап, топтық жұмыс жасауға ықпал ету міндеттері мен мақсаты айқын өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын әр педагогтың қолынан келетін іс деп білемін. Нақты жоспарлармен жұмыс жасай білсек біз алмайтын камал жоқ екені баршамызға  анық. Әр баланың отбасы тәрбиесі, іс әрекеті мен құндылықтары әртүрлі болады. Сол себепті педагог заманның өзіндік ерекшеліктері мен дамуын бақылап үнемі іс-тәжірибе алмасып, өзін жетілдіріп отыруы қажет.

Қараша айының  28  жұлдызында жоспарланған мектепке дейінгі білім беру педагогтері қауымдастығының жұмысы аясында әдіскерлердің шебер –сыныптары біздің №73 «Аяулым» балабақшасында өтті. Әдіскерлердің жұмысын ұйымдастыру барысында жан-жақты технологияларды ұтымды қолдану, жас әдіскерлердің жұмыс тәжірибесін жинақтау және тәжірибелі педагогтердің жұмысын насихаттауды мақсат еткен бас қосу өз деңгейінде өтті.  Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы әдіскерлердің кәсіби қарым-қатынасы үшін кең ақпараттық алаң құру, озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, жалпылау және таратуды міндет еткен шарада Алматы ауданы бойынша әдіскерлердің қатары көп болды.

Балабақшамыздың тәрбиешілері күнделікті жұмыстары аясында балабақшаның дәлізінде ұлттық құндылықтарымызды айшықтайтын әр түрлі ойын мен салт-дәстүр түрін көрсетті. Бейне бір қазақ ауылын балабақша дәлізіне көшіргендей болдық . Сандық ашып олжаға ие болған әр қатысушы түрлі түстегі оюлы білезіктерімен балабақшаның көрермен залына бет алды. Өнерлі бүлдіршіндердің әсем әні таңғы көңіл күйді көтерді…
Алматы ауданы бойынша жиналған 27 мемлекеттік  балабақшаның әдіскерлері білім ордасының тыныс тіршілігімен танысып, педагогтермен еркін пікір алмасты. Балабақша әдіскері Исаева Акзира Каскырбаевна «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: Ұлттық жаңа сананы ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыру» тақырыбында жалпы балабақшамыздағы атқарылған іс-шаралармен, ата аналармен бірлескен жұмысты бейнеролик арқылы көрсетіп түсіндірді. Инновация әдіскері Гулфайруз Тукбергеновна мен психолог Алтынай Хайруллаевна келген әдіскерлерге «Ұшқыр ой алаңы» тақырыбында шебер сынып көрсетті.  Басқосудағы ең бір ұтымды тұсымыз әжелеріміздің шараға қатысуы болды. Ел арасында тараған жыр-дастандарды, қазақ халқының ауыздан-ауызға тараған батырлар жыры мен ертегілерін немерелерінің құлағына құя білетін әжелеріміздің бары шырайымыздың кіргені.  Қолымен құртын жасап, шеберлігін көрсете білген әжелеріміз балабақшамыздың төрінен орын алды. Сөзбен емес іспен көрсетуге ұмтылған бұл күнгі шараның көңілге қонымды болғаны осы тұсы деп білемін.

Іс –тәжірибемен бөліскен № 9 «Нұршашу» балабақшасының әдіскерлері Тулеубаева Жанат Муратовна, Козыр Ирина Александровна, № 60 «Арай» балабақшасының жас әдіскері Дарменова Мерей Ергалиевна өз ойларын еркін жеткізді. Әріптестер арасындағы сыйластық, бірлесе жұмыс жасауға деген ұмтылыс шеберлік көрсетуде, сергіту сәттеріне қатысуда көрініп тұрды. Басқосу соңында педагогикалық ұжымға алғыстарын білдірген педагогтер қатары көп болды.  Ұрпақ тәрбиесі селқостықты көтермейді. Сондықтан да ұжым болып бірлесе жұмыс жасап, әр баланың жарқын  болашағын қалыптастыруға үлес қоса білсек еңбегіміздің ақталғаны!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*