Home » О нас » Мұқағали – мәңгілік жыр

Мұқағали – мәңгілік жыр

Ізбасар Балнұр Болатқызы
Алматы қаласы ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы
 №140 гимназия» МКК-нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

М.Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер қазақтың әдебиеті мен  мәдениетінде ерекше орын алады. Оның поэзиясы —  тек терең философиялық ойлар мен сезімдерге ғана толы емес, сонымен қатар, музыкамен үйлесім тауып, халықтың жүрегіне жеткен, ғажап туындылар. Мақатаев шығармаларының мәңгілік әуендердің қатарынан табылуы — жырларының құндылығының айғағы. М.Мақатаевтың поэзиясы адам баласының сезімі мен рухани күйін дәл жеткізе білуімен ерекшеленеді. Оның өлеңдерінде махаббат, өмір, табиғат, туған жер мен Отанға деген сүйіспеншілік сияқты өміршең тақырыптар кеңінен орын алады. Бұл тақырыптар әнге арқау болғанда тыңдармандардың ерекше күйге бөлейді.

Мұқағали – мәңгілік жыр. Аталмыш тақырыпта  Алматы қаласы М.Мақатаев атындағы №140 гимназия жыл сайын,  ақиық ақынның туған күніне орай айлық ұйымдастырады. Айлық аясында биыл да Мақатаевтың сөзіне жазылған ұлттық рух, адамгершілік құндылықтар көрініс беретін жырларын жатқа оқудан, қойылымдардан, сурет салу мен эссе жазудан  жарыспен қатар, әнін орындау бойынша да байқау өтті. Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндер қазақтың музыкалық дәстүріне жаңа серпін беріп, жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде үлкен рөл атқарады.

Бүгінгі мектеп сахнасына ата-анамен оқушының бірге шығуы көрермендерге ерекше шабыт сыйлады. Бұл біріншіден, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, рухани байланысты сезінуіне мүмкіндік берді. Бұл байқау  қазақ халқының мәдени мұрасын, ұлттық құндылықтарын, ана тілінің әсемдігін сезіндіріп қана қоймай, ән әлеміне жол ашты. Оқушылардың  ата-анасымен бірге ән айтуы рухани байланысты күшейтіп, жас ұрпақтың мәдениетке, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырды. Ата-ананың  аталмыш шараға белсене қатысуы балаларға үлкен қолдау мен шабыт сыйлады. М.Мақатаевтың әндерін нақышына келтіре шырқап, ата-ана мен баланың бірге өнер көрсетуі, олардың рухани тұрғыда кемелдендіріп, ұлттық өнерге деген құрметін арттырды. «Ата-ана, оқушы, ұстаз» үштігінің жұмысын танытатын аталмыш шаралар гимназиямызда ары қарай да жалғасын таппақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*