2024 жылдың қараша айының соңында «Алматы қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың денсаулығын басқару» жобасын іске асыру басталды. Жоба аясында Алматы қаласы, Медеу ауданы №109 бөбекжай-балабақшасында «ОО Қазақ тағамтану академиясы» ЖШС қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, қатысушыларды жобаның негізгі міндеттері мен мақсаттарымен таныстырды.
Балабақшада мектепке дейінгі жастағы балалар мен олардың ата-аналарының дұрыс тамақтану және денсаулықты нығайту мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шаралар басталмас бұрын ата-аналардан ақпараттық келісім алынды.
Балалардың денсаулығын бақылау аясында антропометриялық өлшеулер (бой, салмақ) жүргізіліп, зерттеуге 215 бала қатысып жатыр.
Балабақшада шыққан бұйрыққа сәйкес, 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап мәзірге келесі өзгерістер енгізілді:
* Екінші таңғы асқа күнделікті қышқыл сүт өнімдері қосылды.
* Жеміс батончиктері аптасына екі рет беріледі.
* Дүйсенбі күні таңертең – үш күнге (дүйсенбі-сәрсенбі) жеткізіледі.
* Сәрсенбі күні түстен кейін – екі күнге (бейсенбі-жұма) жеткізіледі.
2024 жылдың желтоқсан айынан бастап балалар қосымша:
* Пайдалы бактериялар мен дәрумендерге бай қышқыл сүт өнімдерін;
* Алма өнімдерін – мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың денсаулығын жақсарту үшін қосымша тағам ретінде ала бастады.
Балалардың дұрыс тамақтану және денсаулықты жақсарту туралы хабардарлығын арттыру заманауи құралдар арқылы жүзеге асырылуда: бейнероликтер, мультфильмдер көрсетілуде.
Көптеген ата-аналар балабақшадағы тамаққа алаңдайды. Балалар уақытының көп бөлігін мектепке дейінгі мекемеде өткізеді және осы кезеңде мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшада теңгерімді және ұтымды тамақтануы өте маңызды.
№109 бөбекжай-балабақшасының жобасына ата-аналар да белсенді қатысуда. Балабақшаның медбикесі және Қазақ тағамдану академиясының қызметкерлері ата-аналармен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, «ОО Қазақ тағамтану академиясы» ЖШС қызметкерлері Алматы қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың медицина қызметкерлерімен кездесті.
Біз сондай-ақ балалардың тамақтануына өзіміз де куә болып қайттық. Тәрбиеленушілердің барлығы тамақтану алдындағы ережелерді сақтауы, топтардың тазалығы, тәрбиешілердің біліктілігі көңілімізге қуаныш орнатты.
Балалардың дұрыс тамақтануы – олардың денсаулығы мен дамуы үшін аса маңызды факторлардың бірі.
Ата-аналардың балабақшадағы тамақтануға алаңдауы – олардың балаларының денсаулығы мен әл-ауқатына деген жауапкершілігінің көрсеткіші. Бұл мәселені шешудің ең тиімді жолы – балабақша мен ата-аналар арасындағы ашық диалог пен серіктестік. Егер екі тарап та осы бағытта жұмыс жасаса, балалардың тамақтану сапасын жақсартуға болады.
Баланың балабақшадағы өмірі мен дамуы ата-аналармен тығыз байланыста болуы керек. Балабақша мен ата-ана бірге жұмыс істеген жағдайда ғана баланың әлеуметтенуі мен білім алуы тиімді болады.
BILIM AINASY
Алматы қаласы
Ақерке Аманқызы