Алматы облысы Талғар қаласы
«Премиум-Талғар» балабақшасы
меңгеруші: Бейсен Жазира Бейсенқызы
«Балабақша мен ата-ана ынтымақтастығы»
Семинар мақсаты:Балабақша мен отбасындағы ынтымақтастықты біріктіре отырып оқу және тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырып, заман талабына сай рухани жан дүниесін байытып, бойындағы құндылықтарды дамыту. Балабақша мен ата -ана арасындағы ынтымақтастықты құру.
Отбасы және балабақшаның бала тәрбиесіндегі орны туралы пікірлерімізді, өз ойымызды, көзқарасымызды ортаға салып сұхбатасамыз, бір-бірімізбен тәжірибе алмасамыз.
Балабақша – базарлы үй,
Қаладағы ажарлы үй.
Күлкісі бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты…
Иә, балабақша – балалық шақтың бақытты мекені іспетті.
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан бала бойынан жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттеді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікте тәрбиелеуде отбасы мен балабақша шешуші роль атқарады. Халқымыздың даналығында «Баланы жастан» деген сөз бар. Сондықтан тәрбиенің тал бесіктен басталатынын ескерсек, ата-бабадан келе жатқан ибалық пен инабаттылықты өзіміз түпкілікті түсініп, балаларымызға сол тәрбиенің нәрін сіңіре білсек, бұл қазіргі заманда бала тәрбиесіне қосқан біздің қомақты үлесіміз болып табылар еді. Еліміз егемендік алып, өз мәртебесі биіктей түскен шақта ең алғашқы алға қояр міндеттің бірі – бала тәрбиесі – егеменді еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақ тәрбиелеу. Ал сол жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі тәрбиеші – мамандар тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіріп, күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, оны өздерінің іс-тәжірбиесінде қолданып отырса, бала тәрбиесі алға басары сөзсіз. Бұл ойдың тармағы бүгінгі тәрбиешінің кәсіптік шеберлігінде, шығармашылық дамуына әкеліп соғады.
Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген парасатты азамат тәрбиелеп өсіру—әрбір отбасының, балабақшаның, барша елдің міндеті. Осы міндетті орындауда мектепке дейінгі тәрбие мекемесі –балабақшаның ролі өте зор. Әр үйдің кішкене балбөбектері білім ордасына дейін ата-анасының тәлімді тәрбиесімен қатар мейірімге толы ізгілікпен құшақ жайып, өнер,білімге баулитын балабақша саясында өсетіні анық. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап – құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сипайлық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет қойған. Бала біздің болашағымыз. Олай болса мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес ,еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы.
Ата-анадан кейінгі бала тәрбиесіне жауапты сол бір «бақытты мекен» «Премиум-талғар» деп аталады.
2016 жылы қараша айында Талғар қаласы, Жаңа ауданында 525 орынға арналған «Премиум -Талғар» бөбекжай балабақшасы бой көтеріп, қазіргі таңда балабақшада жас ерешеліктеріне қарай 21 топтап 525 бала тәрбеленуде. Ұжымда 60 педагог- мамандар және 21 тәрбиешінің көмекшісі, 20 жұмысшы қызметкерлер жұмыс атқарады. Балабақшада Логопед,психолог, қазақ тілі маманы,дене шынықтыру нұсқаушылары,музыка жетекшілер, изо маманы, биші мамандар жұмыс жасайды. Балабақшада баланың жас ерекшеліктеріне қарай, материалдық- техникалық базасы заман талабына сай жабдықталған. Барлық топтарда білім беру салаларына байланысты бұрыштармен безендірілген. Сондай-ақ музыка залы, меңгеруші, әдіскер, психолог, логопед,дене шынықтыру залы, медбике, есепші, асхана, кір жуатын бөлмелері талапқа сай жабдықталған.
Балабақшамыз мектепке дейінгі тәрбие және білім беру стандартына сәйкес жұмыс жүргізеді.
Осы уақыт аралықта балабақша жетістіктерге де қол жеткізіп үлгерді. Республикалық, облыстық және аудан көлемінде өткізілген байқауларда жеңімпаздар атандық. Сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндеріміз көптеген белестерді бағындырып республикалық, халықаралық байқауларда түрлі жеңістерге ие болды. Балабақша аясында өзекті тақырыптарға байланысты семинар,дөңгелек үстел,түрлі тренингтар откізіліп отырады. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылған мерекілік іс –шаралар, ертеңгіліктер жоғары деңгейде өткізіледі.Балабақшаның жылдық мақсаты және өтпелі тақырыптарға байланысты ұйымдастырылған ашық оқу іс-әоекеттер көрсетілуі педагог тәрбиешілер үшін өте маңызды. Балабақшада күнделікті күн тәртібі орындалып ішкі іс әрекеттер жүргізіліп отырады.
Күн тәртібі барысында бір күндік дағдылар, яғни ертенгі қабылдау, таңғы ас,оқу іс-әрекеттері, үйірмелер,серуендеу, түскі ас, ұйқы ашар, бесін ас, кешкі ас іс әрекеттері орындалады.Күнделікті күн тәртібі арқылы бүлдіршіндеріміздің жеке тұлға ретінде өздерін көрсете алатындықтарын байқауға болады.
Педагогтарымыздың шығармашылық ізденістеріне, әдістемелік жетістіктерге қол жеткізуіне барынша мүмкіндік тудырамыз. Бүлдіршіндердің жан дүниесін көңіл – күйін терең түсіне білуін талап етеміз. Балабақшада бүлдіршіндеріміздің танымын кеңейтіп, достық бірлікке, ынтымақтастыққа шақыруға, білімдерін ән мен бимен және сауықтыру бағытында, сурет өнерімен ұштастырып, тілдік, сөздік қорларының молаюына, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру жұмыс нәтижелері үнемі қадағаланады. Осы бағытта ұжым педагог-тәрбиешілер бүлдіршіндерді тәрбиелеу барысында шығармашылық жұмыстары өз нәтижелерін беруде.
Алдымызға қойған болашаққа жоспарлаған мақсаттарымыз көп. Қорыта келгенде, қазіргі кездегі келешек ұрпақтың білімді, жаңашыл,саналы болып тәрбиеленетініне біздің балабақшамыздың да қосар үлесі мол болатынына үлкен сеніммен қараймыз. Сондықтанда:балабақша мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты жандандыру мақсатында семинар ұйымдастырылып 21 топтың ата-аналары шақырылды. Семинар өте жоғары деңгейде өтілді. Ата -аналар ризашылықтарын білдіріп, өз ойларын,пікірлерін, ұсыныстарын да білдірді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші заман талабына сай жан –жақты келешек ұрпақты тәрбиелеуден жалықпайық! Сонымен қатар оқу тәрбие жұмысын мақсатты жүргізсе,елдің халқының дәстүрін сыйлайтын ұлтжанды жеткіншек өсіру мақсатымыз еселі өтелері сөзсіз.