Султангалиева Зульфия Сағитжановна
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Кенбай орта мектебі «КММ»
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі балабақша балалары мен мектеп оқушылары, тәрбиеші мен мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.
Моторика деген не? Моторика дегеніміз – белгілі әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін қимылдар. Моторика екіге бөлінеді. Ірі моторика және ұсақ моторика. Ірі моторика (жүру, жүгіру, секіру қозғалыс қимыл іс-әрекеттері жатады.)
Баланың саусақтарындағы ұсақ моторикаларды дамыту туралы біз көп естиміз. Ал «ұсақ моторика» дегеніміз не? Ол моториканы дамыту не үшін керек?
Физиологиялық тұрғыдан айтқанда «ұсақ моторика» қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысы. Ұсақ моториканы дамыту бұл ең алдымен сөйлеуді, тілді дамыту үшін керек. Себебі, қолдың саусақ қимылдары мен сөйлеу мүшелерін бақылайтын бастағы ми қыртыстары бір-біріне жақын орналасқан, қолдың саусақтары қимылынан бастағы ми қыртысына импульс жіберіледі, осылайша оған жақын орналасқан сөйлеу аймақтары белсендендіріледі. Ғалымдардың дәлелдеуінше, ағзадағы барлық қозғалысқа жауап беретін ми қыртыстарының үштен бір бөлігінің жүйке нүктелерінің кескіні алақан мен саусақтарда орналасқан екен. Сондықтан зерттеушілер алақанды екінші тіл деп те атайды. Баланың жалпы дамуында ұсақ моториканың алатын орны ерекше. 1[3-4бет]
Жобаны мақсаты: Әр түрлі іс-әрекеттер арқылы мектепалды дайындық балаларының ұсақ моторикасымен қол үйлесімдігін дамыту.
Жобаның өзектілігі: ұсақ моторикасын дамыту қазіргі заманда ең өзекті мәселе болып отыр.Баланың қалай дамып келе жатқанын көрсететін,оның интеллектуалдық қабілетін айғақтайтын дәл ұсақ қол моторикасы екендігі белгілі болды. Қол моторикасы жетілмеген балалар өзі-өзіне қызмет көрсету іс-әрекеттерін епсіз орындайды, оқу іс-әрекетінде басқа балаларға ілесе алмайды. 2[19бет]. Осы себептен өзіне деген сенімі, көңіл-күйі, өзін бағалауы төмендейді. Жобаның жоспарын құра отырып балалардың деңгейін, шығармашылығын, ізденімпаздығын,білімін дамытқым келеді. «Ойын арқылы балалардың ұсақ моторикасын дамыту» тақырыбында жобаны қолға алдым. Бұл мектепалды дайындық балаларларына өте тиімді, онда балалардың өздерінің жан-жақты екендігін көрсете білді. Осы жобаны пайдалана отырып балалармен жеке жұмыс жасауда көптеген нәтижелерге жеттім.
Жобаның орны: мектепалды дайындық тобының оқу іс-әрекетінде, тәрбие білім беру саласындағы педагогикалық іс-әрекеті, шығармашылық орта.
Жобаның міндеттері:
— саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасын дамыту.
— сөйлеу функциясын тұрақты етуге көмектесу
-жалпы қозғалыстық белсенділікті арттыру
-әр түрлі заттарды қолданғанда қолдың ұсақ моторикасымен икемділігін, жаттықтыру.
Жоба болжамдары:
- Ойын-жаттығуларын оқу іс-әрк-екетінде, жеке балалармен жекелей жұмыстар жүргізе отырып ұсақ қол моторикасын әрі қарай тереңдете дамыту.
- Балалардың қабілетін тек өзіне қызықтыратын іске бағыттау.
Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуіне жауап беретін орталықтар жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға жауап бере отырып, сөйлеуге жауап беретін орталықты дамыта аламыз.Баланың ұсақ қол моторикасына арналған саусақ жаттығулары мен ойындардың маңызы зор. Жазу жазар алдында мектепалды дайындық балаларына саусақ жаттығуларын жасату қажет.
Ал тірек-қимыл бұзылысында қиындықтары бар балаларға моншақтарды жіпке тізу, мозайка, аяқ киімнің бауын байлау,ермексазбен жұмыс жасату ұсақ моторикасын дамытады. Баланың ұсақ моторикасы дамыса, сөздік қоры да дамиды. Сол себепті оқу іс-әрекеті кезінде саусақ жаттығуларын пайдаланамын. 3 [16-19бет]
Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту.Ұсақ қол моторикасы балалардың есте сақтау қабілеті мен назарын, сондай -ақ, сөздік қорын дамытады.
Т.А.Ткаченко сергіту сәтіне жаттығу енгізу бас миының сөйлеу зонасының ұсақ қол моторикасы термині саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді, қимылын белсендіреді.
Көптеген жаңашыл зерттеушілер ұсақ моториканы дамытуға байланысты саусақ моторикасын дамытуға саусақ ойындарын сипаттауды, сергіту сәттерін, ойын ертегілер пайдалануды ұсынады .
Қандай материалдар қолданамын деген мақсатта нақты жоспар құрдым. Жұмысымның негізіне ойындар енгіздім.Ойындар – ұсақ қол моторикасын дамытудың маңызды бөлігі. Қозғалысты ойын — балалар үшін дүниені танудың бір тәсілі. Балалар ойынының қозғалысы қаншалықты анық болса, бала дүниемен соншалықты терең таныса алады.
Алдымен мектепалды дайындық балаларының саусақтары мен қол ептілігін анықтайтын диагностика жасадым. Диагностика жасау барысында балаларға екі түрлі жаттығу ұсындым:
Көздеген нәтижеге қол жеткізу үшін мынадай жұмыс түрлерін пайдаландым:
— тәрбиешінің балалармен бірлескен қызметі;
— балалармен жекелей жұмыстар;
— балалардың өздерінің еркін өзіндік қызметтері.
Ұсақ қол моторикасын дамыту және қозғалысын үйлестіру мақсатында ойын-
жаттығулар мен әдіс – тәсілдер пайдаландым:
- Шертпек ойын :
Мақсаты:Балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту. Жылдамдық, шапшаңдық және ептілікті арттыру.Саусақ ойыны барысында балалар жылдам әрекет ету жене кедергілерден өту қаблеттерін жетілдіреді.Балалар асықты ұстауға дәлдікке атуға ұсақ қол моторикасын дамытатын ойын түрі.
- Сыңарын тап ойыны:
Мақсаты:Балаларға арналған танымдық және білімді дамыту ойыны. Бұл ойында екі бала ойнау арқылы жасырылған ұлтық киімдерді табу арқылы балалар жылдамдыққа есте сақтау қаблетіне ие болады. Осы ойын арқылы балалардың тілдік қаблеттерін дамытуға,оларды зейін қоюға және ойлау дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.
3.Ою – өрнекті түрлі түсті асықпен сәндеу ойыны:
Мақсаты: Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытады, ойлау қабілеті дамиды,олардың ептілігін, ақыл ойын және шыдамдылығын арттыруға бағыттаған ойын.Бұл ойын ұлттық дәстүрлер мен өнерді дәріптеу.Ұлттық өнер мен мәдениеттің элементтерін балаларға таныту.Көру және қол кординациясын жақсарту.
4.Шыр ойыны:
Мақсаты:Балалар бұл ойында топтасып ойнауға асықты ұстау арқылы балалардың ұсақ қол моторикасын дамытады.
Шарты: асықты түстеріне қарай ажыратады, ішінде бір ерекше түсті асық болады соны алған бала ойынды бастайды.
- Құм терапиясы әдісі :
Мақсаты:Балаларға арналған физикалық даму әдісі ол ұсақ қол моторикасын дамытуда өте пайдалы.Құм мен жұмыс істеу балалардың шығармашылық қаблеттерін ,сондай ақ сенсонлық дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.Құм терапиясы балалардың назарын бір затқа аударады, тапсырмаларды орындау арқылы зейіндерін дамытады.
- Секіртпек ойыны:
Мақсаты: Балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту. Ептілік жылдамдық және көру қаблеттерін жетілдіру. Ойын арқылы балалардың көңіл-күйін көтеру, олардың белсенділігін арттыру.
Шарты: Балалар төрт топқа бөлінеді.Балалардың қолына текше беріледі текшені лақтыру арқылы қандай түс түседі сол асық алға бір қадам секіреді..
- Жіп өткізу әдісі:
Асықтарды жіпке өткізу балалардың саусақтарының ептілігін дәлдігін жетілдіреді.Ойынды орындау барысында балалар ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп сабырлықты және шыдамдылықты үйреді.Ойын барысында балалар түрлі тәсілдермен асықтарды жіпке өткізіп,ойын ережелерін өз қалауынша өзгертеді.
- Шығармашылық: Асықты бояу балалардың ұсақ қол моторикасын жетілдіреді, олар бояуды дұрыс жағу,сызу немесе өрнектер салу кезінде дәлдік пен ептілік қажет етеді.
- Сурет салу: Мақсаты: сурет салу кезінде балалардың жалпы елестері, шығармашылығы дами түседі. Басты назары суреттерді бояуға бөлінеді.
Шарты: Берілген тапсырмадағы суреттерді бастырады, сурет салады, әдемілеп бояйды.
10.Ат жарысы ойыны:
Мақсаты:Балалардың физикалық белсенділігін арттыру,қозғалыс дағдыларын дамыту және командада жұмыс істей білу қаблеттерін жетілдіру.Бұл ойын барысында балалардың жылдамдық,ептілік,кординация сияқты қозғалыс дағдылары дамиды.Ат жарысы ойыны көңілді әрі белсенді түрде баланың денсаулығына пайдалыәсер етеді, оларды сергек әрі жедел қимылдауға үйретеді.
11.Үру әдісі:
Мақсаты:Балалардың физикалық дамуында және қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіруде қолданылатын әдіс. Әдетте, үру әдесті әртүрлі ойындар мен жаттығуларда қолданылады.Үру барысында балалардың қол мен аяқ арасындағы үйлесімділігімен кординациясы дамиды.Үру әдісі арқылы балалардың бұлшық еттері күшейеді,сонымен қатар қимылдардың үйлесімділігі жақсарады.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі:Математика негіздері
Тақырыбы: Кім шапшаң ?
Мақсаты: Балалардың шапшаңдыққа баулу ойын іс әрекет арқылы шығармашылдық қаблетін дамыту.
Керекті құралдар: текше,асық астына жасырылған тапсырмалар.
Жүрісіні: Балаларға текше беріледі, сол текшені лақтыру балалар тапсырмаларды орындайды.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, салыстыру, түсіндіру,ойын-жаттығулар,іскерлік.
Балалар, бүгін бізде ерекше күн!
Бүгін біздің сыныпқа қонақ апайларымыз келді, олай болса орнымыздан тұрып, шаттық шеңберінде амандасайық
Шаттық шеңбері:
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің белгісі.
Ал, канекей, бәріміз,
«Сәлем» дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме апайлар!
Жарайсыңдар балалар, орнымызға тұрамыз.(Балалар топқа бөлініп орындарына тұрады.)
Ал енді балалар, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне көшейік
— Бір жылда неше мезгіл бар?
— Төрт мезгіл.Кәне, атап шығайық…(қыс, көктем, жаз, күз)
Балалар енді сендерге жұмбақ жасырамыз.
Асықтың түр-түсі көп,
Ойласаң,ол әкеп ұтқызады
Қолыңда бір уыс болса,
Қанша жұмбақ шешуге ұтқызады? (асық)
-Дұрыс айтасыңдар.
Ендеше балалар ойын ойнайық
Дидактикалық ойын «Кім шапшаң?»
Тәрбиеші балаларға асықтың астына жабсырылған тапсымаларды ұсынады.
Балалар текшені лақтыру арқылы түскен түсіне қарай асықты ашады.
Шарты:тәрбиеші жұмыстың орындалу барысын түсіндіріп көрсету.
1.тапсырма: Оюды сәйкестендір ойыны: берілген оюларды көлеңкесіне сәйкестендіру.
2.тапсырма:Балалар лулля шеңберін айналдырып ұлттық киімдерді сәйкестендірді.
3.тапсырма:Салыстыру ойыны: Балалар қолдарына берілген тапсырмаларды санау арқылы салыстыру белгісін қояды.
4.тапсырма: Санды ,саусақты және затты сәйкестендіру. Бұл ойында балалар саусақты санау арқылы тапсырмаларды орындайды
Ұйымдастырылған іс әрекеттінің қорытындысы. Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Қолдың дәлдігін арттырды.
Дұрыс жазу дағдыларын қалыптастырды.
Шығармашылық қабілеттері дамыды
Ұлттық ойындар балалардың ұсақ қол моторикасын қалыптастыруға негіз болды.
Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекет сіздерге ұнады ма? (Балалар өз ойларын жеткізеді.)Балаларды жұлдызшалар арқылы мадақтадым.
-Қане балалар, келген қонақтармен қоштасайық. (Балалар қоштасады)
Сау болыңыздар!
А.М. Горький былай деп жазды: «Қол басты оқытады, ал содан кейін ақылды бола бастаған бас қолды оқытады, ал ақылды қолдар қайтадан мидың дамуын қамтамасыз етеді». Сондықтан баланың миын дамыту үшін қолды жаттықтыру керек. Ақыл ойдың дамуы қолдың дамуымен қатар жүреді.
Қорыта айтқанда, мектепалды дайындық балаларының ұсақ саусақ моторикасын дамыту педагог-тәрбиеші үшін ең маңызды міндет десек, онда баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға көмектесу қажет етеді.
Жұмысымның нәтижесінде балалардың тілі, қимыл – қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамыды, балалардың еркін шығармашылығы артып, әр баланың жеке іскерлік қабілеті ашылды.
Балаларыдың ұсақ саусақ моторикасын қалыптастыруға өзім тәжіребемде әр түрлі әдіс тәсілдерді пайдаланып қызығушылықпен орындауға болатынын үйретемін. Келешекте де өткізген жұмыс нәтижесінің жемісті болуы үшін жаңа әдіс-тәсілдерді іздестіріп қолдануды жалғастырамын.
Ұсыныс:
1.Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған құрал-жабдықтарға тапсырыс берілсе.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Цвынтарный В.В. Саусақпен ойнаймыз және сөйлеуді дамытамыз,1996.
2.Бардышева Т.Ю. Сәлем,саусақ.Саусақ ойындары.
3.Ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған ойындар (М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі бойынша) .
4.Бала тәрбиесі –Алматы.09.2014