Калиева Сауле Сыдыковна
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
№10 ЖББМ КММ-сінің
математика пәні мұғалімі
Мәтінді есептерді әртірлі тәсілдермен шешу оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, математикалық сауаттылығын дамытуға және күнделікті өмірмен байланысты есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты мақсаты – оқушыны өмірлік жағдаяттарды шешуге қабілетті тұлға ретінде тәрбиелеу. Бұл ретте математикалық сауаттылықтың негізі – мәтін есептерді шығару дағдысы ерекше маңызға ие. Алайда көп жағдайда оқушылар мәтіндік есептерді шешуде қиындықтарға тап болады. Осы мәселеге орай 5-сынып оқушыларына арналған арнайы курс әзірлеудің маңызы зор. Мұндағы мақсат : оқушылардың мәтін есептерді шығару қабілетін жүйелі түрде дамыту.
Бұл өз кезегінде оқушылардың мәтін есептер құрылымын түсінуіне және математикалық модельдеуге үйренуге жол ашады. Сондай-ақ оқушылардың логикалық ойлауы мен математикалық тілінің дамуына, оларды өмірмен байланысты жағдаяттық есептерді шешуге баулиды. Білім алушылардың шығармашылық және зерттеушілік дағдыларын дамытады.
Бағдарламада сабақта қолданылатын нақты тақырып, мақсат, есептер жиынтығы, белсенді оқыту әдістері және бағалау критерийлері қарастырылған.
Курс барысында келесі әдістер қолданылды:
— Интерактивті тапсырмалар: оқушы белсенділігін арттыру үшін Google Forms, Kahoot т.б. қолдану
— Проблемалық оқыту: есеп мазмұнына өмірлік жағдай енгізу
— Сараланған тапсырмалар: әртүрлі деңгейдегі оқушыларға арналған
— Топтық жұмыс: ұжымдық шешім табуға баулу
— Бағалау критерийлері: оқушы өзін және бірін-бірі бағалайды
Бағдарлама пилоттық түрде бірнеше сыныпта апробациядан өтті. Нәтижесінде:
— Мәтін есептерді шешу жылдамдығы мен дұрыстығы артты;
— Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы өсті;
— Сабақтағы белсенділік пен өз бетімен жұмыс жасау деңгейі күшейді.
Қорытынды
«Мәтін есептер шығару» курсы – оқушыны өмірлік жағдаяттарды шешуге, логикалық ойлауға және математикалық сауаттылыққа тәрбиелейтін тиімді құрал. Бағдарламаны кіші жас ерекшелігінен бастап әрбәр сынып деңгейінде кеңінен енгізу – білім сапасын арттырудың маңызды қадамы болмақ.