Home » статьи » Second language of teaching and its benefit (CLIL)

Second language of teaching and its benefit (CLIL)

Кайракбаева Ардак Солтангазиновна
Алматы қаласы, Жетісу ауданы,
№148 мектеп- гимназияның
ағылшын тілі пәні мұғалімі


Уакбаева Динара Оралбековна
Алматы қаласы, Жетісу ауданы,
№148 мектеп- гимназияның
ағылшын тілі пәні мұғалімі

Қалалық семинар. Тақырыбы: «Second language of teaching and its benefit (CLIL)»

Жақсы ұстаз шәкіртіне талмас талап,
қайыспас қанат сыйлайды
Халық даналығы

Қазіргі таңда тәуелсіз елдің тілегі — білімді ұрпақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай «Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса  жауапты міндет».

Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте әрі  кәсіби білікті болуы тиіс.

Білімді толық игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуіне, өз ойын ашық және толық айтуға үйрету, ой-өрісін кеңейту – оқытудың ең басты мақсаты болып табылады және әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай білім, дағды алатындай етіп оқытуымыз керек.  Осы мақсатқа жету үшін, жаңартылған оқыту үрдісіне байланысты «CLIL» — Үштілділік оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді әдісі» болып табылады. Президент артып отырған міндетті орындау барысында мектебімізде үнемі СLIL  бағдарламасы бойынша түрлі ашық сабақтар, семинар, мастер класстар, сабақтан тыс іc- шаралар өткізіледі. Осы орайда тәжірибиемізбен бөлісу мақсатында Алматы қаласы, Жетісу ауданы, КММ №148 мектеп-гимназияда  30.01.2025 күні ағылшын тілі бірлестігінің онкүндігі аясында  «Second language of teaching and its benefit (CLIL)» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында ағылшын тілін  пәндерге кіріктіре отырып инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білу шеберлігін арттыру. Семинарға қала мектептерінен келген  ағылшын тілі мұғалімдері мен жаратылыстану бағыттағы пәндердің мұғалімдеріне мектеп директоры Касымова Камшат Темірбековна семинар бағдарламасымен, мақсатымен таныстыра отырып, «CLIL» технологисының қолану ерекшеліктері мен тілді кіріктіріп оқыту, білім беру, оқытудың мазмұны мен үш тілділік білім беру арқылы білім, білік дағдылардың толыққанды жүйесін қалыптастыру екенін ерекше айтып өтті. Алматы қаласының білім берудегі жаңа технологиялар мен ғылыми-әдістемелік орталығының шет тілдері бойынша әдіскері Петрова Л.Б. семинарға  тәжірбиемен бөлісуге келген ұстаздардың осы семинардан үш тілділікті оқытудың жаңа әдіс-тәсілдердің сабақта қолданудағы тиімді әдістерін, қолданатын практикалық тәжірбиелердің  ұтымды сәттерін, өз тәжірбиелерінде пайдаланып  іске асыратындарына сенімін білдіре отырып ,  осы семинарды ұйымдастырып отырған   мектеп басшысына  және ағылшын тілдері әдістемелік бірлестігінің ұстаздарына алғысын білдірді.

Л.Б. Петрова өз сөзінде № 148 мектеп- гимназиясы жыл сайын қалалық семинарлар  ғана емес,  оқушыларын  интеллектуальдық конкурстар мен сахналық қойылымдарға қатыстырып, халықаралық клуб мүшелерінің сарапшыларымен TED X жобасын ұйымдастырып, оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға арналған кездесулері жоғары деңгейде өткендерін , ағылшын тілі ұстаздарынының ерен еңбегі деп мақтанышпен айтты.        Ашылу салтанатынан кейін барлық мұғалімдерге жаратылыстану пәнінің ұстаздары

С. Тәлен, А.Тегіс, Ж. Атакулова, Б. Нұрғалиева, Н.Нұралиев, Р. Балкыбекова, А.Онланбекова, М.Есімова “Second language teaching and its benefits in science subject” тақырыбында ағылшын тілін пәнге қосып оқытудың артықшылықтары мен қиындықтары туралы өз ойларымен, тәжірибиелерімен бөлісіп, сөз сөйледі.

Келесі сөз кезегін ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері А .Ыдырысова, Г.Оңдасынқызы, Л.Қыдырбекова жалғастыра отырып, «Effective methods of teaching English in primary, secondary and high school» тақырыбында озық тәжірибиелерімен бөлісіп, мастер класстар көрсетті. Семинарға келген ұстаздар спикерлердің бөліскен жұмыстарына оң баға қойып, SWOT әдісімен талдады.

Семинарға келген ұстаздар ары қарай мектебіміздің тәжірибиелі ұстаздары өткізген бинарлы сабақтарға қатысты. Ағылшын тілі пәнінің мұғалім Т. Исаева мен физика пәнінің мұғалімі Г. Алпамысова бірлесе отырып  7 “A” сыныбымен «Pressure in liquids and gases» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Жаңа сабаққа ой қозғау ретінде жасанды интеллект элементтері өте тиімді қолданылды. Оқушылар топтық жұмыс барысында шығармашылық тапсырмалар орындады. Сабақта қолданылатын термин сөздерді мұғалім ағылшын тілінде түсіндіріп,  сөздікпен жұмыстарды, кері байланысты, есептің шығару жолдарын оқушылар ағылшын тілінде түсіндірді . Оқушылар өздерінің пәнге деген қызығушылығы мен терең білімдерін көрсете білді.

   

Келесі дәл осындай бинарлы сабақты биология пәнінің мұғалімі Г. Шайхымбекова мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Д. Уакбаева «The Importance of Vitamins. Determining Vitamin C in Food Products» тақырыбында 8 “A” сыныбымен өткізді. Ашық сабақ барысында пәнаралық байланыс өте сәтті шықты. Үй жұмысына берілген дәрумендердің шығу тарихы туралы, дәрумендерді алғаш зерттеген Н. Лунин туралы мәліметті РАФТ әдісіне салып “Мен Н. Лунинмін” деп автор рөліне кіріп ағылшын тілінде өзі туралы мәліметтер айтып жарысты. Өткен сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар квест әдісі бойынша жасырылған тапсырмаларды тауып, ағылшын тілінде бекітті. Оқушылар төрт топқа бөлініп, дәрумендердің жеткіліксіздігінен пайда болатын ауруларды зерттеп, ағылшын тілінде қорғады. Бір топ С дәруменінің адам ағзасын қалай тазалайтындығын лаборотиялық жұмыс арқылы көрсетті. Биология пәні мұғалімі Г. Шайхымбекова ашық сабақта ағылшын тілінде жаңа тақырыпты суда еритін, майда еритін дәрумендерді жіктеу арқылы оларға сипаттама бере отырып ашты. Ағылшын тілінде әр дәруменнің адам ағзасына кажеттілігі туралы түсіндірді, оқушылармен зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесін оқушылар өздері қорытындылады. Дәрумендердің ағза үшін маңызына көз жеткізу үшін А,В,С,Д дәрумендер тобына бөлініп топпен аталған дәрумендердің жеткіліксіз болғанда, қоры асып кеткен жағдайда туындайтындайтын аурулар түрімен танысып, пайда болу себеп- салдарын топта талқылады.  С дәруменінің ағзаны залалсыздандырушысы, қорғаушы дәрумені ретінде практикалық жұмыс орындады. Жұмыс барысында 5% йод  ерітіндісімен ластанған адам ағзасы іспетті сұйықтыққа толы сұлбаны кәдімгі С дәруменінің үгіндісін қосу арқылы залалсыздандырып көрді. Лас сұйықтық ортаның қалай мөлдір түске айналғанын саралады. Ашық сабақта оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасай отырып сабақ мақсатына жетті.

Қорытындылай келе, білімді толық игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, еркін сөйлеуіне, өз ойын ашық және толық айтуға үйретуге, ой-өрісін кеңейтуге  «CLIL» — Үштілділік оқыту бағдарламасының тиімді екеніне көз жеткізе отырып, семинардан күтілген нәтижеге жеттік. Қала мұғалімдері педагогикалық шеберліктерін дамытты,  жетілдірді, тәжірибе жинақтады. Семинар соңында мектеп директоры К.Т. Касымова келген қатысушыларға алғысын білдіріп,  мәжіліс залында семинарды қорытындылап, кері байланыс жүргізді. Семинарда өткізілген барлық  іс-шаралар жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*