Бейсембай Нұргүл Арысбекқызы
Астана қаласы
№74 “Дәурен” балабақшасы
тәрбиеші
Балабақша бақыт мекені
Мен неге балабақшаның тәрбиеші мамандығын таңдадым деп ойланамын. Өйткені әр адам өз өмірінің басшысы. Балабақша балалық шақтың ең тәтті кезеңдерінің өтетін орны болғандықтан да осы мамандық иесі болып, өз үлесімді қосқым келген шығар деп ойлаймын. Кішкене бүлдіршіндердің күлкісі әрбір жасаған қадамдары олардың болашаққа деген ұмтылысы деп есептеймін. Бүлдіршіндер үйлерінен балабақшаға келгенде екінші үйлеріне келгендей сезінуі үшін тәрбиеші көп жұмыс жасауы керек. Олар балабақшада тек қана тәрбие алмайды, олар жаңа ортадан жаңа достар табады. Тәрбиеші өз мейірімділігімен бүлдіршіндерді алғашқы күннен бастап баурай білуі керек. Мен таңертең балаларды қарсы алғанда олардың ата анасымен сөйлесе отырып олардың қандай көңіл күйде келгеніне назар аударамын. Көңілсіздеу келген балаға ойын өткенде көбірек назар аударуға тырысамын. Бүлдіршін балабақшадан ойын арқылы шығармашыл ізденісте болатын бала болып шығу керек. Баланың ой өрісін дамытатын ойындарды жиі ойнату керек деп ойлаймын. Ұлттық құндылықты баланың бойына сіңіру мақсатында ұлттық ойындарды көп пайдаланған оң нәтиже береді. Ән айтып,би билеп, сурет сала отырып бала өзінің шығармашылдық қабілеттерін ашадык. Біздің жұмысымыз асқан сабырлықты,шыдамдылықты, жылулықты қажет етеді. Өз үйінде ерке болып келген бала балабақшадағы ортақ тәртіпке бағынып, жеке тұлға болып қалыптасады. Қарапайым математикалық ұғым арқылы оларды айыра білу қабілетін дамытады. Баланың тілін өз ана тілінде дамыту керек деп ойлай отырып осы бағытта көп жұмыс жасадым. Балабақшадан бала алған тәрбиесі арқылы өзі жеке тұлға болып қалыптасуына осы факторлар әсер етеді. Балабақша бақыт мекені деп айтатыны да осыдан деп ойлаймын. Балабақша білім мен тәрбиенің ордасы десек, тәрбиеші сол балабақшаның жүрегі, олай ойлайтын себебім біздің қолымызда олардың тағдыры тұрады. Жас ұрпақтың дұрыс қалыптасуына ықпал ете білуіміз кере