Home » статьи » Сіреспе және оның алдын алу

Сіреспе және оның алдын алу

Қасымхан Алпысбайұлы

 

Сіреспе және оның алдын алу

Көптеген жылдар бойы сіреспе миллиондаған адамның өмірін қиды. Сіреспе бұл жара инфекциясы, оның қоздырғышы спора түзетін таяқша. Қоздырғыш жүйке жүйесіне әсер етеді және қаңқа бұлшықеттеріне тән құрысулар тудырады. Оның қоздырғышы — «Clostridium tetani» таяқшасы вегетативті және споралы түрінде болады. Сіреспе қоздырғышының вегетативті түрі төзімсіз және тез өледі. Споралары химиялық және физикалық факторлардың әсеріне және қайнатқанда 30 минутқа дейін төзімді, сыртқы ортада, топырақта бірнеше жыл сақталуы мүмкін.

Адам сіреспені зақымдалған тері мен шырышты қабаттар арқылы жұқтырады, бұл инфекцияның кіру қақпасы болып табылады. Бұл патоген адам ағзасына енгенде конвульсиялық синдромды тудыратын қауіпті экзотоксин түзіп, орталық және перифериялық жүйке жүйесіне әсер етеді.

Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы 1 күннен бірнеше аптаға дейін, орташа алғанда жарақат алғаннан кейін 3 күннен 15 күнге дейінгі аралықта аурудың белгілері көрінеді.

Сіреспе әдетте ауыр формада өтеді және өлімге әкеледі.

Ауруды болдырмаудың ең тиімді әдісі — жоспарлы вакцинация, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша терінің және шырышты қабықтың бұзылуы  бар әртүрлі жарақаттар алған адамдарға сіреспеге қарсы вакцина егу. Қазақстан Республикасында ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес балаларды, жасөспірімдерді және ересектерді жоспарлы вакцинациялау үшін құрамында сіреспе компоненті бар аралас вакциналар пайдаланылады. Сонымен қатар, сіреспенің шұғыл алдын алу үшін әртүрлі жарақаттары бар адамдарға АДС-М вакцинасы және сіреспеге қарсы сарысу қолданылады.

Сіреспенің шұғыл алдын-алу көрсеткішін медициналық көмек көрсететін дәрігер анықтайды, оларға:
— жарақаттар;
— терінің және шырышты қабаттардың бұзылуымен жаралар;
— екінші, үшінші және төртінші дәрежелі күйіктер мен үсу;
— ауруханадан тыс жерде түсік жасау және босану;
— гангрена немесе тіндердің некрозы;
— жануарлардың тістеуі;
— асқазан-ішек жолдарына енетін жаралар;
— оқ тию кезіндегі жарақаттар мен сынықтар жатады.

Әлемде сіреспе жұқтырған науқастарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жоқ. Сіреспе ауруының алдын алу дифтерияға қарсы вакцинациямен қатар жүргізілетін вакцинация арқылы ғана мүмкін болады. Науқасты сіреспеден құтқару жарақат алған кезде дереу медициналық көмекке жүгінген кезде ғана мүмкін болады, бұл кезде жәбірленушіге көрсеткіштер бойынша сіреспеге қарсы сарысу және тиісті вакцина дереу енгізіледі.

Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын барлық вакциналар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі — ДДҰ) мақұлдаған, қауіпсіз әрі тиімді.

Балаларына вакцинациядан бас тартатын ата-аналар оларды жұқпалы аурулармен соның ішінде сіреспе аурын жұқтыру қаупіне ұшыратады.

Ауруды емдегеннен гөрі алдын алған дұрыс!

 

Столбняк и его профилактика

На протяжении многих столетий столбняк уносил миллионы жизни. Столбняк это раневая инфекция, возбудителем которой является спорообразующая палочка. Возбудитель поражает нервную систему и вызывает характерные судороги скелетных мышц. Его возбудитель — палочка «Clostridium tetanі» существует в вегетативной и споровой формах. Вегететативная форма возбудителя столбняка мало устойчива и быстро погибает. Споры очень устойчивы к воздействию химических и физичских факторов, выдерживают кипячение в течении 30 минут, могут сохраняться во внешней среде, в почве в течении нескольких лет.

Человек заражается столбняком через поврежденные кожные покровы и слизистые оболочки, который является входными воротами инфекции. При попадании в тело человека этот патогенный микроорганизм образует опасный экзотоксин, поражающий центральную и периферическую нервную систему вызывающий судорожный синдром.

Продолжительность инкубационного периода от 1 дня до нескольких недель, в среднем наиболее часто признаки заболевания проявляются в сроки от 3 до 15 дней после получения травмы и ранения.

Столбняк протекает обычно в тяжелой форме и дает высокую летальность.

Оптимальным способом избежать заболевания является проведение плановой вакцинации, а также иммунизации по эпидемиологическим показаниям пострадавшим лицам с различными травмами при нарушении кожных покровов и слизистых. В Республике Казахстан для плановой вакцинации детского, подросткового и взрослого населения согласно Национального календаря прививок используется различные комбинированные вакцины содержащий столбнячный компонент. Вместе с тем, для экстренной профилактики столбняка лицам с различными травмами  применяются вакцина АДС-М и противостолбнячная сыворотка.

Показание для экстренной профилактики столбняка определяется врачем, оказывающий медицинскую помощь, к ним относится:
— травмы;
— ранения с нарушением кожных покровов и слизистых;
— обморожение и ожоги второй, третьей и четвертой степени;
— внебольничные аборты и роды;
— гангрена или некроз ткани;
— укусы животных;
— проникающие ранения желудочно-кишечного тракта;
— огнестрельные ранения и переломы.

Для лечения больных заразившихся столбняком в мире не существуют лекарств. Предотвратить заболевание столбняком можно только путем вакцинации, которая проводится параллельно с вакцинацией против дифтерии. Спасти больного от столбняка возможно только при немедленном обращении за медицинской помощью при травмах, когда пострадавшему будет немедленно введена по показаниям противостолбнячная сыворотка и соответствующая вакцина.

Все используемые вакцины на территории Республики Казахстан безопасны и эффективны, одобрены Всемирной организации здравоохранения (далее — ВОЗ).

Те кто отказываются от проведения прививок своим детям подвергают их опасности заражения инфекционными заболеваниями включая столбняк.

Болезнь лучше предупредить, чем ее лечить!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*