Home » статьи » Ыңғайлы мектеп формасын қалай таңдауға болады?

Ыңғайлы мектеп формасын қалай таңдауға болады?

Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Толқынбеков  М.М   
Алатау ауданының санитариялық-гигиеналық бақылау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің бас маманы Досетова  А.К.

Ыңғайлы мектеп формасын қалай таңдауға болады?

Мектеп формасын таңдау-оқу жылының басында ата-аналар мен балалардың алдында тұрған маңызды сәт. Күні бойы оқушының жайлылығы мен көңіл-күйі форманың қаншалықты ыңғайлы екеніне байланысты. Мектеп формасын таңдағанда назар аударатын негізгі критерийлерді қарастырайық.   — матаның сапасы басты рөл атқарады. Форма жайлылық пен төзімділікті қамтамассыз ететін табиғи немесе аралас матадан жасалған болуы керек.              — терінің тітіркенуін және дем алуға қиыншылық тудыратын синтетикалық маталардан аулақ болыңыз.
— киім қозғалысты шектемеуі керек. Балаңыздың қолдарын көтеріп, еркін отыратындығына көз жеткізіңіз.
Әсіресе бастауыш сынып оқушыларының қауіпсіздігіне назар аударыңыз.
— ұсақ  бөлшектердің болмауы: жұту қаупін болдырмау үшін түймелер, бекіткіштер мықтап бекітілуі керек.
— Шағылыстырғыш элементтер: түнде жолдағы қауіпсіздік үшін жарыққа шағылысатындай пішін элементтері болғаны жөн. Мектеп формасын таңдағанда, оның талаптарға сай ғана емес, сонымен қатар балаға ыңғайлы болуы керек екенін есте сақтаңыз.  Өлшемін дұрыс таңдау керек. Өте тар немесе тым кең киім қолайсыздық тудырады. Қимылдап еркін жүруіне мүмкіндік беретіндей болсын.
Ыңғайлы мектеп формасын таңдау- оқушының күнделікті өзін жақсы сезінуі мен сабаққа көңіл бөлуі үшін өте маңызды!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*