Home » Новости » Оюлар сыр шертеді

Оюлар сыр шертеді

Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
№53 бөбекжай-балабақшасында Біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында ата-аналардың қатысуымен
“Оюлар сыр шертеді” тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті.

Шара №53 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Айгерим Абызовнаның алғы сөзімен басталды.
—«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мақсаты ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын, адал, еңбекқор, ұлтын сүйетін жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Жас өргеннің болашаққа іргетасы балабақша қабырғасында қаланатынды. Абай атамызша айтқанда
әр тәрбиеленушінің “дүниеге бір кірпіш” болып қалануы үшін біз барымызды саламыз. — деді балабақша меңгершісі.

Бұл іс-шараға ересек “Жұлдыз” тобының тәрбиеленушілері мен ата-аналары, әжелері қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушылар: тәрбиеші — Имангалиева Жазира Сансызбаевна және қазақ тілі мұғалімі — Жақсыбаева Айгуль Амангельдиевна.
Іс-шара барысында әжелеріміз немерелеріне киіз үйдің ерекшелігі мен киіз үй жабдықтарын таныстырды. Тәрбиенің қайнар көзі — ата-әже тәрбиесі екені анық.
Аналарымыз бен тәрбиеленуші бүлдіршіндеріміз оюдың түрлерімен танысып, кесте тоқып, іс тігіп, қолөнер шеберліктерін дамытты.

Шара барысында аналар мен қыздары дәстүрлі қолөнер түрлерін бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын ұлттық құндылықтарды жаңғыртты. Балалар аналарының шеберлігін көріп, өздері де тігін мен кесте тоқудың алғашқы қадамдарын жасап көрді. Сонымен қатар, қолөнер жұмыстары тек әдемілік үшін ғана емес, шыдамдылықты, зейінділікті және ұқыптылықты дамытуға көмектесетіні айтылды.

Тәрбиеленуші жігіттер дәстүрлі “асық” ойынын ойнап, мергендіктерін сынады.
Асық ойыны – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Ол баланың көз мергендігін, қол икемділігін және есептеу қабілетін дамытады. Шара барысында балалар асық ату ережелерімен танысып, өзара сайысқа түсті.
Балабақша ұжымы мұндай ойындардың балалар үшін пайдалы екенін атап өтіп, болашақта ұлттық ойындарды тұрақты түрде өткізіп тұратындарын айтты. Ата-аналар мен көрермендер бұл шарадан үлкен әсер алып, қазақтың дәстүрлі ойындарын насихаттау маңызды екеніне тағы бір рет көз жеткізді.

Бұл ерекше күн ата-аналар мен тәрбиеленушілерге ұмытылмас әсер қалдырып, балабақша мен ата-ана арасындағы байланысты одан әрі нығайта түсері сөзсіз.

Шара ата-аналардың №53 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі мен ұжымына, топ тәрбиешісі Имангалиева Жазира Сансызбаевнаға алғыс айтуымен аяқталды.

— Сіздердің балаларға беріп жатқан тәрбие-білімдеріңіз, мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздердің жан жылуларыңыз бен қамқорлықтарыңыз әрбір балақайдың жүрегіне қуаныш ұялатып, олардың бақытты балалық шақ кешуіне зор үлес қосуда. Балаларымызға сүйіспеншілікпен қарап, оларды үлкен өмірге дайындап жатқан еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын! Сіздерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз! — деді ата-аналар.

Еліміз тыныш, балаларымыз бақытты, балабақшаларымыз жайлы болсын!

BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Ақерке Аманқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*