Home » Новости » «Йохокуб» арқылы балаларды дамыту

«Йохокуб» арқылы балаларды дамыту

Алматы қаласы білім басқарамасына қарасты «№ 116 бөбекжай-балабақшасында» Құзіреттік орталықтың жоспарына сәйкес STEAM технологиясы эко-конструктор «Йохокуб» арқылы балаларды танымдық қалыптастыру мақсатында қалалық семинар өтті.

Семинарға қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталық басшысы Наталья Викторовна қатысып пікір білдірді.
Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары мен әдіскерлері қатысты. Семинар шымылдығын аталған балабақша меңгерушісі Туленбекова Мархаба Кенжегалиевна ашып, одан әрі «Өзін тану және өзін өзі құрметтеу» деп аталатын психологиялық тренингпен жалғасты.
— Біздің мақсатымыз — заманауи балалардың инновациялық ойлау мен дағдыларын дамытуда білім беріп, үйренуге қызығушылықтарын арттыратын STEAM технологиясын жасау болып табылады. Олай болса бүгінгі тәжірибелік алаңға қош келдіңіздер, — деді меңгеруші өз сөзінде.
           
STEAM қазіргі замандағы білім беру жүйесіндегі жаңа технология, ерекше маңызға ие. Әртүрлі ғылымдардың, атап айтсақ, математика, инженерлік, жаратылыстану, өнер, дизайн, инновациялық дамудағы рөлі ерекше. Бұл туралы балабақша әдіскері Назкоңыр Догдырбековна түсіндіріп айтты.
Жиналған қонақтар балабақшаны аралап, экскурсия жасай отырып, жасақталған үш топтың жұмысымен танысты. «Жұлдыз» тобының тәрбиешісі Исатаева Әлия «Йохокуб» әлеміне саяхат” тақырыбын тарқатса,
мектепалды «Бәйтерек» тобы тәрбиешісі Цыганкова Альевтина Анатольевна «Әріптер қалашығы» деген тақырыпты қамтыды, «Самал» тобы тәрбиешісі Ошыбаевна Гүлнар Жанузаковна “Қатпарлы қағаз Йохокуб елінде” тақырыбын тарқатты. Топтардың бүгінгі тақырыпқа сай жұмыстары көпшілік назарына ұсынылып, жоғары деген баға берілді.
Топ-топқа бөлініп жұмыстарын жасап жатқан балалар тақырыпты толық меңгеріп алған, еш зиянсыз қағаздың қыр-сырын біліп ойларындағы дүниелерді жасап шықты. Балабақшадағы Йохокуб текшелерін қолдану бойынша шеберлік сыныбын тәрбиеші педагог зерттеуші Сумисинова Айгул Абдиловна жүргізді.
Семинарға қатысушы қонақтар да балалардың жасағандарын көріп, өздері де кірісіп кетті. Жан-жақты ұйымшылдықпен кубиктардан бірнеше бұйымдар құрастырды.

Семинар соңы «Менің көңіл күйім» атты кері байланыс әрекетімен жалғасты. Қатысқандар тәжірибе алмасып қана қоймай, тақырыпқа қатысты сұрақтарына толыққанды жауаптар ала алды. Олар келешекте жаңа әдісті өз тәжірибелерінде қолданатынын айтып, риза болып тарқасты.

Жұлдыз Смаилова
Білім айнасы
Алматы қаласы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*