Home » Новости » «Шексіз талант» шығармашылық фестивалінде №184 бөбекжай-балабақшасының үлкен жетістігі

«Шексіз талант» шығармашылық фестивалінде №184 бөбекжай-балабақшасының үлкен жетістігі

Алматы қаласы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Шексіз талант» VII қалалық шығармашылық фестивалінің аудандық кезеңі өз мәресіне жетті. Аталған фестиваль – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған, басты мақсаты – патриоттық рухты көтеру, сондай-ақ педагогтер арасында шығармашылық пен өнерге деген қызығушылықты арттыру.

Бұл өнер мерекесінде №184 бөбекжай-балабақшасының педагогтері белсене қатысып, зор жетістікке жетті. Балабақша ұжымы «Үздік презентация» және «Аспаптық музыка» номинациялары бойынша жеңімпаз атанып, қалалық кезеңге жолдама алды. Бұл – ұжымның тынымсыз еңбегі мен бірлігінің айғағы. «Аспаптық музыка» номинациясына қатысушыларға келер болсақ, әдіскер — Кафарова Мереке Суимбайқызы, музыка жетекшісі — Ғазиз Меруерт Мухамедқызы, тәрбиешілер —

Асимова Ақтоты Ануарбековна,
Иманкулова Айзат Байкелдіқызы,
Макашова Аиза Талғатқызы,
Жусипбекова Балнұр Амировна,
Жүздібаева Айгүл Балтабайқызы,
Турлина Ұлжалғас,
Қилыбаева Жансұлу Кыдырбековна.

Атап айтқанда, «Үздік презентация» номинациясы бойынша біздің балабақшамыздың тәрбиешісі, өз ісінің шебері – Дощанова Шынар Толегеновна бас жүлдені жеңіп алды. Шынар Төлегенқызының шығармашыл еңбегі, жан-жақтылығы мен педагогикалық шеберлігі әділ қазылар тарапынан жоғары бағаланды.

Фестивальға дайындық кезеңінде ұжымымыз үлкен ынтамен жұмыс істеді. Педагогтер өзара тәжірибе алмасып, жаңашыл идеяларымен бөлісті. Әсіресе, патриоттық бағыттағы музыкалық нөмірлер, ұлттық аспаптармен орындалған шығармалар мен көркем тұсаукесерлер үлкен әсер қалдырды. Әрбір қатысушы өзінің ішкі әлеуетін аша білді, бұл өз кезегінде ұжымымыздың рухын көтеріп, шығармашылық серпін берді.

«Шексіз талант» фестивалінің негізгі міндеттері – қаладағы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы педагогтердің шығармашылық белсенділігін арттыру, кәсіби және жеке дамуын ынталандыру, олардың көркемдік және мәдени құндылықтарды мойындауын қамтамасыз ету, сондай-ақ өзара тәжірибе алмасуды дамыту. Бұл бағытта біздің балабақша ұжымы өз миссиясын абыроймен орындап шықты.

Алда – қалалық кезең. Біз бұл сынға да жауапкершілікпен қарап, жоғары деңгейде өнер көрсетуді мақсат етеміз.

Осы жетістігіміз – ұжымдық ауызбіршіліктің, шығармашылық ізденістің және ең бастысы, кәсіби махаббаттың жемісі. Осындай шаралар арқылы педагогтер өз әлеуетін жүзеге асырып, болашақ ұрпақ тәрбиесінде жаңа қырынан таныла беретініне сенімдіміз!

Кафарова Мереке Суимбайкызы
Алматы қаласы
КМҚК “№184 бөбекжай-балабақша
әдіскері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*